Корзина пуста

Шиналардағы қысым


Қазақша | Русский

 

 

Измерение давления в шинах

 

Назар аударыңыз! Шиналардағы ішкі ауа қысымы әрқашан шинаның суық күйінде өлшенуі тиіс.

 

Температура шиналардағы ішкі қысымға айтарлықтай ықпал етеді. Жылы гараж жайындағы температура сыртқы температурамен салыстырғанда 30˚C-қа жоғары болуы мүмкін. Егер шинадағы қысымды жайда өлшейтін болса, ол көше температурасы үшін өте төмен болады.
Үлгі: Гараждағы температура +20˚C, ал көшедегі температура – -10˚C. Егер шиналардағы қысым гаражда реттелетін болса, ол сыртта пайдалану үшін шиналардың ішкі қысымының дұрыс деңгейіне кепілдік етуі үшін ұсынылатын мәннен 30 кПа-ға (0,3 Бар) жоғары болуы тиіс.

Температураның жеңіл автомобиль шиналарының қысымына әсері әр 10˚C-қа шамамен 10 кПа-ны (0,1 Бар) құрайды.

Сондай-ақ,  шиналар автомобильге протектордағы бағыт индикаторына сәйкес орнатылғандығына көз жеткізу қажет. Шина бүйіріндегі нұсқар айналудың ұсынылатын бағытын көрсетеді.
Шиналардың пайдаланылу мерзімін ұзарту үшін, әр 5 000 – 10 000 шақырым жүрген сайын шиналарды артқы және алдыңғы біліктерден бір біліктен екіншісіне ауыстырып отыру қажет. Соның нәтижесінде, шиналар бір мезгілде тозады.

Біз M+S таңбалы шиналарды біртіндеп жүргізіп-тексеруді ұсынамыз. Тікенекті шиналарды жүргізіп-тексеру кезеңінде (алғашқы 500 шақырымда), жылдамдық алған және тежеу кезінде шұғыл әрекетке жол бермеу қажет. Бірқалыпты тежеу тікенектердің төзімділігін ұлғайтады: тікенектер шиналарға берік әрі сенімді бекітіледі және түсіп қалмайды.

 

 
Дата создания: 27.03.2015Источник: Nokian Tyres
 


← Вернуться к списку статей
 

Оставить отзыв

ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.