Корзина пуста

Шина жөндеу. Матти моридің сақтануы


Қазақша | Русский

 

 

Матти Морри (MattiMori): «Түптеп келгенде бүйір жағын жөндеу мүмкін емес (төменгі суреттегі төменгі түсірілім)». Сондай-ақ  Мори мырза дөңгелектің иін жағының бұзылған жерін жөндеуді ұсынбайды (жоғарыдағы сурет).

 

 

 

 

Негізі, «дөңгелектерді жөндеу» деген сөз тіркесін естігенде, ол әрдайым бетін наразылықпен тыржитады, өйткені дөңгелектер ол үшін қасиетті жануар сияқты болып көрінеді. Әріптестерінің біреуі одан Финляндияның жеңіл дөңгелектер нарығында жаңа дөңгелектер мен қалпына келтірілген дөңгелектер арасындағы қатынастың қандай екенін қызыға сұраған кезде, ол Nokian компаниясы дөңгелектерді қалпына келтірумен айналыспайды, бірақ шамамен алғандағы статистикасы оған белгілі дегеннен бастады: 8 миллион жаңа дөңгелектердің 100 мыңы қалпына келтірілгендердің үлесіне келе ме екен. Және бірден қалпына келтірілген дөңгелектерді пайдалануды қолдамайтынын айтып қосты. Бұдан әрі дөңгелектерді жөндеуге қатысты Мори мырзаның кеңесіне құлақ қойды.

 

1. Шұңқыр, соққы, дөңгелектерді қарау кезінде біз оның бүйір жағынан «жарық» деп аталатын қампаюды көреміз. Артық дөңгелекті алып шығамыз ба? Немесе қозғалысты жалғастыра береміз бе? Кейбіреулер жаз бойы «жарықпен» жүріп өттім деп мақтанады, ал қазір бұл дөңгелекті артық дөңгелек ретінде пайдаланады,-дейді Мори мырза. –Бүйір жағында қампаю кордтың зақымдалғанын білдіреді, яғни дөңгелектердің күш құрылымы. Бұл дөңгелектердің кез келген уақытта атылып кететінін білдіреді».

 

2. «Бүйір жағындағы тілік» — мұндай жазуды дөңгелекті жөндеу пунктерінен жиі кездестіруге болады. Және бүйір жағының кішкене жанама тілігі ойдағыдай «емделеді» деген тұрақты пікір қалыптасқан. «Бүйір жағын жөндеу»  түптеп келгенде мүмкін емес, — дейді Мори мырза — дөңгелектік жанама тілігінде «жарықтың» жағдайы сияқты кордтың тұтастығы зақымдалады, және ешқандай жасанды тілік орнына бүйірдің қажетті қаттылығын қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар дөңгелектің осы бөлігінің  жоғары  термиялық күш-салмағы бар.

 

3. Жанр классикасы: жолда «ұсталған» шеге немесе өзі бұралатын шеге. Егер дөңгелек «босамаса», шегені жұлмай жақын маңдағы дөңгелек жөндейтін орынға баруға болады, сол жерде жөндеу жүргізіп, бұдан кейін асықпай зақымдалған дөңгелекті пайдалануға болады деген теория бар. «Дөңгелектің осы бөлігін ғана жөндеуге болады, —  Мори мырза протектордың орталық бөлігін ашық тастап, дөңгелектің иін жағын қолмен жабады. – қарапайым түсінік . Бұл жерде тағы да дөңгелектің құрылысын еске түсіру керек. Кордтың металл жіптері таттануға қарсы материалдармен өңделген, иін маңында тұрып қалған қандай да бір зат жабынға зақым келтіреді. Ал ішіне кірген ылғал таттанудың үрдісіне жол береді. Осылайша, уақыт өте келе  бүйір жағының күш құрылымы бұзылады».


Сол баяғы «уақыт бойына» келесі сұраққа да қатысты: дөңгелектердің өміршеңдік кезеңі қандай? Сұрақтың  қойылуы жалпылама екендігі түсінікті, себебі бұл көбінесе дөңгелектің пайдалану жағдайларына байланысты. Әлбетте, жазғы дөңгелектерге арналған протектордың тереңдігі 1,6 мм-ден аспау керек, ал қысқы дөңгелектерге – 4 мм. Сонымен дөңгелек қанша «тіршілік етеді»? «ең  ұзағы алты жыл пайдалануда және он жыл сақталуда – деп Мори мырза ойланбастан жауап береді. – Соңғысы дөңгелектер салқын бөлмеде тікелей күн сәулесі түспейтін және агрессорлы сұйықтықтармен қатынаспаған жағдайда».

 
Дата создания: 26.08.2014Автор: Станислав ШустицкийИсточник: 5колесо
 


← Вернуться к списку статей
 

Оставить отзыв

ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.

 
ВотЭтоШины