Корзина пуста

Жанармайды үнемдеу: ACE неміс автоклубының кеңестері


Қазақша | Русский

 

 

Жанармай бағасы жыл өткен сайын шарықтауда. Және де жанармайды барынша аз шығындап, үнеммен жүре алудың құны артып барады. Дей тұрғанмен, үнемді жүргізу — бұл газ басқышынан аяқты уақытында ала қою ғана емес, бұл сонымен қатар автокөлікті дұрыс даярлау. АСЕ неміс автоклубы автокөлікке қызмет көрсету бойынша сіздің жанармайды үнемдеуіңізге көмектесетін нұсқаулықтар тізімін жинады.

 

 

Салмақты азайтыңыз

  1. Жүксалғышты тұрақты тексеріп отыру ғажайыпқа әкеледі: автокөлік салмағын бар-жоғы жиырма келіге азайту жанармай шығынан әрбір 10 км-ге 0,2 литрге төмендетеді.
    Егер автоңыздың төбесінде велосипедтер, шаңғылар және басқа да спорттық жарақтарға арналған бекіткіш немесе қосымша жүксалғыш орнатылған болса, оларды қажет болмаған жағдайда алып тастап отырыңыз.
 
 

Май және ауа сүзгіші

  1. Ластанған ауа және май сүзгілерін үнемі ауыстырып отырңыз. Бұл қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін көтереді.
  2. Тығыздалып қалған ауа сүзгіші жанармай шығынан айтарлықтай арттыруы мүмкін, оны үнемі тексеріп отырған дұрыс.
  3. Үйкеліс коэффициенті төмен мотор майларын таңдаңыз, олар да жүргізу үнемділігін көтереді. Пайдалану күш салуына қарай жанармай шығыны 2-6% төмендеуі мүмкін.
  4. ACE мамандары мотор майларына қосамша үстемелерді құптамайды, себебі олардың жанармайды үнемдеуге шынымен көмектесеріне дәлелдеме жоқ.
 

Шиналардағы қысым

  1. Шиналардағы қысымның жеткіліксіздігі жанармай шығынын айтарлықтай арттыруы мүмкін. Қысымның бар-жоғы 0,5 бар түсуі энергия шығынын 5 пайызға көтереді. 
  2. Қысымды үнемі тексеріп отырыңыз, мұны әрбір құю кезінде тексеріп отырған дұрыс (немесе әрбір екінші ретте).
  3. Тым төмен қысым жанармай шығынын ұлғайтып қана қоймай, басқарылуға да жығмсыз әсерін тигізеді, сондай-ақ автокөліктің тежелу жолын ұзартады.
  4. Теңселуге төмен ілінісетін шиналарды таңдаңыз.

 

 

Және де:

  1. Автоклуб мамандары қысқа ғана аялдау кезінің өзінде де қозғалтқышты сөндіріп қоюды ұсынады — мысалы, кептелісте тұрғанда немесе бағдаршамға тоқтағанда. Ал орыннан қозғалғанда газды қатты  баспау керек.
  2. Үнемі барынша жоғары берілісте жүріңіз: бірінші берілісті орыннан қозғалу үшін ғана қолданыңыз, 25 км/с жылдамдықта үшінші беріліске қосылыңыз, ал 50 км/с — бесіншіге.
  3. Газ басқышына шамамен 2/3 баса отырып, қуатты түрде жылдамдық алыңыз, сосын «накатпен» жүруді жалғастырыңыз.
  4. Артық тежеуді болдырмас үшін, газдан аяқты уақытында алып, аялдауды болжап отырыңыз.
  5. Ақырын, біркелкі жүргізу ырғағын ұстап тұруға тырысыңыз.
  6. Көлік құралын толық жүктеуде ұсынылған шиналардағы қысымды арттырыңыз. Қысымды үнемі тексеріп отырыңыз және шиналарды үрлеп отырыңыз.
  7. Төбедегі жүксалғыш қолданылмағанда — оны алып тастаңыз.
  8. Автокөлік тексерісі мен жоспарлы техникалық қызмет көрсетілуін тұрақты түрде жүргізіп отырыңыз, от алу және бос жүріс жүйесіне ерекше назар аударыңыз.
  9. Автокөлікті қажетсіз қолданбауға тырысыңыз, мүмкін болса, қоғамдық көлікті қолданыңыз. Қысқа қашықтыққа жаяу жеткен дұрыс немесе велосипедпен.
  10. Жүру бағытын мұқият таңдаңыз, кептелістен жалтаруға тырысыңыз.

 

 

 

 
Дата создания: 19.06.2014Источник: Шина.ru
 


← Вернуться к списку статей
 

Оставить отзыв

ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.

 
СКИДКИ — Ко Дню Первого Президента!
ВотЭтоШины