RU
Казахстан
Казах...
0

Mickey Thompson Baja ATZ P3


Қазақша | Русский

 
 
  Mickey Thompson (АҚШ) компаниясының  Baja ATZ P3  жолсыз жерлермен жүруге арналған жаңа шиналары әлемдегі әртүрлі елдерде сатылымға шыға бастады. 2012 жылғы SEMA шоуында Baja ATZ P3 жолсыз жерлермен жүретін дөңгелектін ең үздік тысы болып мойындалды, сондықтан нарықтағы көптен күткен  көрсетілім болды. Mickey Thompson өкілдері, Baja ATZ P3 жетістігінің негізінде әрлендіру және технологияның бірегей үйлесімі жатыр деп біледі. Mickey Thompson Baja ATZ P3 шиналарының негізгі артықшылығы жолсыз жерлермен саяхаттаған кезде жайлылықтың жоғарғы деңгейінің кепілі жолсыз жерлердегі жақсы тартылыс күші, асқан сенімділік және төмендетілген шу деңгейі болып табылады.

 

Күрделі жолсыз жерлермен жүру шартында пайдалану кезінде шиналардың жоғарғы сенімділігін қамтамасыз ету үшін оларды өндіру кезінде жыртылулармен және кесілулерге төзімді қасиеті бар жаңа резина қосындысы пайдаланылды. Бір мезетте қосымша қорғанысты және жоғарғы өткіштікті доңғалақ тысының бүйіріндегі терең топырақ ілігетін жер қамтамасыз етеді. Сондай-ақ шинаның бүйірі үшқабатты PowerPly құрастырылымы бар, ол оны одан әрі сенімдірек етеді. Жаңа Baja ATZp3 жыралардың үздіксіздігі есебінен өздігінен тазаланады. Қорғаушыдағы мұндай сурет доңғалақ тысының қызмет ету мерзімін ұзартады және тозуын азайтады. Соған қарамастан шиналар өте көрнекті және сәнді көрінеді.

 

Mickey Thompson өкілдерінің айтуы бойынша Baja ATZP3 шиналары заманауи жолсызбен жүретін көліктерге арналған барлық жерде жүретін шиналар ретінде әзірленген. Mickey Thompson Baja ATZp3 шиналары диаметрі 15 бастап 20 дюймге дейінгі көпшілікке танымал бірнеше типтік өлшемдерде ұсынылды (өндіруші барлығы шиналардың 20 дейін өлшемдерін сатылымға жіберуді жоспарлауда). Сонымен қоса сыртқы диаметрі 33, 35 және 37 дюйм болатын нұсқалары да ұсынылған. «Бұл жолсызбен жүруге арналған шиналардың бірден-бір үздігі», - деп айтты Ken Warner, сату және маркетинг жөніндегі Mickey Thompson вице-президенті. Және бұған сену өте оңай.

 

 

Baja ATZP3 шиналарының артықшылығы

 

   

 

Отзывы

Отзывы
Оставить отзыв о сайте ВКонтакте Facebook

ФИО *:

Город *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки *:


Списибо, Ваш отзыв был отправлен.