Корзина пуста

Техникалық ақпарат


Қазақша | Русский

 

 

Мысалы:

Жеңіл автокөлікке арналған шина: 195/65 R 15 91Н ENERGY XH 1 Tl

 

 

  1. Коммерциялық таңбалануы: ENERGY - Шина гаммасының атауы.

  2. Техникалық маркалануы:

  • 195 Шинаның қырын пішінінің ені мм (S=195 мм)

  • 65  Шина сериясы (қырын пішін биіктігінің оның еніне қатынасы Н/S = 0.65)

  • R Шинаның радиалдық құрастырылымы

  • 15 Шинаның қонатын диаметрі (шеңбердің) дюйммен: 15

  • 91 Жүктеме индексі (91 = 615 кг)

  • H Жылдамдық индексі (Н = 210 км/сағ)

  • XHI Шина үлгісі

  • TL Камерасыз шина (tube less)

  • X  тіркелген сауда маркасы

  • (F2) Коммерциялық автоколіктің шағын автобустарына арналған омологациялық еуропалық сертификаттың болуы

  • [F2] 92/23/ЕЭК директивіне сәйкестігі туралы омологация сертификаттың болуы 

 

Шағын автобустар және коммерциялық автокөліктерге арналған шинаны таңбалау мысалы: 195/70R15C. Бұл жағдайдағы "C" әрпі шинаның шағын автобустар және коммерциялық автокөліктер үшін арналғанын  көрсетеді.
 

Жүктеу және жылдамдық индексі 

Шиналардың көбінде тұтынымдық сипаттамасы көрсетілген, мысалы, жүктеу (сан) және жылдамдық (әріп) индексі. Төменде сәйкес мәндері көрсетілген жүктеу және жылдамдық индексінің кестесі берілген.

 

Индекс нагрузки

 

Индекс скорости


 

Жеңіл автокөлікке арналған шекті жүктеу мәні

Жеңіл көлік шиналарының барлығына арналған шекті жүктеу бір ғана көрсеткіші бар, ол ішкі қысым мәніне сәйкес келтірілетін шинаға түсірілетін шекті жүктеу деп аталады. Жылдамдық индексі Q, R, S, T және H болатын шиналар үшін қозғалыстың жоғарғы жылдамдығы кезінде шинаға түсетін салмаққа тең жоғарғы жүктеу салмағы болмақ.

 

Ескертпе:

  • VR санаттағы шинаға арналған, жылдамдығы 210 км/сағ жоғары қозғалыс үшін арналған, жоғарғы жүктеу 210 км/сағ жылдамдығына арнап келтіріледі
  • ZR санаттағы шинаға арналған, жылдамдығы  240 км/ сағ жоғары қозғалыс үшін арналған, жоғарғы жүктеу  240 км/сағ жылдамдығына арнап келтіріледі
  • индексі V болатын шиналар үшін  240 км/сағ жоғарғы жылдамдығында 210 км/сағ бастап 240 км/сағ дейін әрбір 10 км/сағ жүктеуді 3% азайту қажет 
  • жылдамдық индексі W болатын шиналар үшін (ZR таңбасымен және ол таңбасыз) және жоғарғы жылдамдығы 270 км/сағ 240 км/сағ  бастап 270 км/сағ дейін әрбір 10 км/сағ жүктеуді 5% азайту қажет
  • жылдамдық индексіY болатын шиналар үшін (ZR таңбасымен және ол таңбасыз) және  жоғарғы жылдамдығы 300 км/сағ 270 км/сағ бастап 300 км/сағ дейін әрбір 10 км/сағ жүктеуді 5% азайту қажет 

 

 

Шиналардың жүктеу және жылдамдық индекстері

Шиналардың басым бөлігінде жүктеу (сан) және жылдамдық (әріп) индексі сияқты тұтынымдық сипаттамасы көрсетілген. Мысалға (шағын автобустар және коммерциялық автокөліктерге арналған шиналар) 106/104R келесіні білдіреді, дара шинаны орнатқан кездегі қозғалыстың 170 км/сағ жоғарғы жылдамдығында 950 кг салмақтағы жүктемені және 900 кг салмақты қос шинаны орнатқан кезде көтере алады. Алғаш құрастырылған кезде орнатылған шиналар автокөліктің жоғарғы жүктемесіне арналған. Ауыстыру кезінде орнатылатын шиналардың техникалық талаптарға және заң нормаларына сәйкес келетініне сенімді болу үшін мамандарға жүгініңіз. Ал "M+S" қысқа арналған шиналарға келетін болсақ, олардың жылдамдық индексі алғаш орнатылған кездегі шиналармен салыстырғанда төмен болуы мүмкін, олай болған жағдайда қозғалыс жылдамдығы аталған көрсеткішке сәйкес болуы керек.

 

 

 
Дата создания: 05.09.2011
 


← Вернуться к списку статей
 

Оставить отзыв

ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.