Корзина пуста

Жеңіл автокөліктерге арналған шиналарды пайдалану жөніндегі нұсқаулық


Қазақша | Русский

 

Шиналар автокөлік және жолдар арасындағы жалғыз байланыстырушы буын болып табылады. Кез-келген жол шарттарында қауіпсіздік аудан бойынша салыстырмалы үлкен емес байланыс дағына тәуелді. Осылайша, шиналарды жақсы күйде ұстап және оларды ауыстыру кезінде тиісті қондырғыны қолдану өте маңызды.

Сіздің автокөлігіңіздегі бастапқы жинақтама жағдайында шиналардың көлемі пайдаланудың барлық аспектілерін ескере отырып автокөліктер құрастырушылары және өндірушілермен айқындалады. Оларды ауыстыру кезінде маманмен алдын-ала кеңеспестен өлшемдерді, типін, жүктеу және жылдамдық индекстерін өзгертудің қажеті жоқ. Шиналар өндірушісі оның затбелгісіне ие шиналар құрастырылымына үшінші тұлғалармен енгізілген қандай да бір өзгерістер үшін ешқандай жауапкершілікке ие емес.

 

 

Шиналарды монтаждау және демонтаждау

Бұл операцияларды тиісті қондырғыларын қолдана отырып, тек кәсіби мамандар жүргізуі тиіс. Дұрыс емес монтаждау жазатайым жағдайдың немесе шиналардың, камераның және жиектеменің бүлінуіне алып келуі мүмкін.

 

 

Ішкі қысым

Шиналардың ішкі қысымы бойынша нормаларды қадағалау қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін айқындаушы мәнге ие. Ішкі қысымның жеткіліксіз деңгейі шиналардың қызып кетуіне алып келеді. Конструктор немесе өндірушімен ұсынылған нормалардан төмен ішкі қысымы бар шиналар орнатылған автокөлікті пайдалану шиналардың бүліну себебіне айналуы мүмкін. Бұл бүлінулерден қашу мүмкін емес: олар шиналардың бүлінуіне алып келіп, және қысымның шұғыл төмендеуіне алып келуі мүмкін.
 
Жеткіліксіз ішкі қысымның теріс салдарлары өзі туралы бірден хабардар етпейді және ішкі қысымды нормаға дейін қалыпқа келтірген соң кейбір уақыттан кейін пайда болуы мүмкін.  Әрбір 2 апта сайын ретті түрде артық дөңгелек туралы естен шығармастан, ішкі қысым деңгейін тексеру қажет. Бақылау «салқын» шинада жүргізілуі тиіс, себебі пайдалану кезіндегі қызу нәтижесінде ондағы ауа қысымы жоғарылайды. ЕШҚАШАН «ЫСТЫҚ» ШИНАДАҒАЫ ІШКІ ҚЫСЫМДЫ ТӨМЕНДЕТПЕҢІЗ. «Салқын» шинада өлшенген ішкі қысым автокөлік конструкторы немесе шиналар өндірушісімен ұсынылған нормаға үнемі сәйкес келуі тиіс (пайдаланудың ерекше шарттарын назарға ала отырып қабылдау қажет: тіркеменің бар екендігін). Абсолютті саңылаусыздықты және вентельді сақталуын қамтамасыз ету үшін вентель қақпақшасының тығыз ендірмесін қадағалау қажет.

 

 

Жүктеме және жылдамдық индекстерін ескере отырып таңдау

Шиналардың көпшілігінде жүктеме (саны) және жылдамдық (әріптері) жүктемелерінің индекстерінің типінің пайдаланушылық сипаттамалары көрсетілген. Мысалы (микроавтобустар және коммерциялық автокөліктерге арналған шиналар) 106/104R шина біртекті шиналарды монтаждау жағдайында 170 км/сағ қозғалыстың максималды жылдамдығында 950 кг жүктемені және қосарланған шиналарды монтаждау жағдайында 900 кг шыдай алатындығын білдіреді. Бастапқы жинақтамада орнатылған шиналар автокөліктің максималды жүктемесі үшін қарастырылған. Ауыстыру кезінде монтаждалатын шиналардың техникалық талаптар мен заңнамалық нормаларға сәйкес келетіндігіне сенімді болу үшін маман көмегіне жүгініңіз. "M+S" қысқы шиналарға келер болсақ, олардың жылдамдық индексі бастапқы жинақтама шиналарына қарағанда төмен болуы мүмкін, алайда бұл жағдайда қозғалыс жылдамдығы аталмыш көрсеткішке сәйкес келуі тиіс. Максималды жылдымдық 160 км/сағ немесе кем болатын автокөлікте өндірушімен қарастырылған жылдамдық индексі бар шиналар орнатылуы міндетті.

 

 

Шиналарды ауыстыру

Протектор суретінің тереңдігін ретті түрде тексеру қажет. Біздің шиналарымызда автокөлік иегері протектордың тозу деңгейі туралы пікір қалыптастыра алатын индикаторлар бар. Шиналарды ауыстыру кезінде жолдағы автокөліктің тәртібі көзқарас тұрғысынан, жаңа шиналарды монтаждау немесе артқы оське барынша кем тозғанды монтаждау ұсынылады. Егер бұрын қолданыста болған шиналар монтаждалса құзіретті маманның пікірін тыңдаған жөн. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа камералық шина үшін жаңа камераны және жаңа камерасыз шинаны монтаждау кезінде жаңа вентельді қолдану ұсынылады. Камерасыз шиналар жиектемесі камерасыз шиналар үшін арналған диксіде ғана монтаждау қажет.

 

 

Типі және өлшемі бойынша сәйкес келмейтін шиналарды монтаждау

Ерекше жағдайлар және артық дөңгелекті қолдану жағдайынан өзге бір оське монтаждалатын шиналар бір типті және өлшемді болуы тиіс. Егер алдыңғы оське радиалдық шиналар орнатылған болса, артқы оське диагнольды шиналарды монтаждау ұсынылмайды, ал кейбір елдерде бұған тыйым салынған. Шинаны дискке монтаждау

 

Біз, ережеге сай, DOT заттаңбасының (борт аумағында орналасу) дөңгелектің сыртқы жағында орналасындай етіп монтаждауға кеңес береміз. Келесі шиналардан өзге жағдайларда:

  • Айналудың алдын-ала айқындалған бағытымен бірге
  • Ақ бүйірлігімен
  • Бүйірлікте қорғаныс белдігімен бірге
     
Камерасыз шинаны монтаждау камерасыз шиналар үшін дискілермен жабдықталған автокөліктерде ғана рұқсат етіледі (хамппен, жалпақ хамппен бірге…)
 
Егер камерасыз шина үшін жиектемесі бар дискке монтаждау жүзеге асырылса (хамппен, жалпақ хамппен бірге...) камерамен бірге камерасыз шинаны монтаждау үзілді-кесілді ұсынылмайды. 
 
Егер шиналардың мұндай монтаждалуы не болса да орындалған болса, оның жүзеге асыру кезінде камераны камера және қақпа арасында қалатындай етіп, ауа кірісін жеңілдететіндей етіп өте баяу жүктеу қажет.
 
Камералық шинаға арналған жиектемеге камерасыз шина монтаждау  (80 және 70 сериялы) камерамен міндетті түрде жүзеге асырылады.
 
Камерасызға арналған дискке немесе камералық шиналарға арналған дискке камералық шинаны монтаждау тек камерамен бірге ғана жүзеге асырылады.
 
Жаңа шина үшін жаңа камераны қолданған жөн (микроавтобустар және коммерциялық автокөліктерге арналған шиналардағы SDC жиектемесі үшін жаңа жиектеме жолақты қолданған жөн).
 
Камерасыз шиналарды монтаждау кезінде дискіге сәйкес келетін вентельді қолдану қажет. Қақпақты әрбір ауыстыру кезінде жаңа вентельді монтаждау (немесе металл вентельдерді қолдану кезінде жаңа тығыздандырғыш төсеме).
 
Жеңіл шиналарды монтаждау кезінде борттың жақсы жатуын қамтамасыз ету үшін 3,5 бар дейін толтыру, осыдан кейін пайдалану үшін қажетті деңгейге дейін қысымды жеткізу қажет.
 

 

Ескертпе: REINF (reinforced): күшейтілген. 

Ескертпелер: 4х4 автокөліктердің басым көпшілігі үшін бастапқы жинақтамамен салыстырғанда сыртқы диаметрден 5%  шектеулерде (яғни 35-40 мм-ге) шиналар өлшемін өзгертуге рұқсат етіледі. Осыған қоса өлшем барлық төрт дөңгелектерде өзгертілуі тиіс. 

 

Келесілер қажет:

  • Қаланған өзгерістер ешбір қиындықтарды (габариттер, жүктеме, механика, заңнама) туғызбайтындығына көз жеткізіңіз
  • Дискінің диаметрі және енінің шинаның өлшемдеріне сәйкес келетіндігін тексеру
  • Қажетті ақпаратты табу
  • Автокөлік өндірушісінің ресми өкілдерімен кеңесу

 

 
Дата создания: 07.09.2011
 


← Вернуться к списку статей
 

Оставить отзыв

ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.

 
СКИДКИ — Ко Дню Первого Президента!