RU
Казахстан
Казах...
0

Егер сіздің машинаңыз боранда қалып қалса, не істеу керек


Что делать, если ваша машина попала в буран

 

Қыс сайын Қазақстанда қарлы борандар болып тұрады, көлік жүргізушілер мен олардың жолаушылары боран астында қалып жатады. Және әр боран сайын дейін құтқарушылар зардап шеккендерді қар құрсауынан шығарып алады. Бірақ, кейде адамдар көмек көрсеткенге дейін мерт болып кетеді. Бүгін біз құтқару қызметі келгенше шыдап, өмірді сақтап қалуға көмектесетін бірнеше кеңес береміз.
 
1. Бірінші және ең басты ереже: егер ауа райы қолайсыз болса, жолға шықпаңыз!
 
2. Егер жол жүріп бара жатқанда, боран басталып кетсе, ондатабиғи апат сіздің автомобиліңізді қозғалыссыз қалтырғанға дейін күтпеңіз. Оданда өзіңізідің тоқтағаныңыз абзал. Не үшін?  Ең бастысы, сіздің автомобильді желге қарсы -  дұрыс қоюға мүмкіндігіңіз бар! Бұл жағдайда сіз иіс тиіп қалудан қорықпастан қозғалтқышты  жиі-жиі іске қоса аласыз. Есте сақтаңыз: салонға автомобильдің желдету жүйесі арқылы түсетін пайдаланылған газдар, ең сұрапыл аяздан жылдамырақ  және байқатпай өлтіреді!
 
3. Машинаның үстін жабыңыз. Егер  тент үлкен болмаса, тым болмаса  радиатордың торын жабыңыз. Осылайша, сіз капот астына қардың толып қалуына жол бермейсіз. Егер тент үлкен болса, машинаны толығымен жабыңыз. Бұл жағдайда, бір жағын, дұрысы көлік жүргізуші отыратын есік жақтан кере тартып, ол желге төтеп бере алатындай етіп, мықтылап бекітіңіз. Осылайша сіз, машинаның қасында аздаған өмірлік кеңістік аласыз және қосымша жылылықты сақтайсыз. Салон жылуды терезелердің әйнектері арқылы жоғалтатындығы белгілі. Оларды жаба отырып, сіз машинадағы жылуды ұзағырақ сақтай аласыз.
 
4. Омбы қарды құлату үшін машинаның есіктерін жиі-жиі ашып тұрыңыз. Уақыт өткен сайын  машинадан шығып, газ шығатын құбыр жанындағы қарды тазалаңыз. Мұны пайдаланылған газдар машинаның астына емес, жанына кету үшін жасау қажет. Егер қарды тазаламаса, нақты  иіс тию қаупі туындайды.
 
5. Қозғалтқышты үнемі іске қосылып тұрған қалыпта ұстап тұрудың қажеті жоқ. Салонда минималды қолайлы температураны ұстап  тұру  жеткілікті. Бүл үшін моторды әр сағат сайын 15 минутқа іске қосу қажет. Нақты машинада жылудың сақталуы үшін сіз өзіңізбен бірге отын құйылған қосымша канистраны алуыңыз қажет. Бос жүрістегі  заманауи қозғалтқыш шамамен сағатына 1.5 л тұтынады. Осылайша, 20 л шамамен 12-13 жұмыс сағатына жетеді, мотор әр сағат сайын 15 минуттан жүмыс істейтіндігін ескере отырып, сіз 50 сағатқа жуық уақыт аласыз, ол уақыт ішінде қозғалтқыш салонды жылытып тұрады.
 
6. Жылы киініңіз. Ұйықтайтын қапта немесе көрпе астында ұйықтаңыз.  Бірақ есіңізде болсын: ешқашан қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде ұйықтамаңыз!
 
7. Жылыну үшін ыстық сусындар ішіңіз —  бұл үшін өзіңізбен бірге жолға шәй, кофе,какао алуыңыз керек. Қайнаған суды қайдан аласыз? Шәйнектегі суды  плиткаға қайнатыңыз, оны да багажникке салып қою қажет. 
 
8. Боран сирек бір тәуліктен артық уақытқа созылады. Оның ұзақтығы көбінесе  10-20 сағатты құрайды. Бұл уақыт ішінде машинаны тастап кетпеңіз, оны жиі-жиі жылытып отырыңыз. Егер сіз жұмыс істеп тұрған ұялы байланыс аймағында тұрып қалсаңыз, навигатордың көмегімен өзіңіздің осы кездегі координаттарыңызды анықтаңыз және оны туған-туыстарыңызға немесе құтқарушылар сізді қай жерден іздеу керектігін білу үшін 112 телефоны арқылы  құтқару қызметіне хабарлаңыз.
 
9. Көмек іздеп бір жерге кетіп қалмаңыз! Оның үстіне егер қажеттілік бойынша шығу қажет болса да, алдын-ала өзіңізді ұзын арқанмен машинаға байлап қойыңыз. Адамдар боран кезінде  машинадан бір-екі метрге алшақ кете отырып, қардың жылтылынан лезде бағытынын айрылып,  үрейі қашып, ары-бері сандалып, мертболған жағдайлар көптеп кездеседі. Бұдан басқа, Қазақстанда, далада да, тауларда да қасқырдың көп кездесетіндігін ұмытпаңыздар, олар үшін щаршап-шалдыққан жалғыз-жарым жолаушы тағдырдың сыйы болуы мүмкін. Машинада отырып, құтқарушыларды күтіңіз!
 
10. Мезгіл-мезгіл орныңыздан қозғалуға талпыныңыз, бірақ жанкештілікке бармаңыз. Боран астында қалған машинаның ешқайда бара алмайтындығы анық,  есесіне тайғанақтап, тұрып қалған  дөңгелектер қар мен мұздан босайды. Боран дөңгелектерді ,  тіпті толығымен қар құрсауынан босаған деңгелектерді де ерігенше өздігінен жүре алмайтындай етіп бітеп,  қатырып тастай алады.
 
11. Боран біткен кезде, автомобильді босатуға кірісіңіз. Құтқарушыларды күтпеңіз, өз бетіңізше жұмыс істеуді бастаңыз. Енді сіз қай жерде және қалай тұрып қалғандығыңызға байланысты,  күрек, қол ара, балта сіздің көмекшілеріңізге айналуы тиіс. Бірден автомобильді қазуды бастаңыз. Бірінші кезекте машинаның астындағы қарды алып тастаңыз, тек содан кейін ғана дөңгелектерді босатуға кірісіңіз. Егер керісінше жасасаңыз, автомобиль шұңқырға тұрып қалады да, содан кейін оны босату недәуір қиын болады.
 
12. Ауа  райы жақсарған кезде отты тұтандыруға талпыну қажет. Тіпті  қыста да далада от жағу үшін отын табуға болады. Ағаштар болмаған жағдайда құрғақ шөп те жарай береді. Оны жұлу  қиын, бірақ, оны қол арамен кесіп алу – өте жақсы іс.
 
13. Егер құтқарушылар күндіз келмесе, түнде күтіп отырған кезде шамды қолданыңыз. Іс жүзінде әр заманауи шамның дабылды өшіп-жанатын режімі бар. Шамды қосыңыз, өзіне назар аударта отырып,  өшіп-жанып тұрсын. 
 
Осы ұсыныстарды орындау боран кезінде және бораннан соң аман қалуға көмектеседі. Кеңестер қиын емес. Бастысы, бәлкім жолым болып қалар деп үміттенбеңіз, сонымен қатар,негізгі ережелерді сақтау қажет:
  • жол жүруге алдын ала дайындалыңыз,
  • машинада қозғалтқыш іске қосылып тұрған кезде ұйықтамаңыз,
  • көмек іздеп машинадан кетіп қалмаңыз.
 
Сонда сіз ешқандай түзеуге келмейтін жағдайға ұшырамайсыз. 
 
 
 

Отзывы

Отзывы
Оставить отзыв о сайте ВКонтакте Facebook

ФИО *:

Город *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки *:


Списибо, Ваш отзыв был отправлен.