Корзина пуста

Пайдаланылған дөңгелектерді сатып алмауға алты себеп


Пайдаланылған дөңгелектерді сатып алуға түрлі жағдайлар түрткі болуы мүмкін: ақшаның жоқтығы немесе жай ғана үнемдегіңіз келеді; ескі Audi A8 арзанға сатып алынса, ал оған келетін «он сегіздік» қымбат тұрады; «маусымды жүріп аяқтау керек» немесе машинаны ұтымдырақ сатқыңыз келеді. Кейде осылай сатып алу орынды (мысалы, жақсы таныстардан), бірақ көбінесе жайсыздық тудырады. Пайдаланылған дөңгелектерді сатып алғанда тап болатын келеңсіздіктердің кең таралғандары міне.

 

 

1. Дөңгелекті теңгерудің мүмкін еместігі

Дөңгелек тиісті түрде сақталмаса, осылай болады. Мысалы, іліп қойылған, немесе үйілген күйде ұзақ жатқан. Немесе «тұрғызылған» дұрыс күйде сақталған, бірақ ұзақ уақыт аударыстырылмаған. Нәтижесінде дөңгелек деформацияланады, бұл тіпті диск теп-тегіс болғанның өзінде орнатқан кезде теңгеруге әсер етеді. Мұндай дөңгелек жүргізушінің жайлылығына, аспа мен меңгеріктің дұрыс жұмыс жасауына әсер ететін діріл береді.  Яғни, қауіпсіздікке де! Теңгерудің дұрыс болмауының тағы бір себебі – «қыздырып жалғау» мөлшерінің асып кетуі дөңгелектің бастапқы құрылымын бұзатын бүйір жақ зақымдануларының сапасыз жөнделуі. Оның әсері дәл сондай.  

 

 

2. Ұсақ зақымданулар мен жарықшақтар

Ескі «резеңке» қатып қалады және қурайды, нәтижесінде онда ұсақ жарықшақтар пайда болады. Олар көзге аса көрінбейді, бірақ мұндай дөңгелектің беріктігі қалыпты дөңгелекке қарағанда нашар. Сол себепті ескі жиынтық жылдамырақ тозады және өндіруші берген қасиеттерін жоғалтып, өз қызметін дұрыс атқармайды. Тіпті болмашы жүктемеден де жыртылып кетуі әбден мүмкін. Дөңгелектің шығарылған күнін оның сыртқы бүйіріндегі төрт таңбалы кодтан білуге болады: алғашқы екі цифр – аптаның нөмірі, келесі екеуі – жылы. Дөңгелектің жарамдылық мерзімі шығарылған күнінен бастап 5-6 жылды құрайды.



Швейцариялық TCS бейінді ұйымы жаңа дөңгелекті бұжыртабаны жақсы деген ескі дөңгелекпен салыстыра отырып тестіледі. Пайдаланылған «резеңкені» ұнататындар үшін шығарылған қорытынды жағымсыз болып шықты: мысалы,  80 км/сағ жылдамдықпен сулы жолда тежеу кезінде 5 жыл болған дөңгелек ұқсас жаңа дөңгелекке 6 метрге ұтылды! «Пайдаланылғандардың» басқарылуы да айтарлықтай нашар, ал 10-жылдық ескі дөңгелектер мүлдем пайдалануға жарамсыз деп танылды! ADAC және DEKRA беделді ұйымдары жылы ұлғайған сайын жоғары жылдамдықта атылу қаупі өсетінін растайды, ал олардың статистикасындағы барлық сәйкес жағдайлар дәл дөңгелектің ескіруінен болған. Және де бұл жағдайда қысқы дөңгелектер жасына сезімтал келеді: олар үшін 3-4 жылдың өзі – біраз мерзім.



Кейде жаңа «резеңкенің» өзі, егер дұрыс сақталмаса, ақаулы болады. Мысалы, күннің, жауын-шашынның немесе сыртқы жүктеме әсерінен. Тағы да бір жағымсыз түрі – қатты қызу. Ол дөңгелекке тиісті жылдамдықты асырған немесе спорттық жүргізуді дұрыс орындамаған кезде болады. Сонымен қоса жазда жүрілген қысқы дөңгелектер қызып және «додаланып» кететініне кепілдік беруге болады. Соңында, дөңгелектің қысымсыз жүріп бүлінгенін байқамай қалу да мүмкін. Мысалы, тесілгенін кеш біліп, немесе «дөңгелек жөндеу» орнына дейін жетемін деп. 

 

 

3. Бұжыртабанының тереңдігін дұрыс бағаламау

Жаңа жазғы дөңгелектің бұжыртабанының тереңдігі – 8 мм жуық, ал қысқынікі – 10 және одан жоғары. Бұжыртабанның тереңдігін тексеру кезінде монетаны қолданып, немесе көзбен қарап тексергенше, штангенциркуль немесе сызғышты қолданған жөн. Бұжыртабанының тереңдігі 2 мм-ден кем болса, ол «лақтыратын» дөңгелек екенін есте сақтаған дұрыс, өйткені 1,6 мм – ЖЖЕ-ге сәйкес толық пайдалануға жарамсыздық белгісі. Ең дұрысы қалдық тереңдігі бұдан жоғары «резеңке» орнату қажет.


Ал қысқы дөңгелектер үшін негізгі ламельдерінің қалдық тереңдігі ғана емес, сонымен қоса бұжыртабан шашкаларындағы жарамды көлденең толқын тәрізді арналардың болуы маңызды. Дәл осылар, ашыла отырып, қарлы-мұзды жолда ұсақ кедір-бұдырға ілінуін қамтамасыз етеді. Сол себепті қысқы дөңгелектердің тереңдігінің қомақты миллиметрлері ғана оның жүруге жарамдылығына кепілдік бермейді.


Көбісі көбірек желінген дөңгелек бұжыртабанының ішкі және сыртқы бөлігіне көңіл бөлмейді (дөңгелекті дұрыс бұрышпен орнатпаған жағдайда осылай болады) – негізгі бұжыртабан бүтін, терең ғой! Алайда алдануға болмайды: дөңгелектің күйін ең тозған бөлігі бойынша, тіпті ол үлкен болмаса да, бағалау қажет. Өйткені «бұрышы-жақындығы» қалыпты болған жағдайда да дәл сол жерінде дөңгелек бірінші кезекте «тақырланады», ал одан кейін кордқа да алыс емес. Басқаша – дөңгелек шаңды немесе сулы бұрылыста кенеттен тайғанайды.

 

 

4. «Кесілген» дөңгелектерді сатып алу

Тозығы жеткен дөңгелекті «қалпына келтіру» тәжірибесі дөңгелектері бастапқыдан осындай процедураға жарайтын жүк көлігі дөңгелектерінен келді. Шындығына келгенде, ешқандай да қалпына келтіру болмайды – дөңгелек қалай тозған болса, сол қалпында қалады: тек желінген бетінде ерекше құралмен (регрувермен) түпнұсқалық суретімен жаңа арналар кесіледі. Мұндай тәсілмен зауыттық бұжыртабанды қайталау мүмкін емес, ал қалыңдығын «кескеннен» кейінгі жұқарған  бұжыртабанның резеңке «түптөсеміне» жоғары жүктеме түседі. Жағымсыз салдары: дөңгелек өзін нашар ұстайды, жыртылу қаупі ұлғаяды.

 
«Кесілген» дөңгелекті алдымен, арнайы тозу индикаторлары арқылы анықтауға болады. Дөңгелектердің көбісінде бұл резеңке блоктар бойлық кең арналарда орналасады және биіктігі 1,6 мм болады. Индикатордың басқа түрі – бұжыртабанға салынған тозуына қарай өшетін цифрлар – оны қолдан жасау мүлдем мүмкін емес, ешкім де онымен айналыспайды. Сонымен қоса бұжыртабанның қаншалықты ұқыпты көрінетініне және іш жағында қошқыл болуына – бұл резеңкенің жаңадан кесілгенінің белгісі – назар аударыңыздар.

 

 

5. Сапасыз жөнделген дөңгелектер

Кейбір зақымданулардан кейін дөңгелекті жөндеу мәнсіз және тіпті қауіпті – желі шығып кетеді немесе ең қолайсыз кезде жарылып кетеді! Мұндай зақымдануларға кесілулер, жарықтар және бүйір жақ жырықтары жатады. Бірақ әуесқой автомобильшілердің үнемдеуге ынтызарлығы мен шеберлігінде шек жоқ, сондықтан зақымданғаннан кейін қалпына келтірілген, қоқысқа жіберілуі керек болған дөңгелектер жиі пайдаланылады. Ал тесілген жердегі қарапайым «саңырауқұлақ» немесе «бұрау» ауаны улауы мүмкін.

 

 

 6. Пайдаланылған спорттық дөңгелектерді сатып алудың ерекшеліктері

Спорттық сипаттамадағы дөңгелектер өзінің арнауына байланысты қызып кетуі, тежеуде «төртбұрышталуы» немесе бұжыртабанының шет жақтары қатты желінуі мүмкін. Мұндай резеңке аса жаман көрінбес, бірақ тиісті түрде жұмыс жасамайды – ең көбі, жылдамдық алған кезде және тежеуде жақсы «жабысуға» мүмкіндік береді. Пайдаланылған спорттық жиынтықтың бір түйткілі – ондағы дөңгелектер әр түрлі партиядан болуы мүмкін. Бір модельдің өзі түрлі ерекшелікпен шығарылуы мүмкін. Онда қымбат фирмалық жиынтықты «арзанға» алудың мәні болмайды – олармен қажетті нәтиже көрсету мүмкін емес. Сол себепті егер осындай дөңгелектерді сатып алуға бел бусаңыз, онда затты егжей-тегжейлі тексеріңіз, таңбалауын салыстырыңыз немесе жай ғана сатушыға сенетін негізіңіз болсын. 

Мұның бәрі пайдаланылған дөңгелектерді сатып алу қаупі  жүруге жарамсыз жиынтыққа тап болу ғана еместігін білдіреді. Дөңгелектер әбден «жанды» болуы мүмкін, алайда олардың сипаттамалары жаңасына қарағанда нашар болары сөзсіз. Яғни, қауіпсіздік деңгейі де төмендейді: мұндай дөңгелек жаңасына қарағанда ертерек «қалқып шығады» және де тесілуі әбден мүмкін. Тозу автомобильді бақылауды нашарлатады. Ал кейде бәледен тежеу жолының бір ғана метрі сақтап қалады емес пе! Және де оны, пайдаланылған дөңгелектердің орнына жаңасын таңдай отырып,  сатып алуға болады.

 

 

Қорытынды. Пайдаланылған дөңгелектер қауіпті, себебі:

Біріншіден, қоспаның құрамы өзгереді. Дөңгелектің майларын жел қағып, парафині шығады, бұл оның икемділігін кемітеді. Қысқы кезеңде бұл дөңгелектің сырғанауына және жолмен ілінісуінің нашарлауына әкеп соғатын болады. Нәтижесінде, дөңгелек жүру сипаттамаларын жоғалтады.


Екіншіден, егер дөңгелек дұрыс сақталмаса немесе ұзақ уақыт пайдаланылмаса, онда байланыстырушы молекулярлық тізбегі өзгеріп, резеңке қоспада жарықшақтар пайда болады да, дөңгелек жолдың қатты бетінде жылдам тозатын болады.

 

Дөңгелек жатпай, әр маусымда жүруі тиіс, себебі ол үшін қоспадағы молекулалардың тұрақты қозғалысы маңызды, ал ол тек қозғалыс кезінде ғана болады.

Федор Жаринов, Pirelli-дің сапа департаментінің сарапшысы

 

Үшіншіден, тіпті жақсы жөнделген дөңгелек те жаңаны ешқашан алмастыра алмайды. Тесілген кезде қаңқасының арқауы зақымданбағанына, және бұдан кейін қаңқасы тарқамайтынына немесе тесілген жерінде, немесе оның қасында қатпарланбайтынына ешкім кепілдік бере алмайды.

 

P.S. Әрине, айналамызда пайдаланылған дөңгелектермен көптеген мысал келтіруге болатынын біз түсінеміз. «Досымнан/форумда/дөңгелек жөндейтін жерден сатып алдым»; «жылдар бойы балконда қардың астында сақтаймын және аудармаймын»; «машина желі шыққан дөңгелегімен гаражда 15 жыл тұрып, тамаша жүріп кетті»; «кесілгенмен жүріп жүрмін, басқаларға да кеңес беремін» және тағы басқа. Бірақ сараң екі төлейді дейтіндей, көңіл түсірерлік мысалдар да жетеді. Сондықтан бұл материалдың мақсаты – ойлануға мүмкіндік беру: ол соған тұрарлық па?

 
 
Дата создания: 21.10.2016Автор: Дмитрий ЛаськовИсточник: Авто Mail.Ru
 


← Вернуться к списку статей
 

Оставить отзыв

ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.