+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Continental: бүртабан жөнінде 10 дерек

Continental: бүртабан жөнінде 10 дерек

17.30.2022

Continental: бүртабан жөнінде 10 дерек

 

Қысқы дөңгелектің бүртабаны құрылымы жағынан біршама қарапайым және басқа техникалық шешімдер аясында болмашы бөлшек деген ой тараған. Қысқы дөңгелектерді әзірлеуде әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын Continental компаниясының мамандары бұл таптаурын ойды жоққа шығарып, бүртабан туралы толығырақ айтуды жөн көрді.  

 

 

1. Бүртабан өндіруші Tikka Spikes Oy компаниясы Continental концерніне тиесілі

Әдетте дөңгелек өндіруші компаниялар бүртабан әзірлеу және жасап шығару үшін бөгде ұйымдарға тапсырыс береді. Ал, жетекші әлемдік бүртабан өндірушілерінің бірі -  Tikka Spikes Oy финдық компаниясы – Continental халықаралық корпорациясының бөлігі болып табылады. Бұл концерннің түрлі бөлімшелерінің инженерлеріне өзара тығыз байланыста болып, өнімді мұқият ақтық шығаруға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

 

 

2. Бүртабан жеңіл болуы тиіс

Бүртабан әдетте алюминий қорытпасынан жасалған корпустан (дене) және құрамында жиі карбид вольфрамы болатын қатты қорытпалы ұштықтан тұрады. Әзірлеушілер әрбір бүртабанның салмағын төмендету үшін күресуде – осылайша оны бұжыртабан резеңкесінде ұстап қалу оңайырақ болады және де ол жол төсемін аз тоздырады. Мысалы, Kristall Dubb (KD) бүртабанының жаңа құрылымы оның массасын 25% азайтуға және оның есебінен, жол төсеміне әсерін қауіпсіз шекте сақтай отырып, IceContact 2 дөңгелегінде бүртабандар санын 50% ұлғайтуға мүмкіндік берді.

 

Continental: бүртабан жөнінде 10 дерек

 

 

3. Форма наконечника шипа влияет на сцепление 

Бастапқыда, 2003 жылға дейін, концерн бүртабандарының қатты қорытпадан жасалған ұштықтары дөңгелекке тура қарағанда дөңгелек пішінде болған. 2004 жылдан бастап бүртабан «сопақ» деп атала бастады, ал шындығында бүйір жиектері дөңгелектенген тік бұрышты – жалпақ бөлігі бойлық ілінісуіге жұмыс жасап, дөңгелектің жылдамдық алу-тежеу сипаттамаларын біршама жақсартты. 2005 жылдан бастап Continental ұшындағы қосымша көлбеу қыры үшін «гауһар» деп аталған фирмалық ұштығын енгізеді, олар ілінісу жиектерінің санын көбейтіп, дөңгелектің өткіш қабілетін жақсартты. 2010 жылы одан әрі дамыған түрі көптеген иілген және дөңес ілінісу қыры бар Brilliant Plus ұштығы болды, ол қысқы жолда бойлық және көлденең бағыттарда тоқтатудың жаңа деңгейін қамтамасыз етті. Бұл бүртабанның керемет ілінісу және өту қабілетін бұдан әрі дамытуға жол төсемінің тозу дәрежесін реттейтін қатаң заңнама кедергі келтірді, сол себепті әзірлеушілерге асфальттың сақталуын қамтамасыз ету үшін ымыраға келуге тура келді. Нәтижесінде 2013 жылы ұштығы жоғарыда аталған барлық модельдердің қасиеттерін бойына алған, бірақ біршама жайлы сызықтарымен ерекшеленетін гибрид дөңгелек шықты; бұл үлгі аздаған өзгеріспен 2014 жылы ұсынылған KristallDubb инновациялық бүртабанында қолданылған.

 

Continental: бүртабан жөнінде 10 дерек

 

 

4. Continental «дәнекерленген» бүртабан технологиясын қолданатын жалғыз өндіруші

Әзірлеушілер мен негізгі пайдаланушылар үшін басты мәселенің бірі бұжыртабанда бүртабандардың берік ұсталуы болып табылады. Дөңгелек өндірушілер бүртабанның төменгі фланеці мен денесінің пішіні мен өлшемдеріне, бүртабандарды түсіп қалудан сақтау үшін резеңке тығыздығына үнемі тәжірибе жасайды. Continental мамандары қарапайым және түбегейлі шешім ұсынды – бүртабанды «дәнекерлеу». Шындығында, технология біршама өзгеше қолдануды білдіреді: әрбір бүртабанға қататын термоадгезионды қоспа жағылады да, дөңгелек дайындамасына бүртабан орнатылады. Вулканизация барысында бүртабан төсемі мен резеңке қоспасы мықты қоспа түзеп, жапсырылады. Нәтижесінде бүртабанды жұлып алу үшін өлшенген күш салу мөлшері 500 Нм құрады, бұл дәстүрлі бүртабан салу кезіндегі нәтижеден он есе жоғары көрсеткіш. Қазіргі күні бұл дөңгелек өндірісіндегі ең жақсы көрсеткіш.

Continental: бүртабан жөнінде 10 дерек

 

 

5. Мұзға түсуге... гранит көмектеседі

Биліктің тиісті қадағалау органдарынан қолдау алу және жалпы қолданыстағы жолдарға шығуға рұқсат алу үшін, бүртабанды дөңгелектерге жол төсемі үшін қауіпсіз екенін дәлелдеу қажет. Кең таралған тестілеудің бір түрі – гранит плиталармен жүріп өту. Мысалы, метр бойына көп бүртабан мөлшерімен белгілі IceContact 2 дөңгелегі белгілі өлшемдегі және салмақтағы тестіленетін плиталармен 100 км/сағ жылдамдықпен 400 рет жүріп өтті де, содан кейін тозу дәрежесін анықтау үшін плиталар қайтадан өлшенді. Нәтижесі – қатаң комиссияның толық қолдауы.

 

 

6. Бүртабандар мұқият ойластырылған тәртіпте орнатылған

Ол бір көзбен қарағанда ғана бүртабандар бейберекет орналасқан сияқты. Шындығында әзірлеушілерге көптеген факторларды ескеруге тура келеді: дөңгелектің өлшем түрі, резеңке қоспасының құрамы, бұжыртабан суреті, болжанатын ауа райы және тіпті метр бойына бүртабан мөлшерін шектейтін түрлі елдердің заңнамасы. Шайқалу кезінде келесі бүртабанның алдыңғы бүртабанның жасап кеткен ойығына түспей, ілінісу бетімен тиімді әрекеттесуі маңызды. Бұжыртабандағы бүртабандар бойлық қатармен орналасады, әдетте қатар саны 10-16-мен шектеледі, алайда жиырма қатарлық бүртабан да кездеседі.

 

 

7. Бүртабанның жұмысына бұжыртабандағы орналастыру орны әсер етеді

Мұзбен қозғалу кезінде бүртабан ұштығының қасына және түйісу нүктесінде бүртабан мен жақындағы ілінісу жиектері жұмысының тиімділігін төмендететін сынған мұз ұнтағы жиналады. Сондықтан көптеген дөңгелек өндірушілер бүртабанды орналастыру орнының тиісті түрде дайындалуына назар аударады. Концерннің қысқы бүртабанды дөңгелек желісінің флагманы IceContact 2 моделінде әр бүртабанның тұсында мұз ұнтақтарын жылдам тазартып, бүртабанның барынша тиімді жұмысына мүмкіндік беретін тиімділігі жоғары бұрғыш жырашықтар орналасқан.

 

 

8. Бүртабанды дөңгелектерді жүргізіп төселту қажет

Қауіпсіздік тұрғысынан қазіргі бүртабанды дөңгелектер жүрудің алғашқы метрінен бастап сенімді ілінісуге есептелген. Алайда бүртабандардың орнатылған ұясында түпкілікті берік орнығуына мүмкіндік беру аса қажет. Ол үшін алғашқы 700 шақырымды шұғыл старт пен тежеусіз, сондай-ақ бүйірлік үдетусіз жүріп өткен жөн, бұл жағдайда оңтайлы жылдамдықты 100 км/сағ шегінде ұстау ұсынылады. Continentalдің дәнекерленген дөңгелегі теориялық тұрғыда жоғары жүктемені дайындықсыз көтеруге дайын, алайда, бастапқы шақырымдарда аздаған жүктеме оған да пайдалы болар еді. Дегенмен, бұл тұста Continental мамандарының шебер психологиялық есебі бар – егер жүргізуші бүртабанды дөңгелекті орнатқаннан кейін алғашқы кезде сақтық пен ұстамдылық танытса, ол жазғы және қысқы дөңгелектердің жүру кезіндегі ерекшелігіне үйренісе бастайды, сонымен қоса өзін жолда қауіпсіз жүруге икемдейді.

 

 

9. Бүртабанды дөңгелектер бүртабан салынатын дөңгелектерге тең емес

Бүртабанды дөңгелектердің қаңқасының құрылымы, бұжыртабанының құрылысы және құрамы бүртабан орнатуға есептелген. Мысалы, бұжыртабанда бүртабанның төменгі фланецін ұстап тұратын тығыз резеңкеден тұратын төменгі қабаты болады, ал резеңке құрамы мен жоғарғы қабатының блоктарының пішіні көбінесе жұмсақ қар және асфальтпен ілінісуге есептелген – мұзда тоқтату және қардағы сырғанау үшін, негізінде, бүртабан жауап береді. Бүртабан салынатын дөңгелектер, өз кезегінде, басынан бүртабансыз жеткізіледі, бірақ оларда бүртабан салатын ұяшықтар болады, және оларға бүртабанды шағын шеберханаларда да орнатуға болады. Алайда, бүртабан салынатын модельдерді ымыралы нұсқа деп қарастырған жөн, сипатамалары жағынан олар арнайы әзірленген бүртабанды дөңгелектерден қалыс қалады.

 

 

10. Велостипедтерге арналған бүртабанды дөңгелектер де бар  

Екі дөңгелекпен қысқы мұзды және қарлы жолды шабуылдауға дайын экстремалдар үшін болат немесе алюминий бүртабанмен жабдықталған ерекше дөңгелектер қажет болады. Мысалы, Continental Spike Claw 240 моделінде 240 бүртабан болады – ол жеңіл көлік дөңгелегіне қарағанда көп.

 


Источник: Continental Russia