+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Continental мен Kordsa дөңгелек өндірісін экологиялылық етеді

Continental мен Kordsa дөңгелек өндірісін экологиялылық етеді

17.30.2022

Continental и Kordsa сделают производство шин экологичнее

 

Continental комнаниясы мен индустриалық нейлон мен полиэстерді жасаумен айналысатын түркиялық Kordsa, дөңгелек өндірісінде қолданылатын каучук негізіндегі материалдарды желімдеудің жаңа экологиялылық технологиясын жасау бойынша бірлескен жобамен жұмыс жасап жатыр. Желімдеу кезінде резоцин мен формальдегид қолданылатын дәстүрлі өндіріске қарағанда, жаңа технология экологиялылық химиялық құрамдарды пайдаланатын болады.  

 

Борис Мергелл, руководитель отдела разработок легковых шин Continental

Continental жеңіл дөңгелектерін әзірлеу бөлімінің басшысы Борис Мергеллдің айтуынша алғашқы сынақтардың қорытындысы аса қанағаттанарлық, және де бұл жақын арада жаңа технология Continental дөңгелектерінің барлық сегментінің өндірісінде енгізіліп, қоршаған ортаға келтірілетін залалдың төмендейтініне 100% сенімділік береді.

 

Оның үстіне, басқа компаниялар жүргізіп жатқан жаңа кешенді шешімдер әзірлемесі және оны қолдау болашақта тек күрделенетінін болжай отырып, Continental бәсекелестер үшін де қолжетімді жаңа стандартпен Kordsaмен бірлескен әзірлемесін жасауға бел буып отыр.     

 

Главный технолог Kordsa Ибрагим Озгур Йылдырым

Kordsaның бас технологы Ибрагим Озгур Йылдырым  өз тарапынан дөңгелек өнеркәсібінде резорцин мен формальдегидті пайдалану қажеттілігі маңызды мәселелердің бірі деп біледі. Сол себепті 2008 жылдан бастап түркиялық компания дөңгелек өндірісінде осы уытты заттарды азайту бойынша жұмыс жасап келеді. Continental компаниясымен бірге жұмыс жасай отырып, Kordsa да дөңгелек кордын қалыптастыратын негізін сіңіру үшін қолданылатын жаңа химиялық формуланы, сондай-ақ бұл салада 80 жылдан астам уақыт қолданылып келген жоғарыда аталған уытты құрауыштарына қарағанда экологиялық баламасы болатын жаңа біріктірме материалдарын әзірледі.

 

Компоненты шины Continental

 

Инвестициялар мен тестілеу қорытындылары Kordsa жаңа технологияны ойдағыдай жүзеге асырып, өндіріске қояды деп сенімді айтуға мүмкіндік береді. Әзірлеме авторлары оны ашық лицензия бойынша таратылатын етіп, оның дөңгелек өндірісінің жаңа стандарты атанып, оны экологиялылық етеді деп үміттенеді.

 

Осы жобамен ағымдағы жұмыс нәтижесін Continental 2018 жылдың басында Ганноверде өтетін Tire Expo  көрмесінде таныстыруды жоспарлап отыр.