+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Continental AllSeasonContact дөңгелегін ұсынады

Continental AllSeasonContact дөңгелегін ұсынады

17.29.2022

Continental AllSeasonContact дөңгелегін ұсынады

 

Әрмезгілдік дөңгелектердің танымалдығының артуына байланысты, бұрын «қысқы дөңгелек – қыс үшін, ал жазғы дөңгелек – жаз үшін» тезисін ұстанған Continental компаниясы Еуропада екпіндеп өсіп келе жатқан «әрмезгілдік» сегментінің беталысын қолдауға шешім қабылдады. Оның бұл нарықтық тауашаға жауабы Continental AllSeasonContact моделі болды. Компанияда жаңа өнім климаттық және жол жағдайлары мәселелерінің альтернативті шешімі болатынын атап айтады. 

 

Сонымен бірге, Continental бұрынғысынша қауіпсіздікті сақтаудың оңтайлы нұсқасы дөңгелекті маусымға сай ауыстыру, ал әрмезгілдік дөңгелек қала жағдайында пайдаланылатын, көп жүрмейтін, сондай-ақ климаттық жағдайы мен маусымның ауысуы жайлы өңірлерде пайдаланылатын автомобильдер үшін жарамды деп санайды. Дәл осындай маусымдарға арнап Continental жазғы және қысқы дөңгелектердің сипаттамасын үйлестіретін және де «әрмезгілдік» класында ең жақсы отын үнемділігіне ие дөңгелектердің қосымша модельдік желісін жасады.

 

 

Өндірушінің мәлімдеуінше AllSeasonContact дөңгелегінің айқын сипаты не қысқы, не жазғы жағдайда қолдануға бағытталған өзге әрмезгілді дөңгелектер аясында сипаттамаларының басқа теңгерімімен көрсетілетін «маусымдық бейтараптылық» болып табылады.

 


 

Continental представляет AllSeasonContact. Технология Traction Silica Compound  Continental представляет AllSeasonContact. Открытые плечевые зоны протектора.  Continental представляет AllSeasonContact. Улучшенная конструкция и особая геометрия боковых стенок

 

 

AllSeasonContact бұжыртабанының суретімен V-тектестігімен Michelin CrossClimate дөңгелегіне ұқсас болғанымен, Continental жаңа өнімінде әрмезгілді дөңгелектердің көбіндегідей көптеген ламельдері жоқ, ал оның бүйірінде 3PMSF (үш тау шыңы аясындағы қар) таңбасы бар. Әзірлеушілер қарлы және сулы жол төсемдерінде тиімді ілінісуге құрамындағы силиканың көптігінен икемділіктің тұрақтылығын сақтайтын Traction Silica Compound атты резеңке қоспасының «бейімделгіш» құрамымен қол жеткізіледі деп сендіреді. Жаңа өнімде сонымен қатар Continental WinterContact TS 860 (Cool Chili) қысқы дөңгелектерінен алынған және қарлы жолдарда сенімді ілінісуді қамтамасыз ететін технологиялар қолданылған.

 

 

AllSeasonContact дөңгелегі сулы және құрғақ жол төсемдерінде және жазғы уақытта ілінісуі мен тежеудің жоғары тиімділігін көрсетеді. Мұндай сипаттамаға ламельдердің шамалы мөлшерімен бұжыртабанның қаттылығының жетілдірілуі және акважоспарлау кедергісінің тиімділігін арттыратын ашық иін аймағының бірлескен жұмысымен қол жеткізілді.

 

 

Continental мәлімдеген AllSeasonContact дөңгелектерінің «әрмезгілдік дөңгелектер арасындағы ең жақсы отын үнемділігі» бүйір жақ қабырғасының ерекше геометриясымен, сондай-ақ стандартты қысқы дөңгелектердің - 8,5-9,5 мм және жазғы — 6,5-7,5 мм, бұжыртабанының тереңдігіне қарағанда орташаландырылған мәні 7,5-8,5 мм бұжыртабан тереңдігімен қол жеткізілді. Компанияда сондай-ақ дөңгелектің жаңа құрылымы мен бұжыртабанының тереңдігі қауіпсіздіктің барлық өлшемдеріне жауап беретінін атап айтады. 

 


Жаңа Continental AllSeasonContact әрмезгілдік дөңгелегі диаметрінің диапазоны 14-тен 18 дюймге дейін, пішінінің ені 165-тен 245-ке дейін және V, H, Tжылдамдық индекстерімен 33 өлшем түрінде сатылатын болады. «Еуроэтикетка» белгілері: сулы жолдағы ілінісу мен тежеу тиімділігі – В; отын үнемділігі – В.