+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Drive Out 2017: 265/65 R17 жол талғамайтын дөңгелегін тестілеу

Drive Out 2017: 265/65 R17 жол талғамайтын дөңгелегін тестілеу

17.30.2022

Drive Out 2017: Тест внедорожных шин 265/65 R17
 
Әдетте, жол талғамайтын көлік өндірушілерінің базалық толымдауда шығаратын дөңгелектері – бұл қала жағдайында және, көбінесе, асфальтталған жолда пайдалануға арналған Н/Т дөңгелектер (Highway Terrain). Бұл кластың дөңгелектері асфальтта жақсы басқару, жайлылық, шуылының аздығын және отын үнемділігін көрсетеді. Алайда, Н/Т дөңгелектерінің айтарлықтай кемшілігі олардың аздаған жолсыз жерді алмағанда, қара жолда зақымдануға бейімдігі болып табылады. Сондықтан, егер автомобиль иесі өз жол талғамайтын көлігінің шамасының кем дегенде жартысын пайдаланғысы келсе, онда оны All-Terrain (A/T) класы дөңгелектерімен жабдықтау қажет.
 
Дәл А/Т дөңгелектер түрлі жолдарда, соның ішінде жолсыз жерлерде, пайдалануға ұшталған. Тас жолға арналған (H/T) SUV-дөңгелектерге қарағанда, All-Terrain класы дөңгелектерінің өнімділігі қара жолда, тасты және құмды учаскелерде, батпақ пен қарда пайдалануға оңтайландырылған, ол туралы А/Т дөңгелектерінің бүйіріндегі M+S таңбасынан білуге болады. Десе де, А/Т дөңгелектерінің барлығы барлық жүріс міндеттерін бірдей шешпейді: өндірушілер асфальт пен жолсыздықтағы өнімділік арақатынасын бір дөңгелекте 50:50 жасаса, басқасында – 30:70, үшіншісінде – 60:40.
 
Список протестированных шин:
2. Continental CrossContact AT
4. Goodyear Wrangler All-Terrain Adventure
5. GT Radial Adventuro AT3
6. Hankook Dynapro ATm RF10
7. Yokohama Geolandar A/T-S G012
 
Тестілеу үшін Toyota Hilux 2.4 GD-6 SRX екі пикапы пайдаланылды, ал сынақтың өзі Кейптаунның жанындағы  «Klipbokkop» тау қорығының жолсыз трассаларында өткізілді.
 
 

ТЕСТ ДИСЦИПЛИНАЛАРЫ

Асфальттағы тежеу
«Асфальттағы тежеуді» бәрінен жақсы еңсерген Goodyear дөңгелегі. Hankook тест көшбасшысынан небәрі 30 см алшақ тоқтады. Соңғы орында Hankook қалды – оның экстремалды жолсыздыққа арналған агрессивті және қатты бұжыртабаны асфальтта төмен ілінісуін және, одан өзге, басқа тест қатысушыларының арасында ең жоғары шуыл көрсетті.  
 
Drive Out 2017: 265/65 R17 жол талғамайтын дөңгелегін тестілеу. Асфальттағы тежеу
 
 
Қара жолда тежеу
Қара жолда тежеуде бірінші орынды Goodyear мен Yokohama дөңгелектері бөлісті. Екінші орын BFGoodrich и Hankook дөңгелектеріне бұйырды. Соңғы орынды, көшбасшы төрттігінен 3 метрге қалыс қалып, GT Radial дөңгелектері иеленді.
 
Drive Out 2017: 265/65 R17 жол талғамайтын дөңгелегін тестілеу. Қара жолда тежеу
 
 
Еңістегі тартым күші
Тест екі кезеңмен өткізілді. Алдымен тестіленетін дөңгелектердің қысымы 1,5 барға дейін азайтылды. Осы күйде дөңгелектер көтерілу градусы (30°-тан 40°-қа дейін) артатын тік ұзақ еңісті жүріп өтуі тиіс болды. Жоғарыға дейін жету үшін дөңгелектерді 2,2 барға дейін үрледі, егер олар жоғарыға жетсе, онда ең жоғары балл есептелді. Сынаушыларды таңдандырғаны, еңістегі тартым күшіне жасалған тестілеуден қазіргі заман дөңгелектерінің түрлі жол жағдайларын тиімді еңсеретінін растап, барлығы өтті.
 
Drive Out 2017: 265/65 R17 жол талғамайтын дөңгелегін тестілеу. Еңістегі тартым күші
 
 

ҮКІМ

Drive Out өткізген дөңгелек сынағы BFGoodrich пен Goodyearдің шығарылымнан шығарылымға, ұрпақтан ұрпаққа елеулі жақсарып келген өзінің жолсыздыққа арналған өнімінің сапалық сипаттамасымен қалай жұмыс істейтінін анық көрсетті.
 
Қапталының беріктігіне жасалған тестілеу Drive Out сарапшыларында маңыздылардың бірі болып есептеледі, оған қоса ЮАР-да мұндай тестілеуді осы басылымнан басқа ешкім жасамайды. Drive Out осы тестілеу үшін арнайы кПа-да қысымды өлшейтін және дөңгелекті тесетін арнайы жабдықты сатып алды және оны бірнеше жыл бойы пайдаланып келеді.
 
Бұл тестілеуде алғашқы болып Continental дөңгелегі тесілді. Тест қатысушылары арасында ең жұмсақ қапталы, ең жайлы жүрісі және асфальттағы жақсы басқарылуы бола тұра, бұл дөңгелектер жолсыздықта ең осалы болып шықты. Қапталының беріктігін, күтілгендей, BFGoodrich көрсетті, ал одан кейін, таңданарлығы, екінші болған Goodyear дөңгелегі.
 
Drive Out 2017: 265/65 R17 жол талғамайтын дөңгелегін тестілеу. Қапталының беріктігі
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

Испытания шин, проведенные Drive Out, наглядно продемонстрировали то, как BFGoodrich и Goodyear работают над качественными характеристиками своей продукцией для бездорожья, которая — от выпуска к выпуска, от поколения к поколению — становится ощутимо лучше.
 
Бір айтарлығы, офф-роуд тақырыптарға арналған немесе жол талғамайтын дөңгелектерді тестілейтін көптеген журналдарға қарағанда, Drive Out өзінің тесттерінде қапталының беріктігін басты дисциплина және оны өту кезінде дөңгелектің алған бағалары тестілеудің жалпы қорытындысына әсер етеді деп есептейді.
 
Drive Out 2017: 265/65 R17 жол талғамайтын дөңгелегін тестілеу. Қорытынды
 
Қорытындыға түсінік бере отырып, Drive Out сарапшылары BFGoodrich дөңгелегі асфальтта күтілгендей басқа тест қатысушыларынан әлсіз (және шулы) болып шыққанымен, өз нарығында бірегей ұсыныс болып табылады. Егер автомобиль иесі жолсыздыққа All-Terrain KO2 дөңгелегінен қалыс қалмайтын нұсқа іздейтін болса, оған шыдамдылық танытып, немесе азына қанағат ету керек болады.
 
Десе де, тестілеудің міндеті жол талғамайтын дөңгелектердің ең жоғары әмбебаптығын – асфальт пен жолсыздағы тиімділіктің оңтайлы теңгерімін анықтау болған еді. Сол себепті бірінші орынды Goodyear иеленді. Олар асфальтта да, қар жолда да өнімділігі жоғары, олар «жолсыздыққа қарсы Халк» - BFGoodrich дөңгелегімен осы тұрғыда бәс тігісе алатындай жеткілікті түрде берік. Және Goodyear дөңгелегінің тесілуге беріктігінің ең ықтимал себебі – қапталындағы белгілі кевлар.