+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Gute Fahrt: 225/55 R17 жазғы дөңгелектерін тестілеу (2017)

Gute Fahrt: 225/55 R17 жазғы дөңгелектерін тестілеу (2017)

17.29.2022

 

2017 жылғы 3-ші нөмірде жарияланған Gute Fahrt басылымының бірінші жазғы тестілеуі осы беделді неміс басылымының оқырмандарына ағымдағы жазғы маусымдағы танымал 10 дөңгелек моделін салыстыруға тамаша мүмкіндік берді.

 

Бұл тестілеуде басылым сарапшылары диаметрі 17” дөңгелектерді өлшемі 18” және 19” дөңгелектермен салыстыру және олардың штаттық толымдауда қолданудағы плюстары мен минустарын анықтау мақсатында тағы бір эксперимент жүргізді. Бұл арнайы тестілеу үшін модельдердің бірі -  Pirelli Cinturato P7 – бірден екі өлшем түрінде ұсынылды: 235/48/18 және 235/40/19. Барлық сынақтарға, арнайы тестілеуді қоса алғанда, Volkswagen Passat автомобилі таңдап алынды.

 

 

Тестіленді:

1. Vredestein Ultrac Satin
2. Toyo Proxes Sport
3. Pirelli Cinturato P7
4. Maxxis Premitra HP5
5. Hankook Ventus Prime2 K115
6. Goodyear EfficientGrip Performance
7. Firestone Firehawk TZ300α
8. Dunlop Sport Maxx RT2
9. Cooper Zeon CS8
10. Continental ContiPremiumContact 5

 

Gute Fahrt тестілеуіне полигон ретінде Виццоледегі (Италия) Pirelliдің өз трассасы таңдап алынды. Өндірушілердің ұсыныстарына қарамастан, сыналатын дөңгелектер 2,6 бардың орнына 2,3 барға дейін үрленді. GF мамандары мұндай жорамал, біраз отын шығынының ұлғаюына қарамастан, жүру жайлылығына оңтайлы әсер етеді деп есептеді.

 

 

Результаты теста

 

 

4,8 бағасымен топта бірінші орынға ие болып, Conti PremiumContact 5 дөңгелегі GF тестінің сөзсіз көшбасшысы атанды. Өз жеңісімен бұл модель өз туындысына құрғақ және сулы жолдардағы мінсіз жүрісін, сонымен қатар жоғары жайлылық пен шуылдың төмен деңгейін қамтамасыз еткен Continentalконцернінің инженерлері мен технологтарына борышты. Осындай нәтижелеріне қарай отырып, оның ізбасары - Conti PremiumContact 6дөңгелегінің жеңіске жететініне еш күмән қалмайды.

 

Рейтингтік кестеде тестілеудің жеңімпазына жазғы дөңгелектердің келесі төрт моделі етене жақындады: Goodyear EfficientGrip Performance, Dunlop SP Sport Maxx RT2, Hankook Ventus Prime 2 K115  және 17 диаметріндегі Pirelli Cinturato P7.

 

Goodyear дөңгелектеріне 1-ші орынды алу үшін сулы жол төсеміндегі бұрылысқа кіру дәлдігі жетпеді. Сонымен бірге бұл модель тамаша жүру жайлылығын, шуылының аздығын және жоғары отын үнемділігін көрсетті. 

 

Dunlop дөңгелектері сулы асфальтта жүрудің бірқалыптылығы мен тежеу тиімділігінде қалыс қалды. Алайда, Dunlop сол «сулы» тестілеуде Continental дөңгелектерінің көрсеткіштерінен асып түсетін басқару дәлдігін көрсетті.

 

Модельдің салыстырмалы түрде «ескілігіне» қарамастан, Hankook дөңгелектері құрғақ асфальтта жақсы басқарылуын және сулы асфальтта үлгілі қауіпсіздік деңгейін көрсете отырып, 4-ші орынды жеңіп алды.

 

Рейтингтің 5-ші орнына «құрғақ» дисциплиналарда үйлестірілген жүрісімен ерекшелінген 17 дюймдік Pirelli Cinturato P7 шықты. Pirelli дөңгелектерінің рейтингін сулы асфальттағы тестілеуде «малтуы» түбегейлі «түсірді»: басқаруда сәтсіздікке икемдігі, бойлық және көлденең акважоспарлауға тұрақтылығының әлсіздігі.   

 

Рейтингтің келесі жолдарында салыстырмалы түрде теңдей нәтижемен орналасқандар:

 

Vredestein Ultrac Satin — барлық дисциплинада және әсіресе сулы асфальтта тежеуге тестілеуде – ең қысқа тежеу жолы – үйлестірілген жүрісімен ерекшелінген дөңгелек;

 

Maxxis Premitra HP5 — құрғақ асфальтта жақсы нәтиже және акважоспарлауға тұрақтылығы дисциплинасында өзін тұрақты ұстайтынын көрсетті;

 

Toyo Proxes Sport — сол сияқты құрғақ асфальтта басқаруда тұрақты, алайда сулы асфальтта ол жағынан ойдан шықпады;

 

Сулы және құрғақ асфальтта тежеу тиімділігін сәтсіздікке ұшыратып, және сынаушыларға жайлылығы жеткіліксіз көрініп, Cooper Zeon CS8 моделі өзін бейтарап бағамен көрсетті.

 

Барлық жол төсемдерінде ең ұзақ тежеу жолын көрсетіп, Firestone TZ300α моделі 3,6 бағасымен рейтингтің соңғы жолында қалды. Бір айтарлығы, отын үнемділігі мен акважоспарлауға тұрақтылығын сарапшылар сөкпеді.
 


Дереккөз: shina.guide