+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
ҚР Жол қозғалысы ережелерін өзгерту туралы 11.11.2017 ж. Ең бастысы

ҚР Жол қозғалысы ережелерін өзгерту туралы 11.11.2017 ж. Ең бастысы

17.30.2022

 

Қағидаға енгізілген өзгертулер 2017 жылғы 11 қарашада күшіне енген. Өзгертулер көп, бірақ біз жүргізушілерге нақты керегін ғана жинақтадық. 

 

Түзетулер  үкіметтің № 667 қаулысымен бекітілді (соның арқасында өткен аптада «Шипы» белгісі туралы талқылаудың жаңа ағымы көтерілген). ЖЖҚ-де айтарлықтай өзгеріс болған жоқ, ал тармақтарының біршамасы 10 жыл бұрын қолданылған Қағида нұсқасынан алынған. Дегенмен онда жаңа, біздің ойымызша маңызды, сәттер пайда болды.  

 

«Жалпы ережелер» бөлімінде бірнеше ұғымға кеңейтілген түсінік берілді, ескісі түзетілді, сонымен қатар жаңа терминдер пайда болды.

 

«Басып озу» жаңа редакцияда былай жазылады:«жүріп келе жатқан жолағынан шығумен және кейіннен бұрын жүріп келе жатқан жолағына қайта түсумен байланысты алдында жүріп келе жатқан бір немесе бірнеше көлік құралынан озып кету». Ағымдағы редакциясында бәрі сол, тек алдында жүрген жолағына қайта оралусыз.

 

 

«Жол қиылысы» ұғымын тағы да өзгертті:«жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыс, тиісінше қарама-қарсы жолдың жүру бөлігінің дөңгелене бастайтын жерлерін жалғап тұратын жорамалданған сызықтармен шектелген жолдардың бір деңгейде қиылысу, қосылу немесе тармақталу орны. Іргелес аумақтардан шығу, сондай-ақ олардың алдынан басымдық белгілері қойылмаған дала, орман, тұрғын аймақтарынан шығу және басқа да қосымша жолдармен қиылысу (қосылатын) орындары жол қиылысы болып саналмайды».Әйтеуір барлығы баяғы қалпына келді ғой.Осыдан 6 жыл бұрын ЖЖҚ-да бұл тармақ дәл осындай болатын. Оны «бөлшектегеннен» кейін белгілердің әрекет ету аумағын анықтаған кезде, сонымен қоса жол апаты кезінде көптеген даулар туындаған еді.

 

11 қарашадан бастап, мысалы, жылдамдықты шектеу келесі жол қиылысына дейін әрекет ететінін, ал ауладан шығатын жол қиылыс болып саналмайтынын есте сақтаған жөн.

 

Ережеде бұл тақырыпқа қосымша мүлдем жаңа ұғымдар пайда болды:  «Іргелес аумақ – жолға тікелей іргелес және көлік құралдарының тура жүруіне арналмаған аумақ. Іргелес аумақ бойымен жүру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады». 
«Озып шығу» - көлік құралының бір бағытта, көрші жолақпен жүріп келе жатқан көлік құралының жүріс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен жүруі».

 

 

 

Құқықтар мен міндеттер

«Жол қозғалысы туралы» ҚР заңынан көлік құралын тоқтатқан жағдайда полиция қызметкері «көлік құралына кідірмей жақын келуге», тоқтату себесін түсіндіруге және жүргізушінің талап етуі бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік  куәлігін көрсетугетиіс. Ал жол жүрісі қағидаларын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдармен және аспаптармен тіркелсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін көрсетуге міндетті»екенін естідіңіздер. Енді осы міндет ЖЖҚ-да жазылды.

 

Сондай-ақ Қағидадан жолаушыларды ГАИ қызметкері рұқсат бергенше автомобиль салонында отыруға міндеттейтін даулы тармағы алынып тасталды (п.1.1 разд. 4).

 

 

Қалай жүру қажет

Талай қалтаны жұқартқан және мыңдаған жүргізушіні куәлігінен айырған тармақ та енді ЖЖҚ-да толық ашып жазылған. «Көлік құралдарының жолдың жүретін бөлігінде орналасуы» делінген 9-бөлімде 2-тармақ келесі редакцияда берілген: «Төрт немесе одан да көп жолағы бар екіжақты жүру жолдарында жолдың қарсы жүруге арналған жағына шығуға тыйым салынады. Мұндай жолдарда солға бұрылуды немесе кері бұрылуды көше қиылыстарында және бұған Қағидалармен, белгілермен және (немесе) таңбамен тыйым салынбаған жерлерде орындауға болады». 2017 жылғы 15 шілдеден бастап бұл жағдайдағы бұрылу және кері бұрылу – бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылу (ӘҚК 596-баб. 3-б) екенін естеріңізге саламыз.

 

 

«Маневр жасау» деп аталатын 8-бөлімді 13-тармақпен толықтырды: «Көлік құралының артқы жүріспен қозғалуына маневр қауіпсіз болған және қозғалысқа басқа да қатысушыларға кедергі жасамаған жағдайда рұқсат етіледі. Көше қиылыстарында және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде артқа жүруге тыйым салынады».  

 

 

 

Маяк кімде болуы керек

Көліктері арнайы жарықтық және дыбыстық сигналдармен жабдықталуы және арнайы графикалық түс сұлбасы бойынша боялуы тиіс жедел және арнайы қызмет тізбесі кеңейтілді. 10 қарашадан бастап көк немесе қызыл түсті маякты келесі машиналарға орнатуға болады: 

— экономикалық тергеу қызметінің жедел бөлімшелері;
— жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел қызметі;
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі. 

Бұдан басқа, түзету енгізушілер қызғылт-сары немесе сары түсті жарқылдақ маякпен жабдықтауға құқылы машиналар тізбесін толықтырды, бұл: 

— құндылықтарды инкассалау үшін бағытқа шыққан икассалау қызметінің арнайы көлік құралы; 
— велосипедшілердің ұйымдастырылған тобын алып жүретін көлік құралдары.  

 

 

 

Жоғарыдан келген белгілер

Қазақстанда жаңа белгілер пайда болады, ал кейбірінің міндеті түзетілген. 

ЖЖҚ-ның бұл бөлімі біршама өзгеріске ұшырады. 4.1.2 «Оңға бұрылу»және 4.1.3 «Солға бұрылу» белгілері енді былай болады:  

 

 

 

Жол учаскесінің басында орнатылған4.1.1 «Тура қозғалыс» белгісінің әрекет ету аймағын нақтылады: ол да жақын жердегі жол қиылысына дейін таралады, ал белгі іргелес аумаққа оңға бұрылуға тыйым салмайды.   

«Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады» белгісі сонымен қатар механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салады. 

«Шипы» айырым белгісін жүргізушінің қалауы бойынша орнатуға рұқсат етіледі.

 

 

Жақын арада жолда жаңа ескерту белгілерін байқауға болады:   

1.33 «Қауіпті жол жиегі». Қолданыстағы Қағидада ұқсас мағыналы тақта бар болатын және ол «Жол жөндеу жұмыстары» белгісімен бірге қолданылатын;

 

 

1.34 «Кептеліс». Кептелістерімен танымал болған жол учаскелерінің алдында пайда болатын белгі;

 

 

3.17.3 «Бақылау». Бұған да ұқсас белгі бар (сервистік), тек «Көліктік бақылау бекеті» деп аталады. Жаңа белгі бақылау пункттері арқылы аялдаусыз жүруге тыйым салатын болады.

 

 

«Ақпараттық-нұсқағыш белгілерінде» қосымша белгілер пайда болды: 

5.8.2а «Жолақтар бойынша жүру бағыты»;

5.8.3а «Әртүрлі жүру жолақтарындағы міндетті ең төменгі жылдамдық»;

5.8.4а «Жолақтың басталуы»;

5.8.8а «Жолақтар бойынша жүру бағыттары»;

 

 

5.8.9 «Әртүрлі жүру жолақтарында қолданылатын жылдамдықты шектеу». Шеткі жолақтарда жылдамдық шектелетін кең даңғылдар үшін пайдалы белгі;  

 

 

5.9.1 «Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақтардың аяқталуы». Маршруттық көлік құралдары мен көлік құралдарының жалпы ағынымен жүріп келе жатқан басқа да қоғамдық көліктің ғана жүруіне арналған жолақтың аяқталуы;

 

 

5.22а «Елді мекеннің басталуы»;

5.23а «Елді мекеннің аяқталуы»;

 

 

5.40 «Ең жоғары жылдамдықты жалпы шектеулер»;

 

 

5.41 «Авариялық тоқтауға арналған алаң»;

 

 

5.42 «Фотобейнетіркеу». Қазақстанның әрбір екінші автомобиль жүргізушісінің ұзақ уақыт күткен белгісі, себебі ол стационарлық сертификатталған арнайы техникалық құрал және аспаппен  Қағида бұзуды тіркейтін учаскеге жақындағанын хабарлайды. Алайда бұл белгінің «Крис-П» түріндегі мобильді кешенге қатысы жоқ.    

 

 

«Сервис белгілері» бөлімі де толықтырылды: 

6.3а «Сұйытылған мұнай газындағы (СМГ) автожанармай құю станциясы»;

6.3б «Сығымдалған табиғи газдағы (СТГ) автожанармай құю станциясы»;

 

 

6.14 «Полиция»;

6.15 «Жол жүрісі туралы ақпаратты беретін радиостанцияны қабылдау аймағы»;

6.16 «Авариялық қызметтермен радиобайланыс аймағы»;

 

 

6.17 «Бассейн немесе жағажай»;

6.18 «Дәретхана».

 

 

«Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар)»бөлімінде:

7.4.8а «Маршруттық көлік құралының түрі»;

7.21.1 «Маршруттық көлік құралының түрі».

 

 

Айтпақшы, жаңартылған Қағидада жылдамдықты шектеу белгілерін қалай қою керектігіне қызықты түсіндірме пайда болды: «Бір бірінен 100-ден 150 м дейін қашықта біртіндеп белгі орнату арқылы 20 км/сағ аспайтын адыммен жылдамдықты біртіндеп азайту». Бұдан бұрын ол туралы тек МемСТ-та ғана жазылған болатын,енді мұны қарапайым жүргізушілерге де хабарлауды жөн көрді. Мүмкін, осы талап енгізілгеннен кейін, барлығы 100 км/сағ жүретін трассада «50» белгісін қойып қоймайтын шығар. 80, 60 және содан кейін ғана 40 болатын жылдамдықты төмендету міндетті болады. Ал, расында, жылдамдықты біртіндеп азайтуды «белгілердің көрінуі 150 м кем болатын елді мекендердің алдында» қолдана қоймайды. 

 


Автомобильдердің  техникалық күйі туралы  

Сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға рұқсат ету жөніндегі негізгі ережелердің бөлімдеріне де түзетулер жасалды. 

Басты жаңалық: оның ішінен аэрографияға тыйым салатын норманы алып тастады

ЖЖҚ-ның бұл қосымшасында жол қозғалысы қатысушыларының жарақаттану қаупін тудыратын жүргізуші орнынан шолу мүмкіндігін шектейтін (артқы айна, әйнек тазартқыштың бөлшектері, сыртқы және әйнекке салынған немесе орнатылған радиоантенналар, жел әйнегінің еріту және құрғату құрылғыларының қыздыру элементтерін алмағанда) қосымша заттар орнатылған; механикалық көлік құралдарының жел әйнектері мен (немесе) кабинаның (салонның) алдыңғы бүйір жақ әйнектерінде түссіз пленка жағылған немесе жапсырылған   автомобильдерді пайдалануға тыйым салынатыны нақтыланып жатыр.    

Бұдан басқа, егер мемлекеттік тіркеу нөмірінде цифрлық немесе әріптік белгілерді жасыратын элементтер (құрылғылар) орнатылған болса, жолға шығуға тыйым салынады. Бұрын ЖЖҚ-да айлалы автомобиль жүргізушілеріне тапқырлығын көрсетуге мүмкіндік жасайтын перде туралы айтылған болатын.  

 


Велосипедшілер үшін маңыздысы. Автомобиль жүргізушілері үшін де  

Велосипедшілерге де кезек келіп жетті. 2017 жылғы 10 қарашадан бастап оларға, сондай-ақ мопед жүргізушілеріне веложолақтар мен веложолдар болмаған жағдайда, қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақпен бір қатармен жүруге рұқсат етілді. Иә, олар онсыз да солай жүретін еді, бірақ керек жағдайда ешқандай қағидаға сүйене алмайтын еді.     

«Жалпы ережелерге» велокөлік үшін бірнеше анықтама қосылды.   

«Велосипедші» — велосипедті басқаратын адам. Бұл онсыз да түсінікті болатын, бірақ оны енді ресми түрде жазып көрсетті.  

«Велосипед жолы» — велосипедтердің жүруіне арналған және тиісті белгімен белгіленген жеке жол немесе жолдың бір бөлігі. Велосипед жолы басқа жолдардан немесе нақ сол жолдың басқа элементтерінен конструктивтік түрде бөлінеді.  

«Велосипед жүретін жолақ» — жолдың жүру бөлігінің велосипедтер жүруге арналған жолағы. Велосипед жүретін жолақ жолдың басқа жүру бөлігінен ұзына бойындағы жол таңбасы және арнайы белгілер арқылы бөлінеді.    

 

Мопедке ЖЖҚ-да бұрыннан аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және басқа ұқсас сипаттамадағы көлік құралдары жататын. Белгілі болған анықтамаға «...соның ішінде электр моторлы» деп соңын қосты. 

 

Жалпы қағидаға енгізілген түзетулерді түбегейлі деп атау қиын. Біразы құжаттың бұрынғы редакциясынан алынды (ол әрине жақсы!), жаңасы пайда болды. Бірақ-та керемет емес. Ескерерлік деп кері бұрылу және қос сызық арқылы бұрылу туралы тармағын айтуға болады. ЖЖҚ-ның түзететін тармақтары әлі де бар. Болашақта заң шығарушылар оларға мән береді деп үміттенеміз.

 


Kolesa.kz