+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Motor (Australia) 2017: 235/35 R19 спорттық жазғы дөңгелегінің тестілеуі

Motor (Australia) 2017: 235/35 R19 спорттық жазғы дөңгелегінің тестілеуі

17.29.2022

Motor (Australia) 2017: 235/35 R19 спорттық жазғы дөңгелегінің тестілеуі
 
Фото: motormag.com
 
 
Дөңгелектің автомобильдің жолда өзін ұстауының қаншалықты көп факторына әсер ететінін әрбір жүргізуші біле бермейді. Өнімділігі, жылдамдық алуы/тежеу, бұрылыстағы орнықтылығы, аквапланингкке кедергінің тиімділігі, тозуға төзімділігі, сондай-ақ жалпы қауіпсіздігі – автомобильшінің қандай дөңгелек таңдағанына байланысты болады. Бұл үдеріске жауапкершілікпен қарап, дұрыс шешім қабылдау – ойлағандай оңай мәселе емес. 
 
Австралиялық «Motor» 2017 жылдың жазғы маусымында көпшілігі автомобильшілер болып табылатын өзінің оқырман аудиториясын ақпараттандыруды, және жаңа дөңгелек сатып алу кезінде туындайтын ерекшеліктердің басын ашуға көмектесуді мақсат етті. Осыған байланысты басылым сарапшыларының алдына сулы және құрғақ асфальттағы өнімділік, беріктік қоры, мүмкін, осы сипаттамалардың барлығын бірге алғандағы, сияқты маңызды өлшемді анықтау сияқты таптаурын болмаған міндет қойылды.
 
Тест драг-рейсинг және басқа автоспорт дисциплиналары бойынша жарыстарға арналған Сидней қаласының жанындағы «Сидней Драгуэйс» трегінде өткізілді. Мұнда қатысушы дөңгелектер тректің өзінде және оның қасындағы қосымша асфальтталған трассада бес дисциплина бойынша сыналды. Орнатылатын дөңгелектердің өнімділігіндегі айырмашылықты толық сынау үшін тестілеуге Ford Focus RS автомобилі таңдап алынды. «Фокустың» меңгерігіне 1997 жылдан бастап Австралияда жыл сайын өткізілетін «Суперкарс» чемпионаттарының бірқатарынан белгілі болған жарысушы Уоррен Лафф отырды.
 
«Құрғақ» дисциплиналарға слалом, джимкан, тежеу кірсе, «сулыға» - бүйірлік  орнықтылығы және, сондай-ақ, тежеу кірді. Тестіленген өлшем түрі - 235/35/19. Тестіленетін дөңгелектер нарықтың әр түрлі сегментінен болды – премиум кластан (Continental, Goodyear, Michelin, Pirelli) бастап, бюджеттікке дейін (Hankook, Kumho, Maxxis, Nexen). Эталон ретінде Ford Focus RS үшін 2016 жылы омолагацияланған Michelin Pilot Sport Cup 2 дөңгелегінің моделі таңдап алынды. Осы дөңгелектің көмегімен тректің күйі мен оған ауа райының әсері сағат сайын қадағаланып отырды, сондай-ақ, кемшіліктерді болдырмау үшін, тестілеу қорытындысын ақырғы өлшеу жасалып отырды.
 

Тестіленді:

2. Dunlop Sport Maxx RT2
4. Hankook Ventus S1 evo2 K117
5. Kumho Ecsta PS91
6. Maxxis M36 Victra
9. Pirelli PZero (2016 ш/ж) 
 
 

Құрғақ жолдағы тестілеу

Слалом (жалпы алғанда автомектеп практиканттарына «жыланды» еске түсіретін дисциплина). Бұл тест, сыналатын дөңгелектер үшін бір мезетте қарапайым және шаршататын бола тұра, жүріп өту кезінде тұрақты түрде ілінісуді ұстап тұруы тиіс, ал автомобиль, сәйкесінше, тестілеудің «шекті» деп белгілеген «шекарасынан» шықпауы тиіс бірқатар күрт бұрылыстан тұрады. Бұл сынақтың нәтижелілігінің басты факторлары бойлық және көлденең ілінісуінің көрсеткіші болып табылады, ол үшін дөңгелек бұжыртабанының суреті, резеңке қоспасының құрамы мен бүйір жағының қаттылығы жауап береді.
 
50 км/сағ жылдамдықта және екінші берілісте ABS, ESP жүйелері және басқа «көмекшілері» ажыратылған автомобиль тестіленетін дөңгелекпен тең қашықтықта орнатылған 9 конусты – қатысушы дөңгелектің әр моделіне 5 рет жүріп өту арқылы айналып өтуі тиіс. Және де тестілеу кезіндегі дисциплина нәтижесінің ең төмен немесе ең жақсы нәтижесі емес, орташа мәні есепке алынады.
 
Motor (Australia) 2017: 235/35 R19 спорттық жазғы дөңгелегінің тестілеуі. Құрғақ жолдағы слалом
 
Егер Michelin слаломда ойлағандай жақсы болса, онда Motor сарапшылары үшін Dunlop алған 6-шы орын жағымсыз «шындық» болып шықты. Өткен жылы – сол дисциплинада және сол тректе - жеңіске жеткен  Sport Maxx RT2  Ford пилотына біршама қатты болып көрінді.
 
 
Келесі позицияларда Michelin дөңгелегінен кейін Continental мен Pirelli орнықты, ал олардан кейін Hankook пен Kumho мәреге жетті. Goodyear дөңгелегінің «жыланнан» өту нәтижесі бірмәнді болмай шықты: өзінің ең жақсы жүріп өтуінде Kumho дөңгелегінен озып, Goodyear дөңгелектері былтырғы жылға қарағанда төмен орташа нәтиже көрсетті, сөйтіп, «слалом» бойынша рейтингтің ең «түбіне» және, сәйкесінше, Nexen мен Maxxis дөңгелектерінің орындарынан төмен түсті.
 
 
Тежеу. Тежеу дөңгелектің маңызды қабілеттерінің бірі болып табылады. Тежеу тиімділігі дөңгелектің тежеуіш педалінің басуына қаншалықты жылдам әрекет ететіні, тежеу жолы қаншалықты қысқа және бұл жағдайда тежеу үрдісі қаншалықты бақыланатынымен анықталады.
 
Тежеуге жүргізілген тест 100-ден 0 км/сағ дейін жылдамдықта – тректің слалом өткізілген бөлігінде – 3 рет жүріп өту арқылы жүргізілді. 
 
Дөңгелектердің өндіруші (құрылымы, бұжыртабанының суреті, резеңке қоспасының құрамымен) белгілегеніндей тежеу тиімділігін анықтау және нәтижесінде кемшіліктерді болдырмау үшін, сәйкесінше, Ford Focus RS-тің ABS-жүйесі ажыратылды.
 
Motor (Australia) 2017: 235/35 R19 спорттық жазғы дөңгелегінің тестілеуі. Құрғақ жолдағы тежеу
 
«Тежеу» тестілеуінен өту қорытындысы бойынша Continental дөңгелегі ең үздік шықты -35,73 м. Michelin дөңгелегінің бәсеңдеу қашықтығы көшбасшыға қарағанда тек жарты метрге ғана ұзағырақ болды, ол Pilot Super Sport дөңгелегіне бұл дисциплинада лайықты 2-ші орынды әкелді. 3-ші орынды Pirelli PZero дөңгелегін 40 см дейін озып, Kumho дөңгелегі иеленді – сапалық-бағалық кластағы айырмашылықты ескерсе, кәрістік өнім үшін тамаша нәтиже. Тең нәтижемен Goodyear және Dunlop дөңгелектері «тежеді» - 38 м. Соңғының алдындағы орынды Continentalдан 3,7 м қалыс қалып, Maxxis дөңгелегі иемденді, ал рейтингті жалпы қатысушылардан қатты айырмашылықпен 41,36 м тежеу қашықтығымен Nexen дөңгелегі тұйықтады. Уоренн Лафф Nexen дөңгелегін өте қатты ретінде және оның спорттық тұрғыда пайдаланылуына күмән келтіретін ұқыпты тежеуді талап етуін атап өтті.
 
 
Джимхана (ағыл. gymkhana) – жаттығуларының бір бөлігін Motor өзінің жазғы тестілеуіне таңдап алған кәсіби автоспорттағы жарыс түрі. Джимхан көбінесе слаломға ұқсайды, себебі оның мақсаты трассаны немесе трасса бөлігін ең жоғары мүмкін жылдамдықпен және ең төмен мүмкін уақытта жүріп өту болып табылады. Алайда, слаломнан айырмашылығы, джимханда бұрылыстар 90 тіпті 180 градустан да тік болуы мүмкін.
 
«Джимхана» тестілеуі тректің жанындағы үлкен тұрақ аумағында жүргізілді. Оның бағыты жеті күрт бұрылыстан, бір қысқа және S-түрлі жылдамдықты бөліктерден, ал шығарда – кең градуспен оңға бұрылуға ауысумен тағы бір қысқа жылдамдықты бөліктен тұрды.
 
Слаломға тестілеудегі сияқты «джимханның» нәтижелілігі орташа көрсеткішпен – үш дисциплиналық айналымды өтудің орташа минималды уақытымен есептелді. Алдыңғы тестілеулердегі сияқты бағыттық тұрақтылықтың қосымша жүйесі ажыратылды. Кейін пилот Motor тестілеуінің барлық дисциплиналарының ішінен «джимхан» дөңгелектерге жоғары және ауыспалы жүктеме жағынан аса ауыр болғанын атап айтты.
 
Motor (Australia) 2017: 235/35 R19 спорттық жазғы дөңгелегінің тестілеуі. Джимхана
 
«Джимханда» Continental мен Michelin дөңгелектері тағы да топтық орындарды иеленді, шындығында, тежеуге жүргізілген алдыңғы тестілеуде Continentalға қарағанда жүзден бір секунд үлесімен бұрын жүріп өтіп, осы дисциплинада Michelin бірінші орынды иеленді. Көшбасшылардан жүзден отыз секунд үлесімен қалыс қалып, Kumho дөңгелегі мәреге жетті, артынша, 0,16 сек. қалыс қалып Pirellі келді. Goodyear дөңгелектері бұл тестілеуде «құрғақ тежеуге» қарағанда, бір орынға жоғары шықты, ал олардан аздаған айырмашылықпен Dunlop Sport Maxx RT2 мәреге жетті. Nexen тағы да «қол үзіп» кетті, дәлірек – «джимхан» рейтингінің «түбіне», біршама – оннан екі секунд үлесінен астам – Maxxis дөңгелегі алған соңғы орыннан қалыс қалды.
 
Уоррен «джимханда» Michelin мен Continental дөңгелектері тамаша басқарушылықты, тұрақтылықты және бұрылыстан кейін жолмен ілінісуін жылдам қалпына келтіруін көрсеткенін атап өтті. 
 

Сулы жолдағы тестілеу

Тежеу. «Motor» басылымының пікірінше, қазіргі жазғы дөңгелектердің, әсіресе спорттық, сулы және құрғақ жолда тиімді өнімділігі болуы тиіс, сол себепті мұндай дөңгелектердің бұжыртабаны жиі ассиметриялық суретімен болады. Кез келген ауа райы жағдайында сипаттамаларының «алтын» теңгеріміне қол жеткізу үшін, өз өнімінің сапасын ойлайтын өндірушілер бұжыртабан геометриясын және оның барлық элементтерін үш өлшемді модельдеу арқылы жетілдіреді (кейбірі – егжей-тегжейлі – блоктарының қиғаш шеті және бұжыртабанның шашкалары сияқты ұсақ нюанстарына дейін).
 
Тежеуге жүргізілген «сулы тестілеу» осындай сынақтарға берілген учаскеде судың тұрақты деңгейін ұстап тұратын тесілген құбыршекті қолдану арқылы жүргізілді, дегенмен бұл аса қажет болмады – ауа райы желсіз, ауа температурасы жайлы 25°C көрсетіп тұрды.
 
 
Motor (Australia) 2017: 235/35 R19 спорттық жазғы дөңгелегінің тестілеуі. Сулы жолдағы тежеу
 
Тестілеуден өту нәтижесі бойынша Сontinental тағы да бәрінің алдына шықты – олардың тежеу жолы Kumhoдан (2-орын) жарты метрге қысқарақ және 15,93 м тежеу қашықтығымен соңғы орынға қалған Maxxis дөңгелектеріне қарағанда 2 метрге қысқа. Michelin дөңгелектері «Motor» сарапшыларын таңдандырып, тест кестесі бойынша орташа нәтиже көрсеткен Goodyear дөңгелектеріне қарағанда «сулы тестілеуде» небәрі 40 см ерте тоқтап, көшбасшыдан тіпті 2 позицияға қалыс қалды. 
 
Michelin дөңгелектері жайлы айтар болсақ. «Моторлықтар» сияқты, Лафф-та тежеуі Ford Focusтың пилотын қанағаттандырған Continental дөңгелектеріне қарағанда француз дөңгелегінің өзін ұстауын аса мінсіз деп санамады.
 
 
Бүйірлік орнықтылығы. Motor тестілеуіндегі соңғы дисциплина бұрылыстарды 45 км/сағ өту жылдамдығымен көлбеу қысқа айналма тректе – алты айналыммен орындалды.
 
Motor (Australia) 2017: 235/35 R19 спорттық жазғы дөңгелегінің тестілеуі. Сулы жолдағы бүйірлік орнықтылығы
 
Бұл тестілеуде барлық сынақ қатысушылары жалпы алғанда тең нәтиже көрсетті. Бұрылыс кезінде пайда болатын ортадан тепкіш күшке кедергісі мықтысы Pirelli дөңгелегі болып шықты. Pirelliге қарағанда Continental дөңгелегінің тректің шетіне жылжып кетуі көбірек болды, дегенмен неміс дөңгелегі құрметті екінші орынға ие болды. Үшінші орын Hankookқа тиді. Dunlop дөңгелектері үшін төртінші орын биылғы жылдың тестілеуіндегі ең жақсы нәтиже болды, дегенмен, егер өткен жылмен салыстырса, күтілгеннен төмен болып шықты. Goodyear дөңгелегі бүйір жақ орнықтылығын орташадан төмен, алайда осы дисциплинада жалпы есепте өзінің қорытынды бағасын біршама түсіріп алған Michelinге қарағанда жақсы көрсетті. Тестілеудің біразында ең төмен нәтиже көрсеткен Nexen бұл тестілеуде соңғының алдындағы орынды иеленіп, Maxxisтен озды.
 
 

Қорытынды

 
Motor (Australia) 2017: 235/35 R19 спорттық жазғы дөңгелегінің тестілеуі. Қорытынды
 
«Моторлықтарға» қорытынды шығару, ашып айтқанда, оңайға соқпады. Басқа бейінді басылымдардың (солтүстік континенттердегі) біршама жетілдірілген – бақыланатын ауа райы жағдайы және қоршаған орта температурасымен пилотсыз сынақ кешендерін пайдалану мүмкіндігі болса, мұнда, «Сидней Драгуэйс» трегінде австралиялықтарға тест нәтижесінің жоғары дәлдігіне кепілдік бере алмайтын недәуір қарапайым құралдарға жүгінуге тура келді. Дегенмен олар барлық кемшіліктерді азайтуға тырысты.
 
Алайда «Motorға» лайықты баға беру керек – олардың тестілеу базасы қаншалықты қарапайым болса да, олар жылдан жылға жинаған және жаңа тәжірибесін пайдалана отырып, тестілеуді жалғастыруда, және тестілеу үшін өзінің «аспаптарын» іздеп, барынша олардың объективтілігін сақтай отырып, оларды жетілдіру мүмкіндіктерін табады.
 
Енді бастысы туралы. Дөңгелектердің өткен барлық дисциплиналар бойынша нәтижесімен танысқан оқырмандар үшін көшбасшы айқын шығар. Бес тестілеудің екеуінде «алтынды» және қалған үшеуінде «күмісті» алған – мұның бәрі ең жоғары рейтингке ие болған және қорытынды кестеде бірінші орынды алған Continental ContiSportContact 5 туралы.
 
Бір таңғаларлығы, бірақ «сулы» және «құрғақ» дисциплиналардағы әр түрлі әрекеті Michelin Pilot Super Sport мен Pirelli PZero дөңгелектерін қорытынды рейтингте небәрі бір позиция айырмашылықпен орналастырды. Бұл нонсенске жауапты диаграммалар бойынша көруге болады : бүйірлік орнықтылығына жасалған тестілеуде Michelin дөңгелегі Pirelli-ге 5 позиция берсе, ал сулы асфальтта тежеуде – небәрі бір, және құрғақ асфальттағы үш тестілеуде енді Pirelli Michelin дөңгелегіне – алдымен 1, содан кейін 3 позиция берді.
 
Kumho дөңгелегіне 4-ші орынды жеңіп алуға мүмкіндік болды, бұл орта бюджеттік азиаттық бренд үшін жаман емес еді. Оның соңынан, рейтингтің 5 жолында басқа азиаттық бренд - Hankook орнықты. 
 
Dunlop дөңгелегі, өкінішке орай, 2016 жылы Motor тестілеуінде жеңіп алған чемпион атағын қорғай алмады. Алтыншы орын.
 
Жетінші орын — Goodyear.Барлық дисциплиналар бойынша орташа нәтиже бұл өндірушінің дөңгелектеріне тіпті Dunlop дөңгелектерінен жоғары көтерілуге мүмкіндік бермеді, ал бұл бренд Goodyear-дің «туындысы»болған еді ғой. Мұндай нәтиже Goodyear Eagle F1 Asymmetric 3 моделінің бейінді басылымдар мен экватордың арғы бетіндегі ұйымдардың тестілеуінде тұрақты түрде бірінші орыннан үшінші орынға дейін алып жүруін ескере отырып, біраз қисынсыз болып көрінеді.
 
Тест дисциплиналарында алма-кезек не 8-ші, не 9-шы орындарды ала отырып, Nexen мен Maxxis дөңгелектері сол «жетістігімен», сәйкесінше, рейтингтің сегізінші және тоғызыншы жолағына орналасып, қорытынды кестеге шықты.