+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Жаңа тренд: «шамадан тыс бұдырлы» шиналар

Жаңа тренд: «шамадан тыс бұдырлы» шиналар

17.30.2022

Жаңа тренд: «шамадан тыс бұдырлы» шиналар

 

Бұл жағдай 2013 жылы, бүртабанды шиналардың жол төсеміне келтіретін залалын төмендетуге бағытталған регламент күшіне енген жылы басталды. Регламенттің талабы бойынша бір де бір шинада бір қума метріне 50 бұдырдан көп болмауы тиіс еді. Осылайша 205/55 R16 өлшеміндегі шинаның бұжыртабанында барлығы 96 бұдырдан көп болмауы тиіс болды.      

 

Осы шектеуге Еуропарламент жолдарды, салық төлеушілердің ақшасы мен денсаулығын сақтау қажетілігі мақсатында деген дәлел келтірді. Бір қызығы оның үшінші себебі де бар, алайда «жасылдар» биліктегілерге бұдырдан шашылып шығатын асфальт ұнтағы онкологиялық ауруларды қоса алғанда, қауіпті ауруларға әкеп соғуы мүмкін деп сендірді.

 

Іс жүзінде еуропалық шина өндірушілерінің ешқайсысына регламент жақпады. Онымен қоймай, өндірісті «қума метрге 50 бұдыр» стандартына көшіріп қана қоймай, бұдырлау технологиясы бойынша регламент шыққанға дейін өндірілген шиналармен не істеу керектігін шешу қажет болды. Себебі мұндай шиналарды енді скандинавиялық автомобилистер пайдалана алмайтын еді. Бұдан басқа, біріншілерді де, екіншілерді де жаңа стандартқа икемделген ірі өлшем түріндегі шиналар қысқы жолда тиісті қауіпсіздік пен өнімділікті қамтамасыз ете ме деген мәселе толғандырды.

 

Жаңа тренд: «шамадан тыс бұдырлы» шиналар

 

Қалай болғанда да, бұдырға қойылған шектеулер шу жасамай қоймады. Регламент шина өндірушілері мен биліктегілер арасында біршама қызу дау тудырды: дәл асфальт үгіндісі тыныс алу жүйесі ауруларына әкеп соқтыратынына тікелей дәлел болмады; дәл бұдырды пайдалану асфальт үгіндісінің пайда болуына себеп екендігіне сендірерлік дәлел болмады; және «қума метріне 50 бұдырдан аспау» деген қайдан шықты? Шектеу бастамашылары тарапынан бұған жауап қайтарылмады.

 

Дау даумен, ал шина өндірушілеріне шығарып жатқан шиналарда бұдырларды жасанды түрде төмендетуден басқа ештеңе қалмады. Жаңа стандарт бойынша бүртабанды шиналарды шығара бастаған Michelin болды және оның X-Ice North үшінші буыны. Бұдыр туралы жаңа заңда кенеттен орағытып өтетін ілік пайда болмағанда, бәрі де осылай жалғаса берер еді. Бұл ілік белгілі болған жағдайларды ескерсек, кейбіреулер тіпті Nokian Tyres осы шектеулерге қарсы болып қана қоймай, оны бастама етуге қатысты деп күдіктене бастады.   

 

Ал жағдайлар келесідей болды. Алдымен белгілі Test World тәуелсіз финдық (финдық!) сараптау ұйымы  кейіннен «овер-ран» (over-run) деп аталып кеткен тестті өткізді, содан кейін ол еуропа нарығы үшін сертификаттаудан өтетін барлық бүртабанды шиналар үшін міндетті болды.   

 

Тест келесідей өткізілді: 15 арнайы әдіспен кептірілген 300-грамдық финдық граниттен (Kuru Grey) тұратын өлшемі 9 х 7,5 см және қалыңдығы 2 см шағын алаңда 100 км/сағ жылдамдықта бүртабанды шинамен автомобиль кемінде 400 рет жүріп өтеді. Гранит алаңды құратын тақталар бүртабанды шиналармен әрекеттескенге дейін және кейін жоғары дәлдікті таразымен өлшенеді. Егер де тақтаның салмағы тесттен кейін бастапқы салмағынан өзгермесе, шина жол төсеміне зиян келтірмейді деуге болады. Ол дегеніміз – бұдыр саны шина өндірушісі қанша болу керек десе, сонша бола алады дегенді білдіреді.       

 

 

Бұдыр туралы регламент күшіне енгеннен кейін «овер-раннан» сәтті өткен алғашқы шина өндіруші Hakkapeliitta 8 бүртабанды шинасымен Nokian Tyres финдық (тағы да) компаниясы болды. Оның бұжыртабаны сол кезде естімеген – 190 дана бұдырмен жабдықталған болатын! Бұдырға қойылған шектеу түріндегі жаңа ереже үшін бұл шина өндірушілерінен бірінші нокаут болған еді. Абсолюттік емес, алайда техникалық. Дәлірек айтсақ – бұдыр саны мен жол төсеміне келтірілетін залал арасындағы байланыс тікелей немесе тіпті жанама да емес екенінің техникалық негізделген дәлелі.     

 

Бұдыр санының артуының арқасында (130-ға, ал жаңа регламент бойынша – 96-ға қарсы 190) келесі 3 жыл бойы Nokian Hakkapeliitta 8 қысқы бүртабанды шинаның әрбір үшінші тестінің көшбасшысы атанды. Одан басқа, осы модель әлі күнге дейін асып түсе алмаған Audi RS6 автомобилінде финдық жарысушы Янне Лайтинен қойған мұздағы жылдамдықтың әлемдік рекордының иесі. 

 

Осылайша, Nokian Tyres-тің технологиялық шешімі басқа да шина өндірушілерін деңгейін көтеруге, 130 бұдыр – асфальт төсеміне зиян келтірмейтін және қысқы жолдарда жақсы өнімділік пен жеткілікті деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қажетті минимум екенін іс жүзінде көрсетуге шабыттандырды. Осындай жүйеліліктің жарқын мысалы Nokian Hakkapeliitta 8 шинасын қысқы шина тестілерінде бірнеше рет жеңген Continental IceContact 2 (190 бұдыр) бүртабанды шинасы және тестілеудің қорытынды рейтингтерінде ауыспалы түрде жоғарғы орындарды алып жүрген Goodyear UltraGrip Ice Arctic (130 бұдыр)бола алады.

 

Регламент шыққан сәттен бастап 2018 жылға дейін 190 бұдыр қысқы жолаушылар шинасы үшін ең жоғары жеткілікті саны болып саналды. Алайда, 2018 жылдың наурыз айында Michelin компаниясы 250 бұдыр орнатылған X-Ice North модельдік желісінің төртінші буынының тұсаукесерін жасап, рекордты жаңартты. Ол да шегі емес еді: 245/40 R18 өлшемінде Michelin X-Ice North 4 шинасының бұжыртабанында 268 бұдыр орнатылды. 

 

205/55 R16 өлшемінде X-Ice North 4 бұдыры 22 отырғызу сызығында орналасады (Michelin X-Ice North 3 шинасындағы 8-9-ға қарсы). Осылайша шинаның жолмен түйісу нүктесіне 24 бұдыр қатысады, осы үшін X-Ice North 4-ті сыртынан «шамадан тыс бұдырлы» деп атап кетті.      

 

 

Бірақ бұдырдың осындай көп мөлшері не береді? Тәжірибе жүзінде оны тек Tekniikan Maailma фин журналы анықтай алды, ол X-Ice North 4-тің ресми түрде шығуын күтіп, бүртабанды шиналар тестілеуін наурыз айына ауыстырды. Қалған бейінді басылымдар сынақтарды қыстың басында өткізді, сондықтан олардың тестілеуінде Michelin-нің жаңа өнімін 2019 жылы ғана көруге болады.   

 

Нәтижесінде Tekniikan Maailma мамандары Michelin X-Ice North 4 мұздағы ілінісуінің басылым өткізген қысқы тестілеу тарихында ең үздік екенін бір ауыздан мойындады. Сонымен қатар сарапшылар жаңа өнімнің қысқы төсемнің осы түрінде көрсеткен тамаша басқарылуын атап өтті. Сулы асфальттағы өнімділігі сүйсіне мақтауға келмеді дегені болмаса. Алайда, MichelinX-IceNorth 4 сияқты шина үшін мұз бен қардағы сынақ басты дисциплина екенін ескере отырып, сулы жолдағы нәтижесі аса маңызды бола қоймайды.  

 

Қорытындылай келе, Michelin-нің «шамаданы тыс бұдырлыққа» бәс тігуі толығымен сенімді ақтады десе болады. Бұдыр санын арттыру трендке айнала ма? Мүмкін айналған да шығар, өйткені осы мысал – осының тікелей дәлелі емес пе.