+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Tekniikan Maailma (2018): 205/55 R16 бүртабанды шинасын тестілеу

Tekniikan Maailma (2018): 205/55 R16 бүртабанды шинасын тестілеу

17.30.2022

Tekniikan Maailma (2018): Тест зимних шипованных шин 205/55 R16

 

 

2018-2019 жж. қысқы маусымына Tekniikan Maailma (Мир техники) финдық журналы Test World тәуелсіз сараптау ұйымымен бірлесе отырып, қысқы бүртабанды шиналардың өзекті модельдеріне тест жүргізді. Тест MichelinX-Ice- North 4 (XIN 4) қысқы жаңа өнімі кіргендіктен есте қалады.

 

Тестіленген шина модельдерінің тізімі:

 

 

Michelin XIN 4 2018 жылдың ең бір көптен күткен қысқы жаңа өнімі десек артық болмас. 2013 жылы қысқы шиналардағы бүртабан санын қума метрге 50 данаға дейін шектейтін ЕО регламенті күшіне енген кезде, Michelin жаңа заңнама нормасына сәйкес келетін шинаны шығарған бірінші компания болды. Өздеріңіз түсінгендей, бұл шина - Michelin X-Ice North 3 шинасы болды. Және, мұнда, Michelin біраз асығыстық жасағанын айтқанымыз дұрыс болар: 96 бүртабаны бар жаңа өнім бәсекелестерінің әлі де 130 бүртабаны қалған шиналарымен бәсекеге түсуіне тура келді.

 

Басқа белгілі Финляндиялық шина өндірушісі бүртабан санын азайту мұздағы ілінісу тиімділігіне кері әсер ететінін ескеріп (тәжірибе көрсеткендей, онікі дұрыс болып шықты), бұл мәселені жете зерттей бастады. Осылайша бүртабаны жеңілірек және Michelin XIN3 шинасына қарағанда жүзге артық — 190 дана, Nokian Hakkapeliitta 8 шинасы пайда болды. Nokian Tyres шинасынан кейін іле-шала басқа өндірушілер де бүртабанның асфальтқа зиянды әсерін олардың санымен емес, салмағы және құрылымымен жаңа нормаға келтіруге болатынын түсінді. Осылайша қысқы флагмандарда бүртабан саны азаймақ тұрмақ, арта түсті. 2018 жылға дейін, Michelin тек 205/55 R16 өлшемінде 250 бүртабаны, ал үлкен өлшемдерде одан да көп бүртабаны бар X-Ice North 4шинасын шығарғанға дейін, көбісі 190 бұртабан – бұл ең шегі деп ойлаған еді.

 

Tekniikan Maailma осы тестілеуде өндіруші мәлімдегендей Michelin жаңа өнімінің соншалықты жақсы болып шыққанына көз жеткізуді және жазылушыларға көрсетуді шешті.

 

 

 

ТЕСТ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ДИСЦИПЛИНА Салмағы Michelin
X-Ice North 4
Continental
IceContact 2
Hankook
Winter i*Pike
RS2 W429
Nokian
Hakkapeliitta 9
Bridgestone
Noranza 001
Vredestein
Wintrac Ice
Pirelli
Ice Zero
Yokohama
iceGUARD iG65
Gislaved
Nord*Frost 200
Goodyear
UltraGrip Ice Arctic
Cooper
Weather-Master
WSC
Nexen
WinGuard
WinSpike WH62
ОРЫН % 1 2 3 3 5 6 7 8 8 9 11 12
МҰЗ 40%  
50-ден 0 км/сағ. дейін тежеу 10% 10 10 9 10 8 8 8 9 7 9 5 5
5-тен 20 км/сағ. дейін жылдамдық алу 10% 10 9 10 10 10 8 9 9 7 7 6 6
Басқарылуы 10% 10 9 10 9 9 9 8 9 9 8 7 7
Басқарылуы (субъективті) 10% 10 9 10 9 9 7 7 7 8 7 6 6
ҚАР 20%  
80-нен 0 км/сағ. дейін тежеу 5% 8 8 8 8 6 8 7 7 10 9 8 5
5-тен 35 км/сағ. дейін жылдамдық алу 5% 9 8 10 8 8 8 9 8 9 8 5 5
Басқарылуы 5% 9 9 10 8 10 7 8 7 8 9 5 5
Басқарылуы (субъективті) 5% 9 8 9 8 9 8 8 7 8 7 6 6
СУЛЫ ТӨСЕМ 15%  
80-нен 0 км/сағ. дейін тежеу 5% 7 7 6 8 6 8 8 8 7 7 10 9
Басқарылуы 5% 6 8 7 8 6 8 8 7 7 7 9 8
Басқарылуы (субъективті) 5% 7 9 7 8 7 9 8 8 8 8 9 8
ҚҰРҒАҚ ТӨСЕМ 10%  
80-нен 0 км/сағ. дейін тежеу 5% 8 7 7 7 9 8 8 7 7 8 7 10
Басқарылуы (субъективті) 5% 7 8 6 7 7 8 7 7 6 7 7 8
ҮНЕМДІЛІГІ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ 15%  
Бағыттық орнықтылығы 5% 10 8 6 8 6 8 7 6 7 8 8 7
Шуыл 5% 6 7 5 6 6 6 5 6 7 5 7 6
Үнемділігі 5% 7 8 8 8 9 8 8 8 7 7 7 6
ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА 100% 8,7 8,5 8,4 8,4 8,1 7,9 7,8 7,7 7,7 7,6 6,8 6,6
Бүртабан саны   250 190 190 190 190 170 130 172 130 130 84 190
Индекстер   91Т 94Т 94 Т 94Т 94Т 94Т 94Т 94Т 94T 94T 91T 94T