+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017)

245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017)

17.29.2022

245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017)

 

 

Auto Bild өзінің 2017 жылғы 13-ші нөмірінде Y жылдамдық индексімен 245/40 R18  өлшеміндегі дөңгелектің 9 UPH-моделінің өз тестілеуін жариялады. Тестілеудің мақсаты – баға деңгейі әр түрлі дөңгелектерді салыстырып, жылдам әрі қауіпсіз жүру үшін оңтайлы нұсқасын анықтау. Сынақ жүргізу үшін Audi TT автомобилі таңдап алынды.

 

Жағымсыз жағдай – бұл тестілеуде (тестілеушілерді таңдандыратын және түңілтетін) Continental ContiSportContact 5 моделі топқа да кірмеді. AB сарапшыларының ойынша, көрнекі нәтиже көрсете алмауының себебі модельдің қарсыластарына қарағанда салыстырмалы түрде ескілігінде, мүмкін тестіленетін автомобиль үшін қолайсыз (тиімсіз) өлшемінде деуге болады... 

 

 

Тестіленгендер:

1.   Continental ContiSportContact 5

2.   Dunlop Sport Maxx RT2

3.   Falken Azenis FK510

4.   Firestone Firehawk SZ90μ

5.   Goodyear Eagle F1 Asymmetric 3

6.   Hankook Ventus S1 evo2 K117

7.   Michelin Pilot Sport 4

8.   Nokian zLine

9.   Vredestein Ultrac Vorti

 

 

 

Сулы асфальт

 

245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017). Сулы асфальт. Тежеу   245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017). Сулы асфальт. Басқарылуы

 

245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017). Сулы асфальт. Акважоспарлау   245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017). Сулы асфальт. Бүйір жақ тұрақтылығы

 

 

Құрғақ асфальт

 

245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017). Құрғақ асфальт. Тежеу   245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017). Құрғақ асфальт. Басқарылуы

 

245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017). Құрғақ асфальт. Акустикалық жайлылығы   245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017). Құрғақ асфальт. Отын үнемділігі

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

245/40 R18 жазғы дөңгелектерін тестілеу (AUTO BILD, 2017). ҚОРЫТЫНДЫ

 

Michelin Pilot Sport 4 таңғаларлық «меңгерікті сезуін», болжанатын жүрісін, басқару дәлдігі мен тежеу тиімділігін, сонымен қоса барлық ауа райы кезіндегі жолдарда жайлы жүрісін көрсете отырып, чемпион атағын растады (225/40/18, Sport Auto 2017). «Өте жақсы». 

 

Michelin дөңгелегі сияқты «өте жақсы» деген бағамен екінші орынды Goodyear Eagle F1 Asymmetric 3 және Vredestein Ultrac Vorti дөңгелектері бөлісті. Екі модель де барлық жол төсемінде жүрісінің тамаша теңгерімділігін көрсетті. Goodyear дөңгелегінің ерекшелігі жоғары отын үнемділігі болса, ал Vredestein дөңгелегінде – үздік бүйір жақ тұрақтылығы.

 

Келесі модельдер - Dunlop Sport Maxx RT2 және Hankook Ventus S1 evo2 K117, Falken Azenis FK510 және Nokian zLine модельдері сулы жолда артық бұрылуға бейімділігінен сәйкесінше 4 және 6-шы орындарды иеленді. Nokian дөңгелегіне қатысты меңгеріктің төмен сезімталдығы мен жүріс жайлылығының төмендігі оның позициясының төмендеуіне әкеп соқты. Бағасы «Жақсы».

 

«Қанағаттанарлық» бағасымен сегізінші орынға ContiSportContact 5 дөңгелегі орналасты. Бәсекелестерімен салыстырғанда, Continental дөңгелектерінің көлденең ілінісуі нашар және бұруға меңгеріктің реакциясы аса нақты болмай шықты. Тежеу қашықтығының салыстырмалы түрде ұзақтығы сыналған модельдің жүрісінен алынған жалпы әсерді төмендетті. Өткен маусымдардағы тестілеулердегі көптеген жеңістері мен бірінші орындары аясында ContiSportContact 5 дөңгелегінің АВ тестілеуіндегі нәтижесі шындыққа жанаспайтындай көрінеді.      

 

Firestone Firehawk SZ90μдөңгелектері барлық дисциплиналарда «құлап» және рейтингтің тоғызыншы орнын иеленіп, тура мағынада «Нашар» нәтиже көрсетті. Меңгеріктің бұруына реакциясының нақты болмауы, жүрісінің болжамсыздығы мен сулы жолда тежеу қашықтығының ұзақтығы – осының бәрі Auto Bild сарапшыларының ойынша Firehawk SZ90μдөңгелегін сатып алу және пайдалануды қауіпті етеді.