+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Test World, 2017: 205/55 R16 дөңгелегінің үлкен қысқы тестілеуі

Test World, 2017: 205/55 R16 дөңгелегінің үлкен қысқы тестілеуі

17.30.2022

TEST WORLD, 2017: ТЕСТ ЗИМНИХ ШИН РАЗМЕРА 205/55 R16

 

Тестіленген дөңгелектер тізімі:

 

«Continental бастайды да, жеңеді» -  Continental концерні дөңгелектерінің қысқы бүртабанды және үйкелісті дөңгелектердің 26 жиынтығына Test Worldфиндық тәуелсіз сараптау тобы өткізген жаңа тестілеуге қатысуын осылайша қысқа түйіндеуге болады. Ол солай деп күтілген еді де, өйткені Скандинавия елдерінде Continental лайықты түрде тамаша сапалы қысқы дөңгелек өндіруші деп саналады. 

 

Test World сарапшыларының ойынша, Continental IceContact 2 – жайлылығы және жеңіл басқарылуымен, мұз басқан жолдарда болжамды жүрісімен және қарлы жолда тиімді өтімділігімен қанағаттандыратын қауіпсіз қысқы дөңгелектің тамаша үлгісі. 

 

Алайда, IceContact 2 дөңгелегіне TW тестілеушілерінің шағымы болмаса, Nokian қысқы дөңгелігінің жүрісі тосын болды. Алдымен Hakkapeliitta 9 - Nokian премиалды сегментінің жаңа қысқы бүртабанды моделі – жалпы есепте Hankook Winter I*Pike RS+ бюджеттік бүртабанды дөңгелектеріне жол беріп, сарапшылар күтпеген 3-ші орынды иеленді. Үйкелісті сегментіндегі Hakkapeliitta R2 де ойдан шықпады – мұнда Nokian дөңгелегі американдық Goodyear дөңгелек алпауытының «еншілес» компаниясы шығаратын бюджеттік Sava Eskimo Ice дөңгелегіне үш орынға жол беріп, тағы да соңында қалды.

 

Алайда бұл, дегенмен, аса таңқалдыра қоймайды, себебі ірі өндірушілер екінші қатар брендтерімен шығаратын дөңгелектер көбінесе премиум-сегментінің бұрынғы буынының түрлендірілген модельдері болып табылады.  Ол деген, автоиеленуші шамалы бюджетіне қарай қауіпсіздік және өнімділік деңгейі әжептәуір дөңгелек сатып ала алады дегенді білдіреді.

 

Қорытындылай келе, Tes World сарапшылары қазіргі уақытта жол мен климаттық жағдайларға байланысты барлық мәселелердің шешімі болып табылатын дөңгелектер жоқ екенін атап айтады. Сол себепті автомобильшілер дөңгелекті өз қалауларына қарай таңдаулары тиіс.

 

Ал енді тестке кірісейік!

 

Баға салмағы

Сипаттамасы

Cалмағы, %

Мұз, 40%

Тежеу

10

Тарту күші

10

Басқарылуы

10

Басқарылуы (суб.)

10

Қар, 20%

Тежеу 

5

Тарту күші 

5

Басқарылуы 

5

Басқарылуы (суб.) 

5

Сулы асфальт, 15%

Тежеу 

5

Басқарылуы 

5

Басқарылуы (суб.) 

5

Құрғақ асфальт, 10%

Тежеу 

5

Басқарылуы 

5

Жайлылық/үнемділік, 15%

Бағыттық орнықтылық 

5

Шуыл

5

Отын шығыны

5

 

 

ТЕСТТЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

50-ден 0 км/сағ дейін жылдамдықпен мұздағы  тежеу жолы  5-тен 20 км/сағ дейін жылдамдықпен  мұзда жылдамдық алу  Мұздағы басқарылуы

 

Мұздағы басқарылуы (субъективті)  80-нен 0 км/сағ дейін жылдамдықпен қарда  тежеу жолы    Қарда 5-тен 35 км/сағ дейін жылдамдық алу

 

Қарда басқарылуы  Қарда басқарылуы (субъективті)  Сулы асфальтта 80-нен 0 км/сағ  жылдамдықпен тежеу

 

Сулы асфальтта басқарылуы    Сулы асфальтта басқарылуы (субъективті)  Құрғақ жолда 90-нан 0 км/сағ дейін  жылдамдықпен тежеу

 

Құрғақ жолда басқарылуы (субъективті)  Шуыл деңгейі    Отын тұтынуы

 

Шуыл деңгейі

 

 

ЖАЛПЫ ЕСЕП

 

1-орын

Continental IceContact 2 | Қорытынды баға: 8,8

Continental IceContact 2

+ Мұзда және қарда дисциплиналардың көбіндегі әсерлі нәтиже 
+ Экстремалды жағдайлардағы болжанатын және қауіпсіз жүрісі 
+ Сулы асфальттағы жүрісі – сөгіссіз

Бүртабан, дана:

190

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

43/2016

Шығарылған жері:

Германияда

 

2-орын

Hankook Winter i*Pike RS+ W419D | Қорытынды баға: 8,7

Hankook Winter i*Pike RS+ W419D

+ Күтпеген жерден батыл болжалдан асып түсті 
+ Жолдағы жүрісінің орнықтылығы, қарда және мұзда жақсы басқарылуы 
+ Жазғыруға келмейтін бағыттық орнықтылығы

 


- Шулы

Бүртабан, дана:

170

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

02/2017

Шығарылған жері:

Оңтүстік Кореяда

 

3-орын

Nokian Hakkapeliitta 9 | Қорытынды баға: 8,4

Nokian Hakkapeliitta 9

+ Тежеу жолының қысқалығы және қар мен мұздағы дәстүрлі мінсіз басқарылуы

 


- Сулы асфальттағы орташа нәтиже 
- Құрғақ жолдағы тежеу жолының салыстырмалы ұзақтығы 
- Асфальттағы меңгерік бұруына кеш реакциясы 
- Шулы

Бүртабан, дана:

190

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

01/2017

Шығарылған жері:

Финляндияда

 

4-орын

Pirelli Ice Zero | Қорытынды баға: 8,3

Pirelli Ice Zero

+ Жалпы алғанда қарда және мұзда жақсы басқарылуы 
+ Сулы асфальттағы әжептәуір нәтижесі 
+ Құрғақ асфальттағы тамаша жүрісі 
+ Жақсы бағыттық орнықтылығы

 


- Қар мен мұзда тежеуі әлсіз 
- Шулы

Бүртабан, дана:

130

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

43/2016

Шығарылған жері:

Ресейде

 

4-орын

Goodyear UltraGrip Ice Arctic | Қорытынды баға: 8,3

Goodyear UltraGrip Ice Arctic

+ Қарда, мұзда және сулы асфальттағы тамаша тежеу 
+ Жақсы бағыттық орнықтылығы

 


- Мұздағы салыстырмалы төмен бүйірлік орнықтылығы 
- Сулы асфальттағы орташа басқарылуы

Бүртабан, дана:

130

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

48/2016

Шығарылған жері:

Польшада

 

6-орын

Yokohama iceGUARD iG65 | Қорытынды баға: 8,2

 Yokohama iceGUARD iG65

+ Қар мен мұздағы тамаша тарту күші
+ Сулы асфальттағы әжептәуір нәтиже

 


- Мұз басқан жолдағы тежеу қашықтығының салыстырмалы ұзақтығы
- Қардағы салыстырмалы төмен бүйірлік орнықтылығы, сонымен бірге басқарылуы сақталады

Бүртабан, дана:

172

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

07/2017

Шығарылған жері:

Ресейде

 

6-орын

Vredestein Wintrac Ice | Қорытынды баға: 8,2

Vredestein Wintrac Ice

+ Елеулі кемшіліктер көрінбеді
+ Қардағы үйлестірілген жүрісі
+ Қар мен мұзда таймайды
+ Сулы асфальттағы әжептәуір нәтиже
+ Қанағаттанарлық бағыттық орнықтылығы

 


- Мұз басқан жолдағы тежеу жолының салыстырмалы ұзақтығы

Бүртабан, дана:

170

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

07/2017

Шығарылған жері:

Нидерландыда

 

8-орын

Gislaved Nord Frost 200 | Қорытынды баға: 8,1

Gislaved Nord Frost 200

+ Жылдамдықты жақсы алады, қарда жақсы тежейді
+ Сулы асфальттағы әжептәуір нәтиже
+ Тестілеудегі бүртабанды дөңгелектер арасында шуыл деңгейінің төмендігі

 


- Мұздағы біршама орташа нәтижесі

Бүртабан, дана:

130

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

43/2016

Шығарылған жері:

Германияда

 

8-орын

Continental ContiVikingContact 6 | Қорытынды баға: 8,1

Continental ContiVikingContact 6

+ Тежеу жолының қысқалығы және мұздағы жақсы бүйірлік орнықтылығы
+ Қардағы жүрісінің болжануы және қауіпсіздігі
+ Сулы жолдағы жақсы нәтиже
+ Жоғары отын үнемділігі

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

41/2016

Шығарылған жері:

Германияда

 

8-орын

Bridgestone Noranza 001 | Қорытынды баға: 8,1

Bridgestone Noranza 001

+ Қар мен мұзда қанағаттанарлық басқарылуы
+ Жоғары отын үнемділігі

 


- Өзінің былтырғы көрсеткен нәтижесінен аса алмады
- Қар мен мұзда төмен тежеу көрсеткіші
- Сулы асфальттағы төмен ілінісу көрсеткіші

Бүртабан, дана:

190

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

03/2017

Шығарылған жері:

Ресейде

 

11-орын

Sava Eskimo Ice | Қорытынды баға: 7,6

SAVA Eskimo Ice

+ Күтпеген әжептәуір сипаттамалары бар бюджеттік дөңгелек
+ Қар мен мұздағы жүрісінің болжануы және қауіпсіздігі
+ Қарда қысқа тежейді
+ Сулы асфальтта тұрақты және қауіпсіз

 


- Мұзда аса тиімсіз тежеу

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

29/2016

Шығарылған жері:

Польшада

 

11-орын

Michelin X-Ice North 3 | Қорытынды баға: 7,6

Michelin X-Ice North 3

+ Қар мен мұздағы тұрақты жақсы жүріс
+ Сулы асфальттағы тамаша нәтиже

 


- Мұздағы салыстырмалы төмен тежеу және баяу жылдамдық алу

Бүртабан, дана:

96

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

35/2016

Шығарылған жері:

Ресейде

 

11-орын

Sava Eskimo Stud | Қорытынды баға: 7,6

Sava Eskimo Stud

+ Сулы асфальттағы тамаша нәтиже

 


- Салыстырмалы баяу жылдамдық алу және қар мен мұздағы тежеу мен бүйірлік орнықтылығының төмендігі

Бүртабан, дана:

130

Жүктеме және жылдамдық индексі:

91T

Шығарылған аптасы және жылы:

25/2016

Шығарылған жері:

Польшада

 

14-орын

Nokian Hakkapeliitta R2 | Қорытынды баға: 7,5

Nokian Hakkapeliitta R2

+ Қар мен мұздағы жүрісінің дәстүрлі жақсы көрсеткіші

 


- Сулы асфальттағы салыстырмалы төмен көрсеткіштері, әсіресе тежеу

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94R

Шығарылған аптасы және жылы:

05/2017

Шығарылған жері:

Финляндияда

 

14-орын

Goodyear UltraGrip Ice 2 | Қорытынды баға: 7,5

Goodyear UltraGrip Ice 2

+ Мұздағы тежеу және жылдамдық алудың тамаша көрсеткіші
+ Қардағы жүрісінің қауіпсіздігі

 


- Мұздағы салыстырмалы төмен бүйірлік орнықтылығы
- Шулы

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

41/2016

Шығарылған жері:

Финляндияда

 

16-орын

Michelin X-ice Xi3 | Қорытынды баға: 7,4

Michelin X-Ice Xi3

+ Тұрақты ілінісу және жалпы қар мен мұздағы жақсы нәтиже
+ Тамаша бүйірлік орнықтылығы және сулы асфальттағы жақсы басқарылуы
+ Үлкен өтімділік ресурсы

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94H

Шығарылған аптасы және жылы:

06/2016

Шығарылған жері:

Ресейде

 

16-орын

Hankook Winter i*cept iZ2 W616 | Қорытынды баға: 7,4

Hankook Winter i*cept iZ2 W616

+ Мұздағы жоғары тиімділігі
 


- Қардағы орташа нәтиже және меңгеріктің бұруына әлсіз бағынуы
- Құрғақ асфальтта бүйірлік орнықтылығының және маневрлігінің төмендігі

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

01/2017

Шығарылған жері:

Оңтүстік Кореяда

 

18-орын

Triangle IceLink (PS01) | Қорытынды баға: 7,3

Triangle IceLink (PS01)

+ Сулы асфальттағы жоғары нәтижелілігі
+ Бағыттық орнықтылығы – сөгіссіз
+ Шуылы төмен

 


- Төмен бүйірлік орнықтылығы мен мұзда тежеуі
- Қардағы төмен көрсеткіш

Бүртабан, дана:

128

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

19/2016

Шығарылған жері:

Қытайда

 

19-орын

Bridgestone Blizzak WS80 | Қорытынды баға: 7,2

Bridgestone Blizzak WS80

+ Мұздағы жоғары нәтижелілігі
+ Қардағы қанағаттанарлық басқарылуы

 


- Қарда тежеуінің төмендігі
- Сулы асфальттағы төмен көрсеткіштер

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

47/2016

Шығарылған жері:

Жапонияда

 

20-орын

Pirelli Ice Zero FR | Қорытынды баға: 7,1

Pirelli Ice Zero FR

+ Қарда жақсы басқарылуы және орнықтылығы
+ Сулы және құрғақ асфальттағы қанағаттанарлық нәтижелері

 


- Мұздағы тежеу көрсеткішінің нашарлығы және төмен бүйірлік орнықтылығы

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

46/2016

Шығарылған жері:

Ресейде

 

20-орын

Nankang SW-8 | Қорытынды баға: 7,1

Nankang SW-8

+ Сулы және құрғақ асфальттағы қанағаттанарлық нәтиже
 


- Қар мен мұздағы өте төмен көрсеткіштері

Бүртабан, дана:

170

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

07/2017

Шығарылған жері:

Қытайда

 

22-орын

Falken Espia Ice | Қорытынды баға: 7,0

Falken Espia Ice

+ Қарда жақсы тежеуі
+ Мұздағы жақсы тартуы
+ Сулы асфальттағы жақсы көрсеткіштері
+ Жақсы бағыттық орнықтылығы

 


- Қар мен мұзда таюға бейімділігі
- Едәуір шулы

Бүртабан, дана:

116

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94T

Шығарылған аптасы және жылы:

16/2016

Шығарылған жері:

Түркияда

 

23-орын

Landsail Winter Lander | Қорытынды баға: 6,7

Landsail Winter Lander

+ Тестілеудегі азиялық үйкелісті үш дөңгелектің үздігі
+ Мұздағы қанағаттанарлық тежеу
+ Қардағы қанағаттанарлық көрсеткіштер

 


- Төмен бүйірлік орнықтылығы және мұздағы ілінісу, таюға бейімділігі 
- Сулы асфальттағы төмен ілінісу

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94H

Шығарылған аптасы және жылы:

08/2017

Шығарылған жері:

Қытайда

 

24-орын

Kumho WinterCraft ice Wi31 | Қорытынды баға: 6,5

Kumho WinterCraft ice Wi31

+ Сулы асфальттағы жарамды нәтиже
+ Қанағаттанарлық бүйірлік орнықтылық
+ Шуылы төмен

 


- Төмен бүйірлік орнықтылығы және мұздағы ілінісу, таюға бейімділігі
- Сулы асфальттағы төмен ілінісу

Бүртабан, дана:

150

Жүктеме және жылдамдық индексі:

91T

Шығарылған аптасы және жылы:

06/2017

Шығарылған жері:

Оңтүстік Кореяда

 

25-орын

LingLong Green-Max Winter Ice I-15 | Қорытынды баға: 6,3

LingLong Green-Max Winter Ice I-15

+ Құрғақ асфальттағы жақсы көрсеткіштері

 


- Таюға бейімділігінің жоғарылығы және мұзда нашар тежеуі 
- Қардағы төмен көрсеткіш
- Сулы асфальтта таюға бейімділігінің жоғарылығы

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94Н

Шығарылған аптасы және жылы:

08/2017

Шығарылған жері:

Қытайда

 

26-орын

Nankang Ice Activa Ice-1 | Қорытынды баға: 6,2

Nankang Ice Activa Ice-1

+ Қардағы қанағаттанарлық нәтижелері
 


- Тестілеудегі ең ұзақ тежеу жолы және мұзда таюға жоғары бейімділігі 
- Сулы асфальтта ілінісуін жоғалтуға жоғары бейімділігі

Бүртабан, дана:

--

Жүктеме және жылдамдық индексі:

94Q

Шығарылған аптасы және жылы:

07/2017

Шығарылған жері:

Қытайда