+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Test World: 205/55/16 (2016) қысқы дөңгелектерінің жаһандық тестілеуі

Test World: 205/55/16 (2016) қысқы дөңгелектерінің жаһандық тестілеуі

17.29.2022

Test World: глобальный тест зимних шин 205/55/16 (2016)

 

Лапландияға алғашқы қар түскенде Test World сарапшылары тестілеу арқылы салыстыру үшін еуропаның жұмсақ қысына арналған қысқы үйкелісті дөңгелектерді қоса отырып, скандинавиялық қысқы бүртабанды және үйкелісті дөңгелектердің жақсы жағы мен кемшіліктерін анықтауға тырысты.

 

 

Тестіленген дөңгелектер тізімі:

бүртабанды дөңгелектер:

  • Bridgestone Noranza 001
  • Continental IceContact 2
  • Gislaved Nord*Frost 200
  • Goodyear UltraGrip Ice Arctic
  • Hankook Winter i*Pike RS+ W419D
  • Kumho WinterCraft ice Wi31
  • Michelin X-Ice North 3
  • Nokian Hakkapeliitta 8
  • Pirelli Ice Zero
  • Toyo Observe G3-ICE

скандинавиялық бүртабансыз дөңгелектер:

  • BridgestoneBlizzakWS80
  • Continental ContiVikingContact 6
  • Goodyear UltraGrip Ice 2
  • Hankook Winter i*cept iZ2 W616
  • Landsail Winter Lander
  • Michelin X-ice Xi3
  • Nankang Ice Activa Ice-1
  • Nokian Hakkapeliitta R2
  • Pirelli Ice Zero FR
  • Sava Eskimo Ice
  • Yokohama iceGUARD iG50 plus

еуропалық бүртабансыз дөңгелектер:

  • Continental ContiWinterContact TS850

 

 

Басты назар мұздағы тестке аударылды, себебі, сарапшылардың ойынша, сипаттамаларды салыстыру кезінде басты нүктені қоятын - дәл мұз басқан жолдар.

 

Құрғақ және сулы асфальттағы көрсеткіштерге екінші рөл тиді, себебі Скандинавия елдерінде автомобиль иелері осындай жолдармен жиі жүреді.

 

 

Маңыздылығы бойынша үшінші орын қардағы және жайлылығын бағалау сынақтарына берілді.

 

Сынақ бүртабанды дөңгелектің мұзда скандинавиялық үйкелісті және еуропалық дөңгелектерге қарағанда баяғысынша тиімді екенін көрсетті. Осылайша, Nokian Hakkapeliita 8-дің тежеу жолы 50-ден 0 км/сағ дейін 39,7 м құрады, ал үйкелісті дөңгелектердің арасында үздік тежеу нәтижесін автомобильді 55,7 м көрсеткішімен тоқтатқан Michelin X-ice Xi3 моделі көрсетті.

 

Десе де, қарда бүртабанды және бүртабансыз дөңгелектердің арасында толығымен айырмашылық жоқ дерлік: Hankook бүртабанды дөңгелегі 80 км/сағ жылдамдықпен автомобильді үйкелісті Continental-ға қарағанда 3,4 метрге бұрын тоқтатты.

 

Жолдың құрғақ бетіндегі тест бүртабанды дөңгелектерге қарағанда үйкелісті дөңгелектердің көп бөлігінің артықшылығын көрсетті. Бұл дисциплинада жүру кезіндегі шуылдың аздығы бүртабансыз дөңгелектердің пайдасына түскенін атап айтқан жөн.

 

Скандинавияда бірнеше рет болған жұмсақ қыс еуропалық қысқы дөңгелектерге деген жергілікті сұранысты арттырды. Сол себепті Test World сарапшылары тестілеу арқылы мұндай дөңгелектердің қарда және, әсіресе, мұзда скандинавиялық дөңгелектерге орын беретінін ескертпек болды.

 

Осылайша, мысалы, мұз басқан жолда «еуропалықтың» тежеу жолы скандинавиялық Michelin-ге қарағанда 20 метрден аса ұзағырақ болды. Солай дегенмен «еуропалық» сулы асфальтта тежеу кезінде өзін барлық «скандинавиялықтан» әлдеқайда тиімді көрсетті. Сондықтан, егер сіз көбінесе құрғақ және сулы жолда жүретін болсаңыз, еуропалық қысқы дөңгелектер жақсы таңдау болады.

 

Енді бүртабан туралы. Скандинавияда олардың мөлшері бұжыртабанның метр бойына 50 дана нормативімен шектелген. Алайда бір-екі жыл бұрын Nokian мөлшері нормативтен 3 еседен асатын жеңілдетілген бүртабаны бар дөңгелектерді ұсынды. Осылайша олар технологиялық ізденістер арқылы жолдың тозуын азайтатын және бұл жағдайда мұздағы іліністі барынша жоғарылатуға болатын нормативтерге сай болуға болатынын дәлелдеді.

 

Кейінірек осы үрдісті өнімдері Еуропа елдеріне арналған дөңгелек өндірушілерінің көбі жалғастырды.

 

Test World: глобальный тест зимних шин 205/55/16 (2016)

 

Тест нәтижелерін және сарапшылардың пікірлері

Түсі =  Дөңгелектің түрі
  Бүртабанды
  Скандинавиялық үйкелісті дөңгелек
  Еуропалық үйкелісті дөңгелек
 
Орын Дөңгелек Сарапшылар пікірі
1 Бағасы: 8,6 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Continental IceContact 2

 

Continental IceContact 2

 

 

Бүртабан саны: 190
Шығарылған күні: 43/2015
Өндіруші ел: Германия

 

Көптеген бүртабаны Continental-дің мұздағы ілінісін қамтамасыз етеді, ал дөңгелек қарда да өзін ойлағандай және бақылай алатындай ұстайды. Сулы асфальтта дөңгелек шұғыл маневрді тосынсыйсыз жасауға мүмкіндік беретін жақсы және бірқалыпты ілініс көрсетті, ал құрғақ жолда меңгеріктің бұруына біраз баяу реакциясы байқалған. Шуылы мен үнемділігі жағынан Continental өзін бүртабанды дөңгелектерге тән деңгейде көрсетті.

 

 

+ Қарда және мұздағы жоғары ілініс

 

 

- Шуылдың жоғары деңгейі

 

2 Бағасы: 8,6 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Nokian Hakkapeliitta 8

 

Nokian Hakkapeliitta 8

 

Бүртабан саны: 190
Шығарылған күні: 06/2016
Өндіруші ел: Финляндия

 

Мұзда Nokian баяғысынша бәсекелестеріне жеткізер емес, әйтсе де осындай мөлшерлі бүртабаны бар бәсекелестер жақын болып қалғаны анық. Қарда да Nokian өзін сенімді және қисынды ұстайды.

Nokian "нағыз" қысқа арнап әзірленгендіктен, асфальтта олардың ілінісі біршама әлсіз және меңгеріктің бұруына реакциясы біраз баяу, бірақ өзін ұстауын болжауға болады.  Тербеліске қарсыласуы - орташа, және де  Nokian-ның тестілеуде ең шулы дөңгелек болып шыққанын ескерген жөн.

 

 

+ Қарда және мұздағы жоғары ілініс

 

 

+ Қарда және мұзда жақсы басқарылуы

 

 

- Асфальттағы біршама нашар ілініс

 

3 Бағасы: 8,4 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Bridgestone Noranza 001

 

Bridgestone Noranza 001

 

Бүртабан саны: 190
Шығарылған күні: 06/2016
Өндіруші ел: Финляндия

 

Bridgestone-ның жаңа өнімі бүртабанының көп мөлшері басқарылуын, сонымен қоса жылдамдық алу және тежеу тиімділігін жақсартатын мұздағы жақсы ілініске ие. Қарда Bridgestone өзін орташа көрсетті, алайда аса көрнекті кемшіліктерсіз.  Солай десе де  асфальтта бәрі нашарлау болды, дөңгелек меңгеріктің бұруына зауықсыз көнеді, және де оның тежеу жолы ұзағырақ, ал шұғыл маневр жасау кезінде алдыңғы ось ілінісін жоғалтуы мүмкін.  Шуыл деңгейі - жоғары, алайда Bridgestone отын шығынын төмендете алады.

 

 

+ Мұздағы жоғары ілініс

 

 

+ Тербеліске қарсыласуының төмендігі

 

 

- Шуылдың жоғары деңгейі

 

 

- Асфальттағы төмен нәтиже

 

4 Бағасы: 8,3 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Pirelli Ice Zero

 

 

 

 

Бүртабан саны: 190
Шығарылған күні: 47/2015
Өндіруші ел: Ресей

 

Мұзда Pirelli-дің автомобильді жылдам тоқтатуға мүмкіндік беретін бойлық ілінісі жоғары. Солай дегенмен көлденең бағытта ілініс біршама әлсіз, соның салдарынан кейбір жағдайларда сырғанау қаупі туындайды.  Қарда дөңгелек өзін қисынды және қауіпсіз ұстайды. Сулы тректе Pirelli жақсы бақыланатындығын және тиімді тежеу көрсетті.  Сонымен қоса  Pirelli -дің шуыл деңгейі төмен екенін атап өткен жөн, бірақ тербеліске қарсыласуы одан да төмен болуы мүмкін еді.

 

 

+ Қарда және мұздағы жақсы нәтиже

 

 

+ Сулы асфальттағы жақсы нәтиже

 

 

- Шуылдың жоғары деңгейі

 

5 Бағасы: 8,2 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Hankook Winter i*Pike RS+ W419D

 

Hankook Winter i*Pike RS+ W419D

 

Бүртабан саны: 170
Шығарылған күні: 06/2016
Өндіруші ел: Оңтүстік Корея

 

Hankook мұзда жақсы жұмыс жасайды және төтенше жағдайларда қажетті бақылауды қамтамасыз етеді, сондықтан аяқ асты іліністі жоғалтудан қорықпауға болады. Қарда да дөңгелектің ілінісі жақсы, әсіресе артқы осінде, және де жылдам маневрлер қиындық тудырмайды.
 

Hankook та, Nokian сияқты, аса қатты қысқа арнап әзірленгені анық, асфальтта да олардың ілінісі төмен, бақылауы да нашар және тежеу жолы да ұзақ.

 

 

+ Қарда және мұздағы жақсы нәтиже

 

 

- Құрғақ және сулы асфальттағы төмен нәтиже

 

6 Бағасы: 8,1 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Goodyear UltraGrip Ice Arctic

 

Goodyear UltraGrip Ice Arctic

 

Бүртабан саны: 130
Шығарылған күні: 50/2015
Өндіруші ел: Польша

 

Goodyear қысқы жағдайға жақсы келеді, мұздағы ілінісу деңгейі бойынша көшбасшыларға орын берсе де, басқарылуы әбден жарарлық. Бұдан өзге, Goodyear тежеу жолының қысқалығы мен қардағы қауіпсіздігімен мақтауға лайық.

Асфальтта Goodyear-дің нәтижесі көңіл қалдырды, және де олардың тежеу жолы құрғақ жолда да, сулы жолда да ұзақ. Бүйір жақ ілінісі біраз жақсырақ, бірақ шұғыл маневр жасау кезінде  артқы дөңгелектің таю қаупі бар. Goodyear отынды үнемдеуге мүмкіндік береді, шуылы - орташа.

 

 

+ Қысқа тежеу жолы және жақсы басқарылуы қарда

 

 

+ Тербеліске қарсыласуының төмендігі

 

 

- Асфальттағы тежеу тиімділігінің төмендігі

 

7 Бағасы: 7,7 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Gislaved Nord*Frost 200

 

 

Gislaved Nord*Frost 200

 

Бүртабан саны: 170
Шығарылған күні: 44/2015
Өндіруші ел: Германия

 

Gislaved дөңгелегі қолданылатын үрдістің ізін басты, алдыңғы буын модельдерінде бүртабан мөлшері жүзден төмен болса, енді олар 130 болды.  Мұздағы ілінісі расында да жаман емес, десе де тежеу жолын қысқартуға да болатын еді. Бұдан өзге, бұрылыстарды өткен кезде жолмен түйісуді тым жылдам жоғалтуға болады. Қарда Gislaved жүргізушінің іс-әрекетіне біршама жай әрекет етеді, бұл әсіресе жылдам маневрлер жасау кезінде байқалады.

Осылайша, сулы асфальтта Gislaved-тің ілінісуі жақсы, және де олардың төтенше жағдайларда бақылануы жақсы, ал басқарылуы құрғақ жолда да, сулы жолда да тамаша. Тіпті Gislaved асфальтта жүру үшін барлық басқа бүртабанды дөңгелектерге қарағанда жақсы келеді деген шешімге келуге болады. Шуылының деңгейі - төмен, тербеліске қарсыласуы - орташа.

 

 

+ Құрғақ және сулы асфальтта ілінісуі жоғары және жақсы басқарылады 

 

+ Высокое сцепление и хорошая управляемость на сухом и мокром асфальте

 

 

- Мұздағы біршама төмен нәтиже

 

8 Бағасы: 7,7 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Michelin X-Ice North 3

 

Michelin X-Ice North

 

Бүртабан саны: 96
Шығарылған күні: 31/2015
Өндіруші ел: Ресей

 

Michelin туралы не деуге болады? Бұл кез келген жағдайда қолайлы жұмыс істейтін расында да жақсы дөңгелек, бірақ оларға рейтингтің жоғарғы жағындағы дөңгелектерге тең келу үшін тек ілініс жетпейді.  Қар мен мұзда Michelin өзін сенімді және қисынды ұстайды, алайда сарапшылар бүртабан мөлшерін ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Michelin-нің сулы асфальтта тежеу тиімділігі орташа, және маневр кезінде тұрақтылығы жақсы болса да, егер дөңгелек меңгеріктің бұруына жылдам әрекет етсе, бағасы бұдан да жоғары болар еді.  Шуылының деңгейі - орташа, тербеліске қарсыласуы - тестілеудегі  ең жоғарылардың бірі.

 

 

+ Кез келген жағдайда жақсы басқарылатын үйлестірілген дөңгелек

 

 

+ Тозуға жасалған былтырғы тест дөңгелектің жоғары пайдалану ресурсына ие екенін көрсетті 

 

 

- Осындай әйгілі бренд үшін мұздағы тым төмен ілінісу

 

9 Бағасы: 7,6 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Continental ContiVikingContact 6

 

Continental ContiVikingContact 6

 

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 39/2015
Өндіруші ел: Германия

 

Бүртабансыз дөңгелек үшін Continental мұздағы аса жақсы ілінісуді көрсетті - олар машинаны жылдам тоқтатады, жақсы басқарылады, ал өте жақсы бүйір жақ тұрақтылығы кедергіні айналып өту кезінде көмектеседі. Қарда да мәселе туындамады.

 

Continental-дің асфальтта тежеу тиімділігі де біршама жоғары, және де құрғақ жолда реакциясы жай болғанмен, дөңгелектер жайсыз тосын сый  жасамады және артқы осінде іліністі сенімді ұстады. Сулы жолда да осылай болды, яғни алдымен іліністі алдыңғы дөңгелектер жоғалтты. Акустикалық жайлылығы мен үнемділігі - жақсы.

 

 

+ Қарда және мұздағы жоғары ілінісу 

 

 

+ Тербеліске қарсыласуының төмендігі

 

10 Бағасы: 7,5 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94R

Nokian Hakkapeliitta R2

 

 

Nokian Hakkapeliitta R2

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 08/2016
Өндіруші ел: Финляндия

 

Nokian қысқы жағдайда өте қолайлы, дегенмен мұзда ол абсолюттік көшбасшы қатарына жатпаса да, олардың басқарылуы мен бақылануы тіпті тайған кезде де жақсы болды. Қарда Nokian  тежеу тиімділігі үшін де, төтенше маневр жасау кезіндегі өзін ұстауы үшін де жоғары баға алды.

Тестілеуде модель сулы асфальтта ілінісуі жағынан мәселе тудырды. Шұғыл маневр кезінде артқы осінде іліністі жоғалтуы мүмкін болғандықтан, құрғақ жолда да қиындықтар туындауы мүмкін деген қауіп бар.   Акустикалық жайлылығы мен үнемділігі - жақсы.

 

 

+ Қарда және мұздағы жоғары ілінісуі және жақсы басқарылуы 

 

 

+ Тербеліске қарсыласуының төмендігі

 

 

- Сулы асфальттағы төмен ілінісуі

 

11 Бағасы: 7,4 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Goodyear UltraGrip Ice 2

 

Goodyear UltraGrip Ice 2

 

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 48/2015
Өндіруші ел: Польша

 

Goodyear өзінің сыныбында мұздағы жақсы бойлық және көлденең ілінісуіне байланысты жоғары орын алды.  Және де дөңгелек негізінде, соның ішінде жылдамдықпен жасалатын маневрлер кезінде де, өзін бірқалыпты ұстаса да, кейде ілінісуді тым жылдам жоғалтуы мүмкін.

Қарда Goodyear жақсы басқаруды, ал ал сулы асфальтта автомобильді жылдам тоқтататындықтан және тіпті қиын жағдайларда оңтайлы бақылауға кепілдік беретіндіктен өз сыныбында тіпті үздік болып танылды.  Құрғақ жолда дөңгелек өзін өз санаты үшін қалыпты түрде ұстайды, яғни жүргізушінің іс-әрекетіне жай әрекет етеді. Дегенмен бұрылыстарда артқы осінде таюға бой бермейді, ал ол жақсы екені анық. Шуылы мен үнемділігі бойынша да бәрі жақсы.

 

 

+ Кез келген жағдайдағы жоғары ілінісуі мен жақсы басқарылуы

 

12 Бағасы: 7,4 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94H

Michelin X-ice Xi3

 

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 34/2015
Өндіруші ел: Испания

 

Michelin мұздағы тежеу жағынан өз сыныбындағы үздік болды, бірақ бүйір жақ тұрақтылығы аса жақсы емес, ол деген дөңгелектің маневр кезінде ілінісуін жылдам жоғалтуы мүмкін дегенді білдіреді. Қарда тежеуі мұздағыдай  тиімді болған жоқ, алайда жалпы дөңгелек өзін бірқалыпты және сенімді ұстайды.



Асфальтта Michelin өзін айтарлықтай жақсы көрсетті, және де ол өзін біраз селқос ұстаса да, іліністі жылдам жоғалту жағдайы байқалмады. Десе де сулы жолда олардың тежеу жолы біршама ұзақ. Шуылының деңгейі - төмен.

 

 

+ Мұздағы тежеу жолының өте қысқалығы

 

 

+ Кез келген жағдайда қолайлы басқарылуы 

 

- Сулы асфальттағы біршама төмен ілінісуі 
13 Бағасы: 7,4 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Toyo Observe G3-ICE

 

Toyo Observe G3-ICE

 

Бүртабан саны: 97
Шығарылған күні: 05/2016
Өндіруші ел: Малайзия

 

Toyo-ның мұздағы ілінісуін жақсы дегенде қанағаттанарлық деуге болады, және де бүртабан, мүмкін аз болғандықтан шығар, нашар тиімділігімен жұмыс жасайды. Қалай дегенде де, Toyo-ны болжауға болады және ол жылдам маневрді жақсы игереді. Десе де Toyo-ның қарда басқарылуымен де, тежеуімен де, және бүйір жақ тұрақтылығымен де біраз кінәрат бар, ал бұл жағдайда бүртабанды кінәлауға келмейді.

 

Toyo өзін асфальтта ақтап алады деп күтуге болатын еді, бірақ олай болмай шықты, және де сулы жолда дөңгелек расында да кедергіні айналып өту кезінде ілінісуді жылдам жоғалтуы мүмкін, тіпті ол қандай осьте - алдыңғы ма әлде артқы ма, болжап білу қиын. Toyo асфальтта, әсіресе құрғақ асфальтта,  айтарлықтай жақсы тежейді, бірақ құрғақ жолда жылдам маневр жасау кезінде артқы дөңгелек жылдам таяды.  Шуылы мен үнемділігі - орташа.

 

 

+ Құрғақ асфальттағы тежеу жолының қысқалығы 

 

 

- Қарда және мұздағы төмен ілінісуі мен нашар басқарылуы

 

14 Бағасы: 7,0 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Bridgestone Blizzak WS80

 

Bridgestone Blizzak WS80

 

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 51/2015
Өндіруші ел: Жапония

 

Bridgestone-ның мұздағы ілінісуі өте жақсы - осы сыныптағы үздігі. Қарда ол өзін жалпы сенімді ұстайды, бірақ маневр кезінде артқы осьте ілінісуін жоғалтуы мүмкін.

Сулы асфальтта Bridgestone-мен жүру біраз қиын болды, себебі олар меңгеріктің бұруына жай қимылдайды және кедергіні айналып өту кезінде өзін сенімсіз ұстайды.  Құрғақ жолда бәрі біраз жақсырақ, және мұнда дөңгелек жақсы басқарылуы мен тиімді тежеуді көрсетті.  Шуылының деңгейі - төмен, тербеліске қарсыласуы - жоғары.

 

 

+ Қарда және мұздағы жоғары ілінісуі 

 

 

- Сулы асфальттағы басқарылуының аса жақсы болмауы 

 

 

- Тербеліске жоғары қарсыласуы 

 

16 Бағасы: 7,0 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Kumho WinterCraft ice Wi31

 

Kumho WinterCraft ice Wi31

 

Бүртабан саны: 150
Шығарылған күні: 07/2016
Өндіруші ел: Оңтүстік Корея

 

Бүртабанының көптігіне қарамастан, Kumho мұзда қажетті ілінісуді қамтамасыз ете алмайды, және де әсіресе оларға бүйір жақ тұрақтылығы жетпейді.  Тек дөңгелектің өзін  болжауға боларлық ұстауы қуантады.

Сулы асфальтта ілінісуімен де қиындық бар, ал бүйір жақ тұрақтылығы тіпті одан да нашар, осыған бола аса сақтықпен жүруге тура келеді.  Тіпті құрғақ жолда да дөңгелек кедергіні айналып өту кезінде тым жылдам ілінісуін жоғалтады.  Шуылының деңгейі - орташа, үнемділігі - тестілеудегі ең нашарының бірі.

 

 

- Қарда және мұздағы нашар ілінісуі 

 

 

- Қарда және мұздағы нашар ілінісуі

 

 

- Тербеліске қарсыласуының жоғарылығы 

 

17 Бағасы: 6,9 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Sava Eskimo Ice

 

Sava Eskimo Ice

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 50/2015
Өндіруші ел: Польша

 

Өзінің бағасына қарағанда Sava мұзда тым жақсы жылдамдық алады және тежейді, бірақ оның бүйір жақ тұрақтылығы төмен, бұл автомобильді бақылауды қиындатады, - алдыңғы дөңгелек тым жылдам ілінісуін жоғалтуы мүмкін. Қарда жағдай жақсырақ, Sava жақсы бақылау мен ілінісуді қамтамасыз ете алады. 

Сулы асфальтта Sava-ның тежеу жолы ұзақ және өзін бірқалыпты ұстамайды, бұл жалпы осы сынып дөңгелектеріне тән.  Қуанышқа орай, алдыңғы оське қарағанда артқы осьтегі ілінісуі жоғары, сондықтан автомобильді басқару біршама жеңіл.  Шуылының деңгейі - төмен, тербеліске қарсыласуы - орташа. 

 

 

- Қарда және мұздағы төмен ілінісуі 

 

 

- Мұзда және сулы асфальттағы төмен нәтиже

 

18 Бағасы: 6,8 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Hankook Winter i*cept iZ2 W616

 

Hankook Winter i*cept iZ2 W616

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 08/2016
Өндіруші ел: Оңтүстік Корея


Жаңа Hankook мұзда және қарда өзін нашар көрсетті. Ілінісу жағынан олар бәсекелестердің жақсыларына орын береді, қимылы күйгелек, ал алдыңғы осьтегі дөңгелек бұрылу кезінде таяды.

Асфальтта жағдай аса өзгермеді, және Hankook сулы жолда жақсы тежесе де, бүйір жағының тұрақтылығының төмендігі сонша, тіпті жүргізушіге автомобильді басқару қиын. Ал маневр жасау кезінде артқы дөңгелек ілінісуін жылдам жоғалтады.  Құрғақ жолда

 

Hankook меңгеріктің бұруына жай қимылдайды, бұл басқарылуына кері әсер етеді.  Жалпы Hankook-тың негізгі басымдылығы - бұл отынды жақсы үнемдеуі. 

 

 

+ Тербеліске қарсыласуының төмендігі

 

 

- Мұздағы төмен ілінісуі 

 

 

- Асфальттағы төмен нәтиже

 

19 Бағасы: 6,7 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94T

Pirelli Ice Zero FR

 

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 39/2015
Өндіруші ел: Ресей

 

Мұзда Pirelli-мен тиімді жылдамдық алу да, тежеу де мүмкін емес, сондықтан төбеге шыға алмассыз, бірақ одан қауіпсіз түсуге болады. Мұнда аса төмен бүйір жақ тұрақтылығын қосыңыз, сонда Pirelli-мен мұз басқан жолда жүру оңай болмайтыны түсінікті болады. Қарда бәрі әлдеқайда жақсы, артқы осьте ілінісуін жылдам жоғалту қаупі болса да бақылануы  жақсы. 

Асфальтта Pirelli меңгеріктің бұруына жай қимылдайды, ал құрғақ жолдағы маневр кезінде артқы дөңгелек таюы мүмкін. Шуылының деңгейі - төмен.

 

 

+ Қардағы жақсы ілінісуі 

 

 

- Мұздағы төмен ілінісуі

 

 

- Құрғақ асфальттағы нашар басқарылуы

 

20 Бағасы: 6,7 Жүктеме/жылдамдық индексі: 91H

Landsail Winter
Lander

 

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 09/2016
Өндіруші ел: Қытай

 

Landsail - бұл қысқы жағдайда ілінісуі өте нашар арзан қытайлық дөңгелек. Мұзда дөңгелекті болжау мүмкін емес және ол жылдам таяды, және де, өкінішке орай, қарда да бәрі дәл осылай -  меңгерікті тым жылдам бұрсаңыз, алдыңғы дөңгелектер солай-ақ ілінісін жоғалтады. Кейде оның орнына артқы дөңгелек таюы мүмкін, және де оны болжау мүмкін емес. Сипаттамалары бойынша Landsail еуропалыққа  жақынырақ, және оларда жылдамдық индексі дәл сондай жоғары (210 км/сағ дейін). 

Асфальтта  Landsail өзін жақсы жағынан көрсетті, олардың құрғақ және сулы жолда тежеу тиімділігі жақсы, сонымен қоса шұғыл маневр жасау кезінде тұрақтылығы жақсы. Шуылының деңгейі және тербеліске қарсыласуы - орташа.

 

 

+ Асфальттағы жақсы нәтиже 

 

 

- Қарда және мұздағы төмен нәтиже 

 

21 Бағасы: 6,5 Жүктеме/жылдамдық индексі: 91Q

Yokohama iceGUARD iG50 plus

 

Yokohama iceGUARD iG50 plus

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 17/2015
Өндіруші ел: Жапония

 

Yokohama-ның басты проблемасының бірі - мұздағы өте нашар ілінісуі.  Дөңгелек табиғатынан болжауға ыңғайлы, бірақ ілінісуінің төмендігінен олармен жүру қиын. Және де қарда барлығы, мүмкін, бұдан да нашар, бүйір жақ тұрақтылығының төмендігі басқарылуын нашарлатады және тайғаннан кейін іліністі қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді. Бойлық ілінісі біршама жоғары.

 

Сулы асфальтта Yokohama меңгерікті бұрған кезде артқы осінде ілінісін тез жоғалтады, ал құрғақ жолда сипаттамалары біраз жақсы, және де олар жүргізушінің әс-әрекетіне баяу әрекет етсе де, олар өзін қисынды ұстайды және жағымсыз тосын сыйлар жасамайды.  Онымен қоса, Yokohama-ның құрғақ жолда тежеу жолы қысқа. Шулы - аса қатты емес, бірақ анық естілетін, тербеліске қарсыласуы - төмен. 

 

 

+ Тербеліске қарсыласуының төмендігі 

 

 

- Мұзда, қарда, сулы және құрғақ жолда төмен нәтиже 

 

22 Бағасы: 6,3 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94Q

Nankang Ice Activa Ice-1

 

Nankang Ice Activa Ice-1

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: 07/2016
Өндіруші ел: Қытай

 

Nankang - осы жылдың тестілеуіндегі Азияның екінші және нашар дөңгелегі.  Мұзда ол кез келген меңгеріктің бұруында таяды, яғни қауіпсіз жүру тек түзу жүргенде ғана мүмкін. Қарда басқарылуы жақсырақ, бірақ мұнда да абайлау қажет.  
 

Сулы жолда Nankang өзін күйгелек қалыпта ұстайды, ал құрғақ жолда оның ілінісін қашан және қай осінде жоғалтатынын болжау мүмкін емес.    Акустикалық жайлылығы мен үнемділігі - біршама жақсы.

 

 

+ Тербеліске қарсыласуының біршама төмендігі 

 

 

- Мұзда, қарда, сулы және құрғақ жолда төмен нәтиже

 

23 Бағасы: 6,3 Жүктеме/жылдамдық индексі: 94H

Continental ContiWinterContact TS850

 

Continental ContiWinterContact TS850

 

Бүртабан саны: -
Шығарылған күні: -
Өндіруші ел: -

 

Continental-дің мұзда ілінісуі төмен, бірақ осы түрдегі дөңгелектермен осылай болуы да керек, себебі олар басқа жағдай үшін әзірленген. Солай десе де бастапқыда олар дайын болуы тиіс қарлы жолда оларда бәрі де сол күйінде нашар. Арзан азиялық дөңгелектер өздерін шамамен осылай немесе біраз жақсырақ көрсетті.

Сулы жолда Continental ақыры өзін үйіндегідей сезінді, себебі олар төмен температурада сулы жолда жүру үшін арнайы әзірленген.  Бұл жағдайда Continental жазғы дөңгелектерге жақынырақ болды, және құрғақ тректе дәл солай болды.  Акустикалық жайлылығы мен үнемділігі - жақсы, бірақ, қызық болғаны, тестілеудегі жақсы нәтиже емес.   

 

 

+ Сулы және құрғақ асфальттағы үздік нәтиже 

 

 

- Мұзда және қардағы төмен ілінісуі

 


 


colesa.ru