+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Vi Bilägare 2018: 205/55 R16 бүртабанды шиналарын тестілеу

Vi Bilägare 2018: 205/55 R16 бүртабанды шиналарын тестілеу

17.30.2022

 

Vi Bilägare журналының қазан айындағы нөмірінде жарияланған бүртабанды шиналардың осы тесті шведтердің ақпан айында мұз бен қарда сынақ жүргізу әдеті болмағанда, мүмкін, тым шытырман болар еді. Және де Michelin өзінің X-Ice North 4 аса бүртабанды жаңа өнімі туралы бір ай бұрын құлақтандырғанда, осы тестілеудің аралық нәтижелері мен қорытынды есебі мүлдем басқаша болатын еді.

 

Бірақ олай болмады. Тестілеуге қазіргі маусым сессиясын қоса алғанда, 2017 жылғы тест көшбасшылары мен әрдайым қатысушылары қатысты.

 

Тест Финляндиядағы «Белый ад» сынақ трассасында өткізілді: басты дисциплиналар бойынша – ақпан айында -8 – -1° С температурада; асфальтта – мамыр айында +5 – +14° С температурада. Шинаны тежеуі, жылдамдық алуы, басқарылуы, шуылы үшін тестілеуге - Volvo V40 (мұз, қар, асфальт) және отын шығынына тестілеу үшін Volvo V60 автомобилі таңдап алынды.

 

Тестке осы жылы финдық Nokian Tyres шығарған бүртабансыз қысқы шина - Nokian Hakkapeliitta R3 қосылды. Осылайша Vi Bilägare бүртабансыз сегменттің біршама өзекті модельдерінің бірін үлгі ретінде ала отырып, үйкелісті қысқы шиналардың өнімділігі қаншалықты көтерілгенін анықтамақ болып шешті. 

 

 

Тестіленген шиналар тізімі: 

 

 

Тест нәтижелері

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  Continental
IceContact 2
Nokian
Hakkapeliitta 9
Goodyear
UltraGrip Ice Arctic
Gislaved
Nord*Frost 200
Bridgestone
Noranza 001
Yokohama
iceGUARD iG65
Nexen
WinGuard WinSpike
WH62
Nokian
Hakkapeliitta R3
Дисциплина Балл
Мұзда жылдамдық алуы (5-25 км/сағ) 5 5 2 3 4 4 1 1
Мұзда тежеуі (25-5 км/сағ) 15 15 12 9 12 9 3 3
Мұзда басқарылуы (с) 15 15 9 9 12 6 3 6
Мұздағы жалпы баға 35 35 23 21 28 19 7 10
Қарда жылдамдық алуы (5-40 км/сағ) 4 5 3 4 4 4 2 5
Қарда тежеуі (40-5 км/сағ) 4 5 4 4 3 5 3 5
Қарда басқарылуы (с) 15 12 12 12 9 6 6 6
Қардағы жалпы баға 23 22 19 20 16 15 11 16
Сулы төсемде тежеуі (100-0 км/сағ) 8 6 10 8 4 8 6 2
Сулы төсемде басқарылуы (с) 5 5 3 4 2 5 4 2
Сулы төсемдегі жалпы баға 13 11 13 12 6 13 10 4
Құрғақ төсемде тежеуі (100-0 км/сағ) 5 3 4 4 3 4 4 5
Құрғақ төсемде басқарылуы (субъективті) 4 4 3 2 3 4 3 2
Құрғақ төсемдегі жалпы баға 9 7 7 6 6 8 7 7
80 км/сағ жылдамдықта отын шығыны 4 6 6 6 8 8 6 10
Ішкі шуыл (субъективті) 2 2 3 3 2 2 4 5
ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА 86 83 71 68 66 65 45 52
ОРЫН 1 2 3 4 5 6 7 есептен тыс