+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу

Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу

17.30.2022

Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу
 
Швецияның солтүстігіндегі Арвидсъяур кішкене қалашығы – туристер мен тұрғындар үшін аты шыға қоймаған, алайда автоөндірушілер арасында аса танымал орын. Белгілі болған, атап айтқанда неміс (Volkswagen, BMW, Mercedes Benz), автоконцерндері мұнда өз автомобильдерін қатал қыс жағдайында тестілеуден өткізеді. Сонымен қоса, соңғы 50 жыл ішінде,  Арвидсъяур маңайындағы арнайы инфрақұрылымы мен ауа райы жағдайын әлемдік алып Continental, Goodyear немесе Michelin бастап, шина өндірісінің танымал бола қоймаған өкілдерімен аяқтай отырып, түрлі ауқымды шина өндірушілері пайдаланады.     
 
Бұл жолы Vi Bilägare автожурналы шина тестілеуін лапландиялық қыс жағдайында өткізу әдетіне қарамастан, оны өз отаны – Швецияда өткізуді шешті. Тестілеудің аса маңызды «қар/мұз» кезеңі Арвидсъяур маңайында өткізілді, асфальттағы сынақ – Швецияның оңтүстігіндегі Смоланд қалашығында.    
 
 
ТЕСТІЛЕНДІ:
 
Бүртабанды:
 
Үйкелісті:
 
Тестілеудің премьерасы автосүйер көпшілікке 2019 жылы ұсынылған ContiFlexStud™ резеңкелі бүртабанымен Continental IceContact 3 шинасы болды. Полимер корпусының арқасында ContiFlexStud™ бүртабандарының жол төсеміне келтіретін зияны 20%-ға төмен, ал оның мұзда ілінісу деңгейі және қызмет ету мерзімі стандарттық метал бүртабандарға қарағанда жоғары. Алайда, неміс концерні бұл революциялық бүртабанмен IceContact 3 шинасының барлық өлшем түрлерін жабдықтамайды:  отырғызу диаметрі 14-тен 16” дейінгі шиналар ұштығының жаңа құрылымымен (TwinStud технологиясы) алюминий бүртабанмен жабдықталады; 17”-ден 21” дейін - ContiFlexStud™ бүртабанымен. Сондықтан Vi Bilägare металдан жасалған классикалық бүртабаннан қаншалықты тиімді болатыны туралы толық білу үшін 225/50 R17 өлшем түрін таңдап алды.       
 
Vi Bilägare тестілеуі әдетте Финляндияда өтеді, атап айтқанда мұздағы дисциплиналар қатқан көл мұзында өткізіледі. Арвидсъяурда тестілеу және мұздағы нәтижені өлшеу үшін біршама мүмкіндіктер ашылды: мінсіз тегіс мұзбен қатар тегіс емес учаскелері бар арнайы трассалар қыстағы нақты жол жағдайларына ұқсатуға және осындай жағдайларда шинаның өзін ұстауын өлшеуге мүмкіндік береді.
 
Vi Bilägare сарапшылары бүртабанды шиналардың дәл неғұрлым тегіс мұзда тиімділігін атап көрсетті, ал тегіс емес беттерде үйкелісті (бүртабансыз) шиналар өзін жақсырақ көрсетті. Бұл олардың резеңке қоспасының бірге алғанда тегіс емес беттерде тиімді ілінісуін қамтамасыз ететін неғұрлым жұмсақ құрамы мен ламельдерінің көп мөлшерімен түсіндіріледі. Алайда, бұл артықшылығының өзінде үйкелісті шиналардың кемшілігі бар: қысқы жолмен байланыс жоғалған жағдайда, бүртабанның жоқтығына байланысты онымен ілінісу ұзағырақ қалпына келтіріледі, әсіресе жоғары жылдамдықта маневрлеу кезінде. Осылайша күнделікті өмірде бүртабанды шиналар – артық болмайтын қысқы жолдың қауіпті «абайсыздығынан» сақтандыру болып табылады.
 
Тестілеуге үйкелісті шинаны қосудың бір себебі – мұндай шиналар асфальтта бүртабанды шиналарға қарағанда басым болады деп қалыптасқан пікір. Смоландтағы тестілеу оған күмән келтірді: кейбір тестіленген бүртабанды шиналардың тежеу жолы сулы асфальтта қысқарақ болды және олар су мен лайсаң жағдайында тиімді ілінісуді көрсетті. Тосын ба? Олай емес және де тестілеуге қатысқан бүртабанды шиналардың бәрі үшін емес.
 
Тестілеу қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігіне Continental IceContact 3, VikingContact 7 және Michelin X-Ice North 4 кірді. Vi Bilägare сарапшылары бұжыртабан суретін ассиметриялықтан (IceContact 2) бағытталғанға өзгерту  IceContact 3-тің қар мен мұзда керемет ілінісуін және тестілеуде бірінші орынды қамтамасыз ете отырып, пайдасын тигізгенін атап өтті. Michelin X-Ice North 4 те қысқы жол төсемінде әжептәуір ілінісу және басқарылу көрсеткіштерімен атап өтілді, атап айтқанда Michelin шинасының құрғақ жолдағы жүрісі тестілеудің топ орнын иеленген Continental шинасына қарағанда жақсырақ болды.
 
Шинаның салонда естілуі мен үнемділігін тестілеу 90 км/сағ. тұрақты жылдамдықпен Ford Focus 1.0T автомобилін пайдалана отырып жүргізілді. Автомобиль салонындағы дыбыс жайлылығы 10 секунд ішінде бағаланды, сонымен қоса пилоттардың өздері шуылға субъективті баға берді.  
 
 
 
МҰЗДАҒЫ ТЕСТІЛЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Мұзда жылдамдық алуы
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Мұзда тежеуі
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Мұзда басқарылуы
 
 
 
ҚАРДАҒЫ ТЕСТІЛЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Қарда жылдамдық алу
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Қарда тежеуі
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Қарда басқарылуы
 
 
 
АСФАЛЬТТАҒЫ ТЕСТІЛЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Акважоспарлауға орнықтылығы
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Сулы асфальтта тежеу
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Сулы асфальтта басқарылуы
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Құрғақ асфальтта тежеу
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Құрғақ асфальтта басқарылуы
 
 
 
ШУЫЛЫ МЕН ОТЫН ҮНЕМДІЛІГІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫНАҚ 
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Үнемділігі
 
Vi Bilägare (2019): 225/50 R17 қысқы бүртабанды шиналарын тестілеу: Шуылы
 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
 
1-орын 2-орын 3-орын 4-орын
Continental IceContact 3 Michelin X-Ice North 4 Continental VikingContact 7 Nokian Hakkapeliitta 9
Шины CONTINENTAL IceContact 3 MICHELIN X-ICE NORTH 4 ~ CONTINENTAL VikingContact 7 NOKIAN Hakkapeliitta 9 ~
Қар мен мұздағы ілінісуі; шуылының аздығы  Қар мен мұздағы ілінісуі; асфальтта басқарылуы; шуылының аздығы Қардағы ілінісуі; тегіс емес мұзда басқарылуы;  шуылының аздығы Мұз бен қарда басқарылуы және ілінісуі 
Асфальттағы жүрісі  Акважоспарлауға орнықтылығы  Асфальттағы жүрісі; акважоспарлауға орнықтылығы Шуыл; акважоспарлауға орнықтылығы
5-орын 6-орын 7-орын 8-орын
Hankook Winter i*Pike RS2 W429 Goodyear UltraGrip Ice Arctic Bridgestone Noranza 001 Sailun Ice Blazer WST3
Hankook Winter i*Pike RS2 W429 GOODYEAR UltraGrip Ice Arctic ~ Bridgestone Noranza 001 Sailun Ice Blazer WST3
Асфальттағы жүрісі Акважоспарлауға орнықтылығы Асфальттағы жүрісі; қардағы ілінісуі  Үнемділігі; асфальтта басқарылуы Әлсіз бүртабан; мұзда және қарда ілінісуі; асфальтта басқарылуы
Шуыл; сулы асфальтта тежеу  Қар мен мұзда басқарылуы; үнемділігі  Құрғақ асфальтта тежеу; акважоспарлауға орнықтылығы