+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Continental қысқы дөңгелегі: журналдар тұра қол соғуда!

Continental қысқы дөңгелегі: журналдар тұра қол соғуда!

17.30.2022

Зимние шины концерна Continental: журналы аплодируют стоя!

 

Кезекті қысқы маусым алдында әлемдік автомобиль басылымдары қысқы дөңгелектерге тестілеу сынақтарын жүргізеді. Премиалды модельдердің барлық дерлік тестілеуінде көшбасшылар қатарында мәреге жетіп, Continental концернінің дөңгелектері қатысады. Олардың ішінде тіпті лайықты «чемпиондары» бар, мысалы, еуропаның жұмсақ қысына арналған түрлі өлшемдегі Continental WinterContact TS 850 дөңгелегі 2012 жылдан бері отызға жуық тестілеуден өтіп, 20-дан астам рет сенімділікпен бірінші орынға ие болған еді.

 

Ресей нарығы үшін өзекті болып табылатын қатты қыс жағдайына арналған модельдер арасында Continental дөңгелектері әдеттегідей жоғары нәтиже көрсетеді. Соңғы үш маусымда тұтынушылар арасында қысқы жолдың барлық түріне жарамды әмбебап дөңгелек ретінде Continental IceContact 2 бүртабанды моделінің тестілеуінің қорытындысы ерекше назар аударды.

 

Continental IceContact 2

Биылғы жылы бұл дөңгелекті танымал ресейлік «За рулем» автомобиль журналы тестіледі. Тест Швециядағы полигонда өтті, 185/65 R15 өлшемді дөңгелек Kia Rio автомобиліне орнатылды. Тестілеу сынағында Continental IceContact 2 моделі мұзда ең жоғары жылдамдық алу уақытын және сулы асфальтта ең төмен тежеу жолын көрсетті. Сонымен бірге ол мұзды айналма жолды өтуде тест жеңімпазымен бірдей үздік нәтиже көрсетті, яғни, көлденең ілінісу, қосымша электроникасы қосылған күйде қарда жылдамдық алу және қардағы ең қысқа тежеу жолы сияқты сипаттамалары бойынша. Жалпы есепте дөңгелек екінші орынды иеленді, журналдың ішкі рейтингі бойынша «үздік» деген баға алды. Нәтижелелерінің тұрақтығы 195/65 R15 өлшеміндегі осы дөңгелектің үздік бағамен және көлденең ілінісуі мен сулы асфальттағы тежеу жолының үздік көрсеткіштерімен екінші орынды иеленген журналдың былтырғы сынақтарымен расталады.

 

Tekniikan Maailma фин журналының тестілеу сынағында Continental IceContact 2 дөңгелегі танымал 205/55 R16 T өлшемінде аса сенімділікпен бірінші орынды иеленді. Өлшемдер ағымдағы жылы финдік Ивалода Test World полигонында VW Golf 7 сериялы автомобилін қолдана отырып жүргізілді. Дөңгелектің құндылығының ішінде сарапшылар мұзда және қарлы төсемдегі жүріс-тұрысын, соның ішінде: ілінісу қабілеті, әсерлі басқарылуы, жоғары тежеу сипаттамалары, сондай-ақ авторлар модельдің құрғақ асфальттағы көнгіш реакциясын атап өтті.

 

 

Gislaved Nord Frost 200

Орта бағадағы сегменттің бүртабанды желісінде Continental концерні белгілі скандинавиялық брендтің Gislaved NordFrost 200 дөңгелегін ұсынады. Ол қысқы жол төсемінің барлық түріне арналған әмбебап нұсқа ретінде ұсынылады.

 

«За рулем» журналының жоғарыда айтылған тестілеуінде калугалық зауытта өндірілген Gislaved NordFrost 200 дөңгелегі көшбасшылармен салыстырғанда өзін ұстамды ұстады, алайда сынақшылар өте төмен шуыл деңгейін, экстремалды режимде тиімді басқарылуын және өтімділігін атап өтті.

 

Ивалода Gislaved NordFrost 200 дөңгелегін тестілеуден өткізген Tekniikan Maailma фин журналының мамандары қысқы жолдың кез келгенінде дөңгелек сипаттамаларына, тест қатысушыларының ішіндегі ең төмен шуыл деңгейі және төмен шайқалыс кедергісіне оң баға берді.

 

 

Бүртабансыз дөңгелектер арасында екі үйкелісті аймағымен ассиметриялық бұжыртабанының арқасында түрлі жол төсемінде кез келген ауа райында өзін сенімді ұстайтын Continental ContiVikingContact 6 премиалды моделі бірқалыпты жоғары нәтиже көрсетіп келеді. 

 

Continental ContiVikingContact 6

 

«За рулем»журналының тестілеуінде 205/55 R16 өлшеміндегі ContiVikingContact 6 дөңгелегі  VW Golf 7 автомобилінде ағымдағы жылы мұзды айналма жолды үздік өту уақытын,  қосымша электроникасы қосылған және ажыратылған күйде де қарда ең тез жылдамдық алу және сулы асфальттағы ең қысқа тежеу жолын көрсетті. Балл сомасы бойынша дөңгелек екінші нәтиже көрсетті және лайықты «үздік» деген баға алды. Бір айтарлығы, журнал мамандарының былтырғы сынағында 225/45 R17 өлшеміндегі осы дөңгелек нақты ауа райы жағдайында ағымдағы жыл көшбасшысынан біршама озып, сенімді бірінші орынды иеленген болатын.

 

Ресейлік «Авторевю» автомобиль журналы финдық Ивалода Renault Captur автомобиль пайдаланып, SUV сегменті үшін 215/65 R16 T өлшеміндегі үйкелісті дөңгелектерін тестіледі. ContiVikingContact 6 моделі екінші орынды иеленді. Және де басылым сарапшылары жалпы оны қалада жүру үшін жақсы нұсқа ретінде бағалап, дөңгелектің асфальттағы өзін жақсы ұстауын, қозғалыс кезіндегі жайлылығын атап өтті. Газеттің 2016 жылғы қысқы тестілеуінде 185/65 R15 өлшеміндегі ContiVikingContact 6 жеңіл көлік дөңгелегі өзін әсіресе мұз бен қарда басқарылуына жасалған тестілеуде жақсы көрсетіп, бірінші орын алғанын еске түсірген жөн.

 

 

Tekniikan Maailma фин басылымы биылғы жылы сондай-ақ 205/55 R16 T өлшеміндегі үйкелісті модельдерді тестіледі. Тестілеу жағдайында Continental ContiVikingContact 6 дөңгелегі үлкен алшақтықпен бірінші орынды иеленді. Журнал сарапшылары мықты жағы ретінде сипаттамаларының тұтас жиынтығы бойынша тамаша теңдестірілуін, шайқалу кедергісінің төмендігін, қардағы, сулы және құрғақ жолдағы жүру және ілінісу қабілеттерінің теңдессіз комбинациясын, төмен шуыл деңгейін атады; әсіресе оларға, сарапшылардың айтуынша, кейбір бүртабанды дөңгелектердің нәтижесінен асып түскен осы дөңгелектің көлденең ілінісуі әсер қалдырды.

 

Gislaved SordFrost 200

Өзінің бүртабанды «аттасы» сияқты концерннің орта бағалы сегментіне жататын Калуга зауытының Gislaved SordFrost 200 үйкелісті дөңгелегі компанияның премиалды дөңгелегімен бірге «Авторевю» газетінің ағымдағы жылғы тестілеуіне қатысты. Ол орташа нәтиже көрсетті, бірақ тартымды бағамен, жақсы теңдестірілген, қауіпсіз және жайлы модель ретінде оң пікірге лайық болды. Оның асфальтта жақсы ілінісу қабілетін, сонымен бірге қардағы өзін сенімді ұстауын ескере отырып, газет сарапшылары оны қалада пайдалану үшін жарамды нұсқа деп атады.

 

Тестілеудің қорытындысы дөңгелекті таңдау кезінде тестілеудегі жалпы балл сомасына емес, кейде қорытынды рейтингке байланысты болмайтын нақты жол және ауа райы жағдайында қажет болатын қабілеттеріне қарау керектігін көрсетеді.

 

Қауіпсіздік мақсатында Continental тестілеуде көрсетілген нәтижелерге әдетте жаңа дөңгелекте, кейде тиісті жүргізіп бейімдеуден кейін, бұжыртабанның ең жоғары қалыңдығымен және дөңгелек пен бүртабанның жақсы күйімен қол жеткізілетінін ескертеді. Дөңгелектің тозуы мен ескіруіне қарай дөңгелек сипаттамалары өзгеруі мүмкін. Бұл сондай-ақ сатып ала отырып, тестілеуде аталған қабілеттері мен дөңгелек ерекшеліктеріне сенімді болуға болмайтын қолданылған дөңгелектерге да қатысты.

 

 


Continental Tire RUS баспасөз қызметі