RU
Казахстан
Казах...
0

Nokian Hakka Green 2 — тағы да бірінші орында!


 
Nokian Hakka Green 2 — тағы да бірінші орында!
 
Шиналарды тәуелсіз салыстырмалы тестіден өткізу саласындағы әлемдегі ең беделді ұйымдардың біріндегі мамандар тобы түрлі өндірушілерден әкелінген 13 үлгіні сынақтан өткізді. Сынақтан өткізу нәтижелері бойынша осы маусымның жаңа өнімі Nokian Hakka Green 2 жоғары бағаға ие болды. Сарапшылар оның аквапландауға төзімділігін және үнемділік көрсеткішінің жоғарылығын ерекше атады.
 
Nokian Hakka Green 2 ылғал жерден керемет өтті, онда аталмыш шиналар жақсы бақылауды қамтамасыз етеді әрі ең қиын оралымдарда да ілінісуді жоғалтпайды. Шиналар шеңберде жақсы уақыт көрсетіп, жылдам қарқын алды және тежелу кезінде ілінісуі жоғары болды, сонымен қатар аквландауды керемет орындады. Сонымен бірге олардың теңселуге қарсыласуы аса төмен, бұл отынды үнемдеуге көмектеседі.
 
Шведтік Aftonbladet журналынан келген сарапшы Роберт Коллин атап өткендей:
«Барлық тестілер жоспарсыз өткізілді, яғни дәл қандай шиналарды сынап жатқанымызды ешқашан білген жоқпыз, бұл өзімізді кәсіпқой деп санай алсақ та, біздің де бренд ықпалында қалып әрі жақсы танымал жоғары санатты шиналарды Қытайда жасалған арзанқол доңғалақтардан субъективті түрде жоғары қоюымыз ықтимал. Медицинадағы бәріне таныс плацебо әдісі – қанттан жасалған дәріні ішіп аласыз да, өзіңізді жақсы сезініп кетесіз. Кез-келген бұрмалауды болдырмау үшін, тестіде барлық шиналар тек реттік номерлермен белгіленді».
 
Өткен ай ішінде бұл еуропалық беделді БАҚ-тарда өткізілген тәуелсіз тестілердегі Nokian Hakka Green 2 шинасының төртінші жеңісі болып отыр. Оның алдында «За рулем», «Автомобили Казахстан», «Tekniikan maailma» (Финляндия) сияқты басылымдар рейтингілерінде бірінші орындар, сондай-ақ «Авторевю» сынақтарында екінші орын алған еді.
 
 
Nokian Hakka Green 2
 
 

Nokian Hakka Green 2 шиналары – күрделі климат жағдайлары үшін бірегей тұжырымдама

Nokian Hakka жазғы шиналарының топтамасы күрделі климат жағдайына ие елдерге арналған. Ойлы-қырлы және тегіс емес жолдар мен тез өзгеретін ауа райы жағдайлары шиналардың сәйкес сипаттамасын қажет етеді. Резеңке қоспалар мен Nokian Hakka жазғы шиналарының конструкциясын дайындау кезінде құбылмалы жазғы ауа райы ескеріледі. Nokian Hakka жазғы шиналары температураның кең ауқымында ойдағыдай жүреді, тез тозбайды және жолдың нашар жағдайына төзімді болады.
 
Nokian Hakka жазғы шиналарына, Nokian Hakkapeliitta қысқы шиналарына сияқты, «Кеңейтілген Кепілдеме» бірегей бағдарламасы таралады. Кеңейтілген кепілдеме Қатысушылары болып табылатын сауда нүктелерінен шиналарды сатып алу кезінде соңғы тұтынушы Кеңейтілген кепілдеме – бұзылған жағдайда шинаны тегін жөндеу және жаңасына айырбастау мүмкіндігіне ие болады.
 
 

Архив новостей

Отзывы

Отзывы
Оставить отзыв о сайте ВКонтакте Facebook

ФИО *:

Город *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки *:


Списибо, Ваш отзыв был отправлен.