Корзина пуста

Michelin CrossClimate тағы бір марапатқа ие болды


Michelin CrossClimate на одном из автомобилей компании British Gas
Michelin CrossClimate шинасымен жабдықталған British Gas компаниясының автомобилі
 
 
Van Fleet World Honours 2016
 
Michelin CrossClimate шиналары Van Fleet World Honours 2016 марапаттау салтанатында жылдың ең үздік инновацияларының бірі боп танылғаннан кейін тағы бір марапатқа ие болды.
 
Michelin шиналарының кезекті марапатын британдық Van Fleet World журналы беріп отыр, ал марапаттау салтанаты Лондонда өткізіліп, онда сыйлықты компания атынан Британиядағы Michelin бөлімі автопарктермен жұмыс жөніндегі директоры Энди Ферн (Andy Fern) алды. 2016 жылдың наурыз айында тағы бір жергілікті басылым - Fleet News - Michelin CrossClimate шиналарын 2016 жылдың үздік өнімі деп таныды.
 
Өндіруші соңғы он жылдағы азды-көпті ең маңызды тұсаукесері деп санайтын Michelin CrossClimate шиналары қысқы жағдайларға бейімделген әлемдегі алғашқы жазғы шиналар ретінде сипатталады. Қарапайым жүргізушілердің де, коммерциялық автомобильдер парктері иелерінің де бағасына ие болған Британияда олардың аса жақсы қабылдануы, компанияда айтылғандай, дәстүрлі түрде болжануы қиын жергілікті ауа-райымен түсіндіріледі.
 

 
Michelin CrossClimate
 
 
«Автопарктер менеджерлері CrossClimate шиналарының арқасында микроавтобустарының кез-келген ауа райына төтеп бере алатындығына сенімді бола алады, - деп мәлімдеді Van Fleet World редакторы Дэн Гилкес (Dan Gilkes). – Өткен жылы British Gas компаниясының өзіне тиесілі 13 000 коммерциялық автомобильдеріне осы шиналарды орнатып алуы Michelin-нің алға қарай тағы бір үлкен қадам жасағанын растайды».
 
Michelin CrossClimate 15-17 дюйм аралығындағы диаметрлі 23 өлшемде қолжетімді, бұл жеңіл автолар мен минивэндерге арналған еуропалық шиналар нарығының 70%-н қамтуға мүмкіндік береді. 14-18 дюйм аралығындағы диаметрлі дисктерге арналған қосымша өлшемдер 2016 жылы ішінде шығып қалады, сонымен қатар S санатты автомобильдері үшін арнайы нұсқасын шығару жоспарда бар.
 

Дата создания: 22.04.2016
 


← Вернуться к списку новостей
 

Оставить отзыв

ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.