RU
Казахстан
Казах...
0

Жаңадан шыққан Gislaved және Matador тікенекті шиналары сатылымда


Қазақша | Русский
 
 
Continental компаниясы 2016 жыл қысқы маусымында ТМД нарығына Gislaved және  Matador еншілес брендтерімен бірден екі жаңалықты шығарып отыр. Бірінші жаңалық — Швеция жағдайында сыналған Gislaved Nord*Frost 200 (сонымен қатар аталмыш модельдің SUV-нұсқасы).
 

Gislaved Nord*Frost 200 техникалық ерекшеліктері


 
 

Жаңа Eco Tri-Star тікенегі

  • Жол төсемінің тозуын төмендетуге арналған жеңілдетілген конструкция;
  • Стандартты дөңгелек шиналармен салыстырғанда қатты қорытпа үстеменің ерекше конструкциясының есебінен (үлкейтілген диаметр) барлық бағыттарда мұзбен ілінісу жақсартылған;
  • Бағытталған тікенекпен салыстырғанда қатты қорытпа үстеменің ерекше конструкциясы есебінен көлденең бағыттағы мұзбен ілінісу оңтайландырылған.
     
 

Eco Tri-Star әрбір тікенегінің айналасындағы арнайы «қалталар» мұз үгіндісін тікенектен бұрып жіберуге және мұзбен іліністің жақсаруына көмектеседі

 
  • Протектор блогының жол төсемімен байланысу аймағына ұсақталған мұз кірмейтін болады;
  • Тіпті қарқынмен тежелу жағдайында мұз бен тікенектің қатты үстемесі арасында сенімді байланыс қамтамасыз етіледі.
 

Артықшылықтар:

  • Тікенектің біршама тиімді шығып тұруы;
  • Мұздағы тежелу жолының қысқалығы.
     
 

Протектордың ішкі жағындағы үш өлшемді сатылы ламельдер және сыртқы жағындағы үш өлшемді синусоидты ламельді асимметриялы бейне.

  • Иін тұсындағы өткір қырлар
  • Күштің оңтайлы берілуі;
  • Ламельдердің жетілдірілген өзара бұғатталуы;
  • Көлденең бағытта ілінісудің оңтайлылығы және күштің жақсырақ берілуі үшін протектор бейнесі қаттылығының ұлғайтылуы.
 

Артықшылықтар:

  • Барлық жабындарда басқарылу жақсартылған;
  • Мұз бен қарда ілінісу оңтайландырылған;
  • Тозуға төзімділік арттырылған.
 
 
Continental ұсынған екінші жаңалық Matador MP 30 Sibir Ice 2 (сонымен қатар аталмыш модельдің SUV-нұсқасы) деп аталады және «қар және мұз басқан жолға арналған жетілдірілген экотікенекті» қысқы шиналар болып табылады.
 

Matador MP 30 Sibir Ice 2 техникалық ерекшеліктері


 
 

Негізгі техникалық сипаттамалар:

  • Протектор бейнесі блогымен әрекеттестіктің біршама жоғары дәрежесі
    Нәтиже: Жүргізу кезіндегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейі
  • Шет жақтарының көтеріңкі төзімділігі мен мықтылығы
    Нәтиже: Қызмет еткен мерзім бойында тікенектің тозуға төзімділігінің жоғарылығы
  • Тікенектің алюминийден жасалған корпусы
    Нәтиже: Пайдалану кезінде жол төсемінің аз мөлшерде тозуы
     
 

Тікенек салу технологиясы:

  • Тікенектер мен протектордың біркелкі тозуы
    Нәтиже: Шинаның қызмет ету мерзімінің ұлғаюы
  • Жақсартылған тартым сипаттамалары
    Нәтиже: Жақсартылған тежелу сипаттамалары және мұзда тікенектердің оңтайлы ілінісуі
  • Жаңғырған шудың болмауы
    Нәтиже: Жүргізу кезіндегі шудың төмен деңгейі және ыңғайлылық 
     
 

Мұз бен қардағы сипаттамалар

  • Ламельдер мен жырашықтардың ерекше қисыны
    Нәтиже: 
    + Тік және имек ламельдердің оңтайландырылған үйлесімділігі;
    + Көлденең бағытта ілінісудің қосымша жиектерін жасау.
 
 

Мақала пайдаланылатын материалдарcolesa.rugislaved-tires.commatador.su
 

Архив новостей

Отзывы

Отзывы
Оставить отзыв о сайте ВКонтакте Facebook

ФИО *:

Город *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки *:


Списибо, Ваш отзыв был отправлен.