Корзина пуста
Қазақша | Русский
 

Continental-дің 2016 жылға кеңейтілген кепілдігі

 
Кепілдіктің кеңейтілген талаптарына сәйкес, шинаны пайдалану кезінде қасақана жасалмаған зақымдану және бұдырының түсуі анықталған жағдайда, «Континентал Тайрс РУС» ЖШҚ (өзінің дистрибьюторлары мен авторландырылған сауда нүктелері арқылы) сатып алынған шинаны бір рет тегін жөндеуді (жөндеуге жататын жағдайда) немесе бір рет тегін ауыстыруды (жөндеуге жатпайтын жағдайда) міндетіне алады.
 
Расширенная гарантия Continental на 2016 год | Интернет-магазин Юнитайр  
Continental автомобиль шиналарына берілетін кепілдікке кеңейтілген талаптар стандартты Кепілдік Талаптарына толықтыру болып табылады және тесілу, кесілу, бүйір жағының шығуы кіретін механикалық әсерден пайда болған зақымдануларға ғана таралады. Бұған қоса, Кеңейтілген Талаптар бұдырлы шиналарға таралады және Сізді 3000 (үш мың) шақырым жүріс немесе Шинаны сатып алғаннан кейінгі екі ай ішінде (қайсысы бұрын болғанына қарай) бұдырының 10% түсіп қалған жағдайда бұдырдың түсуінен сақтандырады.
 
 

Кепілдікке кеңейтілген талаптар шинаның келесі сұрыпталымына таралады:

ContiCrossContact AT /LX/LX Sport/UHP/UHP E, ContiCrossContact LX 2ContiEcoContact 3ContiEcoContact 5ContiPremiumContact 2, ContiPremiumCont 2E, ContiPremiumContact 5ContiSportContact 2ContiSportContact 3ContiSportContact 5, ContiSportContact 5P, ContiSportContact 5 SUVContiCrossContact LX Sport,  ContiCrossContact UHP, ContiSportContact, Conti4X4SportContact, ContiEcoContact CP, ContiEcoContact EP,  ContiPremiumContact, ContiSportCont. Vmax, ContiTrac.
 
ContiIceContact HDContiVikingContact 6ContiIceContact 4x4 HDContiVikingContact 6 SUVCrossContact WinterIceContact 2IceContact 2 SUV, ContiWinterContact TS 760/780/790/790V/800/810/810S/830/830P/850,  ContiIceContact, ContiVikingContact 3, ContiVikingContact 5, CrossContact Viking, Conti4x4WinterContact.
 
Кеңейтілген талаптар SSR және ContiSeal шиналарына таралады.
 
 

1. Бағдарламаның негізгі талаптары

  • осы Бағдарламаның талаптары тұтынушы сауда ұйымында шинаны сатып алған сәттен бастап бір жыл ішінде әрекет етеді. Кепілдікке жүгіну сәтіне шина бұжыртабанының қалдық тереңдігі 4 мм кем болмауы тиіс.   
  • зақымданған шиналарды:   
 
а) жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ жеке мақсаты үшін;  
 
б) ұйымдар автопарктар үшін, пайдалану кезінде жоғары жүктеме түсетін* таксопарктарды, пошта, муниципалдық және коммуналдық қызметтерді, өзге мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, сатып алуы тиіс;     
  • зақымдану механикалық әсерден (мысалы, вандализм актілерінен, зақымданған шиналарды пайдалану талаптарын бұзу, өндірістік ақауды алмағанда, тесілу және/немесе кесілу, бүйір жағының шығуы) болуы тиіс және зақымданған шиналарды бұдан әрі қауіпсіз пайдалануға кедергі жасауы тиіс. Бұл жағдайда вандализм актісіне шинаны әдейі/қасақана бүлдіру немесе жою жатады:   
  • егер жоғарыда көрсетілген осы Бағдарламаның талаптары таралатын зақымданулар диаметрінде 6 мм асатын болса, шина ауыстырылады;  
  • 3000 (үш мың) шақырым жүріс немесе шинаны сатып алғаннан кейінгі екі ай ішінде (қайсысы бұрын болғанына қарай) бұдырының 10% түсіп қалған жағдайда, бұдырының түсуіне бағдарламаның күші таралады; 
  • сауда ұйымының күшімен жөнделген шинаға Бағдарламаның күші таралмайды.  
 
 

2. Бағдарламаға қатысатын Шиналарды сату тәртібі. Зақымданған шиналарды ауыстыру және жөндеу.

 
САТЫП АЛУШЫНЫҢ Бағдарламаға қатысуы кезінде сауда ұйымдары шиналарды сату кезінде әрбір түпкілікті тұтынушыға сатып алынған шинаның атауы көрсетілген тауар және касса чегін (екі чекті де ұсыну міндетті), сонымен бірге тиісті түрде толтырылған бірегей нөмірі бар, тұтынушы қол қойған және сауда ұйымының мөрі басылған кепілдік сертификатын ұсынады.  
 
Түпкүлікті тұтынушы сауда ұйымына зақымданған шинаны әкеп көрсеткен кезде сауда ұйымының өкілі ол шинаға Бағдарлама әрекеті таралатынына көз жеткізуі тиіс. Және де сауда ұйымының өкілі тұтынушыда Шинаның атауы көрсетілген тауар және касса чегінің (екі чектің де болуы міндетті), сонымен қатар САТЫП АЛУШЫНЫҢ немесе САТЫП АЛУШЫ уәкілеттік берген ұйымның мөрі басылған кепілдік сертификатының бар болуын тексереді. 
 
Шинаның және түпкілікті тұтынушы ұсынған құжаттардың осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетінін анықтап, сауда ұйымы зақымданған Шинаны жөндеу немесе оны ауыстыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. 
 
Шинаны ауыстыру туралы шешім қабылданған және сауда ұйымының қоймасында шинаның сол моделінің болмаған жағдайында, сипаттамасы мен сапасы бойынша ұқсас модельге ауыстырылады. Осы Бағдарлама шегінде шиналарды ауыстыру төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылады:
  • сауда ұйымының қоймасында зақымданған және ауыстырылуға жататын шинаға ұқсас шина болған жағдайда, түпкілікті тұтынушыға сауда ұйымының қоймасынан жаңа шина ұсынылады; 
  • сауда ұйымының қоймасында зақымданған және ауыстырылуға жататын шинаға ұқсас шина болмаған жағдайда, сауда ұйымы шина жеткізушілермен хабарласады. Өнім берушінің қоймасында қажетті шина болған жағдайда сауда ұйымы тапсырыс беріп, шинаның қоймаға жеткізілу дерегі бойынша зақымданған шинаны жаңасына ауыстырады;
  • сауда ұйымының және өнім берушінің қоймасында шина болмаған жағдайда, ауыстыру тәсілі мен тиісті өтемақы туралы шешім өнім берушінің сауда ұйымымен келісуі бойынша жеке тәртіпте жүргізіледі. 
 
Кеңейтілген кепілдік Бағдарламасының осы редакциясын өнім беруші өз қалауы бойынша Бағдарламаның жаңа редакциясын енгізу арқылы кез келген уақытта өзгерте алады.                 
 



ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.

 
ВотЭтоШины