Корзина пуста
Қазақша | Русский
 
 
Бесплатный ремонт или замена при случайном повреждении шины!
 
Шинаны бізден сатып алып, сіз біздің кез келген шина орталықтарымызда зақымданған шиналарды жөндеуге немесе ауыстыруға мүмкіндік беретін кепілдік аласыз.   
 
 
Условия предоставления гарантии у разных производителей имет свои особенности. Вы можете ознакомиться с ними подробнее:
 

Hakka- Nokian Tyres-тен кепілдік

MICHELIN-нің жылдық Кеңейтілген кепілдігі

Goodyear-дің Премиум Кепілдігі

Continental Кеңейтілген кепілдігі

 
Бұдан басқа, NOKIAN NORDMAN, TIGAR, BFGOODRICH, SAVA, GISLAVED, FULDA, MATADOR, BARUM, UNIROYAL брендтерінің шиналарына «Юнитайр кеңейтілген кепілдігін» сыйлыққа береміз!  
 
Кепілдік берілетін шиналар «Юнитайр кеңейтілген кепілдігі» арнайы мөрімен немесе сәйкес брендттің кепілдік белгісімен таңбаланған.
 
 

АВТОМОБИЛЬ ШИНАЛАРЫНА «ЮНИТАЙР КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕПІЛДІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ 

1. «Кеңейтілген кепілдік» қатысушылары:

«ЮНИТАЙР» ЖШС -  бұдан әрі «Кеңейтілген кепілдік» деп аталатын, төмендегі өндірушілер мен модельдердің автомобиль шиналарына «Кеңейтілген кепілдік» бағдарламасының ұйымдастырушысы.  «Шина Орталығы» – ҚР қалаларында төмендегі өндірушілер мен модельдердің автомобиль шиналарын бөлшек сатуды және орнатуды жүзеге асыратын Юнитайр сауда-сервистік орталығы. Сатып алушы – Шина Орталығында шинаны жеке тауар ретінде сатып алған, «Кеңейтілген кепілдік» бағдарламасының кепілдік талонын алған және сатып алынған шиналардың түпкілікті пайдаланушысы болып табылатын төмендегі өндірушілер мен модельдердің автомобиль шиналарын сатып алушы (жеке немесе заңды тұлға). 
 
 

2. Жалпы ережелер

«ЮНИТАЙР» ЖШС ұсынылған тізімге сәйкес автомобиль шиналарының жеке модельдеріне төменде берілген ережелерге сәйкес, бұдан әрі біріктіріліп «Кеңейтілген кепілдік» деп аталатын, қосымша кепілдік пен міндеттемелер береді.
 
«Кеңейтілген кепілдік» өндіруші ұсынатын, төмендегі өндірушілер мен модельдердің автомобиль шиналарына берілетін стандартты кепілдік талаптарына қосымша болып табылады, және шинаның тек пайдалану кезінде болған (шинаны жөндеу кезінде болған зақымданулардан басқа) зақымдануларына таралады.
 
«Кеңейтілген кепілдік» жеке тауар ретінде VIANOR Шина Орталықтарында сатып алынған және орнатылған шиналарға ғана таралады.    
 
«Юнитайр кеңейтілген кепілдігі» Сатып алушының «Кеңейтілген кепілдік» кезеңінде сатып алған төмендегі автомобиль шиналары модельдерінің барлық түрлері мен өлшемдеріне ғана таралады: 
 
NOKIAN NORDMAN:
 
 
TIGAR:
 
 
BF GOODRICH:
 
 
SAVA:
 
 
GISLAVED:
 
 
FULDA:
 
 
MATADOR:
 
 
BARUM:
 
 
UNIROYAL:
 
 
Сатып алушының зақымданған шинаны Шина Орталығына «Кеңейтілген кепілдік» бойынша жөндеуге/ауыстыруға немесе ақшалай өтемақы алу үшін өтініш білдіру кезеңі сатып алушының автомобиліне шинаны орнатқан күннен бастап бір жылды құрайды, ол туралы Кепілдік талонына жазылады, орнатушының қолымен және VIANOR Шина орталықтарының «Кепілдік талондары үшін» мөрімен расталады.
 
«Кеңейтілген кепілдік» талаптарына сәйкес Сатып алушының сатып алған шиналары пайдалану кезінде абайсызда зақымданған жағдайда,  «ЮНИТАЙР» ЖШС VIANOR Шина Орталықтары арқылы шинаны бір реттік тегін жөндеуді немесе бір рет ауыстыруды (шина жарамсыз болған жағдайда), немесе ақшалай өтемақы төлеуді (Шина Орталықтарының, «ЮНИТАЙР» ЖШС және шина өндірушінің қоймаларында ауыстыруға қажетті шина болмаған жағдайда) міндетіне алады.
 
Сатып алушыға ақшалай өтемақы 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей төленеді. Өтемақы сомасы Сатып алушының шинаны сатып алу кезінде төлеген, өтініш білдірген сәтіне тозу пайызына тең соманы алып тастағандағы төлем құжатының түпнұсқасы немесе көшірмесімен расталатын сомасына сәйкес келеді. Бұл жағдайда шинаның маусымдығына қарамастан, 100% деп жаңа шинаның бұжыртабанының суреті, 0% - 4 мм тең болатын бұжыртабанының тереңдігі саналады. Шинаны ауыстыру кезінде сонымен қатар оның тозу пайызы есепке алынады, және де клиент жаңа шинаны алған кезде зақымданған шинаның тозу пайызына барабар соманы қосымша төлейді.
 
«Кеңейтілген кепілдік» бойынша «ЮНИТАЙР» ЖШС міндеттемесі пайдалану кезіндегі  тек келесі зақымдануларға ғана таралады:
  • тесілу;
  • кесілу;
  • кедергіге шығу немесе шинаның шұңқырға түсуі нәтижесінде болған бүйір жағының шығуы; 
  • соққы салдарынан шинаның жарылуы.
 
«Кеңейтілген кепілдік» бойынша «ЮНИТАЙР» ЖШС міндеттемесі пайдалану кезіндегі келесі зақымдануларға таралмайды:
1) қасақана зақымдау (Сатып алушы немесе үшінші тұлғалар тарапынан вандализм актілері);  
2) дұрыс сақтамау салдарынан болған зақымданулар;  
3) жөндеу немесе үйлесімсіздігі салдарынан болған шинаның зақымданулары;  
4) өлшемі сәйкес келмейтін немесе зақымданған дискіні пайдалану салдарынан болған шинаның зақымдануы;  
5) жол-көлік оқиғасы салдарынан болған шинаның зақымдануы және автомобильдің шанағы немесе аспасының элементтерімен келтірілген зақымданулар;   
6) осьтік және радиалды соғу және/немесе шинаның үйлесімсіздігі;  
7) пайдалану ерекшеліктеріне байланысты және оның бітеулігін бұзбайтын шинаның зақымданулары:
  • дөңгелегін блоктау арқылы шұғыл тежеу кезіндегі шинаның бірқалыпты тозбауы,
  • көлік құралының аспа тораптарының ақауы кезіндегі бірқалыпты тозбауы, 
  • дөңгелекті орнату бұрышын дұрыс реттемеген кездегі бірқалыпты тозбауы, 
  • тиісті қысыммен пайдаланбаған кездегі бірқалыпты тозбауы, 
  • жүргізу мәнеріне байланысты тозу, 
  • пайдалану қасиетін жоғалтуға әкеп соқпайтын жеңіл-желпі зақымданулар;
 
8) шиналарды пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан болған шинаның зақымданулары:
  • маусымға сәйкес келмейтін шиналарды пайдалану (ауа температурасы +7С төмен болған жағдайда - қысқы шина, ал +7С жоғары болған жағдайда жазғы шина қолданылуы тиіс), 
  • сол автомобильді пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген түрі мен өлшемі, жүктеме индексі мен жылдамдық индексін, шинаның ішкі қысымын сақтамау;
 
9) қысымы жоғалған кезде пайдаланған шиналар, яғни, бүйірі жыртылған, жыртылған, үгітілген, ішкі бітеу қабаты балқыған, қысымын жоғалту шинаның механикалық зақымдануынан болса да.*
10) бұдырының түсуі;
11) шуыл деңгейі;
12) бұрын жөнделген шиналар; 
13) бұжыртабанының қалдық тереңдігі 4 мм кем болатын шиналар; 
14) жанар-жағармай материалдары, химикаттар, от әсерінен болған зақымданулар; 
15) табиғи апат (су тасқыны, жер сілкінісі, дауыл) салдарынан болған зақымданулар; 
16) экстремалды жағдайда (спорттық шараларға немесе шоу-бағдарламаларға қатысу) пайдалану салдарынан болған зақымданулар; 
17) көлік құралын мәжбүрлі тоқтатуға бағытталған құқық қорғау органдары өкілдері немесе басқа тұлғалардың әрекеті салдарынан болған зақымданулар.
 
«Кеңейтілген кепілдік» бойынша «ЮНИТАЙР» ЖШС міндеттемесі өтеусіз (сыйлыққа) алынған, бұдан бұрын «Юнитайр кеңейтілген кепілдігі» бағдарламасы бойынша ауыстырылған, сонымен қатар Юнитайр сервистік орталығында орнатылмаған шиналарға таралмайды.
 
«Кеңейтілген кепілдік» бойынша «ЮНИТАЙР» ЖШС міндеттемесін орындаудың міндетті талабы Сатып алушыда төмендегілердің болуы болып табылады:
 
1. Сатып алушының сатып алған шиналары туралы ақпарат енгізілген, дұрыс толтырылған «Кеңейтілген кепілдіктің» Кепілдік талонының болуы. Осы талонды Сатып алушы шинаны сатып алған кезде Шина Орталығынан алады, шинаның DOT-коды орнату кезінде толтырылады және мөрмен расталады.
 
Талонға міндетті түрде енгізілуі тиіс: 
  • Сатып алушының аты-жөні (жеке тұлға үшін) немесе Сатып алушының атауы (заңды тұлға үшін), 
  • шинаның маркасы, моделі және түрі мен өлшемі,  
  • шинаның DOT коды, 
  • сатып алу күні, 
  • Шина Орталығының атауы, сонымен қоса оның мекенжайы, 
  • сервис орталығының «Кепілдік талондары үшін» мөрі, 
  • «Кеңейтілген кепілдік» талаптарымен танысып, келісетінін растайтын Сатып алушының (жеке тұлға үшін) немесе Сатып алушы өкілінің (заңды тұлға үшін) қолы.
 
2.  Тауар жүкқұжаты (заңды тұлға үшін). Осы құжаттарда сатып алу күні, моделі, түрі мен өлшемі және шинаның құны туралы ақпарат болуы тиіс.
 
Зақымданған шиналарды тексеру және жөндеу немесе ауыстыру туралы шешім қабылдау ҚР аумағындағы кез келген «ЮНИТАЙР» ЖШС Шина Орталықтарында жүргізіледі.
 
Шина Орталықтарының мекенжайы, «Кеңейтілген кепілдік» туралы ақпарат  «ЮНИТАЙР» ЖШС – ның ресми www.unityre.kz сайтында берілген. 
 
3. Әрекет ету ережелері мен тәртібі.
3.1. Сатып алушы
«Кеңейтілген кепілдік» таралатын шинаның пайдалану кезіндегі зақымдануы анықталған жағдайда, Сатып алушы шинаны жөндеу үшін, ал жөндеуге жатпайтын жағдайда – ауыстыру немесе ақшалай өтемақы төлеу (егер ауыстыру мүмкін болмаса) үшін, шинаны сатып алған күннен бастап бір жыл ішінде «Юнитайр» ЖШС кез келген Шина Орталықтарына өтініш білдіруге құқылы.  
 
Сатып алушы Шина Орталығының шинаның зақымдануын бағалау қорытындысына келіспеген жағдайда, Сатып алушы тәуелсіз сараптама жасауға құқылы. Егер сараптама  қорытындысы шинаның зақымдануы 7.8-тармақтарда сипатталған шинаны пайдалану Ережелерін бұзумен байланысты болмаса, «ЮНИТАЙР» ЖШС сараптама шығындарын өтейді.
 
Сатып алушының міндеттері  
Сатып алушы шинаны пайдалану ережелерін сақтауға міндетті:
  • маусымға сәйкес шиналарды пайдалану (ауа температурасы +7С төмен болған жағдайда - қысқы шина, ал +7С жоғары болған жағдайда жазғы шина қолданылуы тиіс); 
  • сол автомобильді пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген түрі мен өлшемі, жүктеме индексі мен жылдамдық индексін сақтау;  
  • шиналарға қасақана зақым келтірмеу; 
  • Шина Орталығы қызметкерлеріне зақымданған шинаны беру және оны тексеруге кедергі келтірмеу; 
  • Сатып алушы – жеке тұлға өзінің жүргізуші куәлігін көрсетуге міндетті; 
  • Сатып алушының – заңды тұлғаның өкілі жеке басын куәландыратын құжатынан басқа Сатып алушы – заңды тұлғамен өзінің атына тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынуы тиіс. Осы сенімхат өкілге Сатып алушы -  заңды тұлғаның атынан орындау міндетін «Кеңейтілген кепілдік» талабы бойынша Сатып алушыға жүктеуі тиіс, соның ішінде барлық қажетті құжаттарға қол қою құқығымен, барлық нақты және заңды әрекеттерді жүзеге асыру құқығын беруі тиіс.
 
3.2. Шина Орталығы
 «Кеңейтілген кепілдік» бойынша Сатып алушы өтініш білдірген кезде Шина Орталығы:
  • сатып алу күні мен шинаның моделінің, өлшемі мен DOT-кодының ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді (сәйкессіздігі анықталған немесе құжаттарды ұсынбаған жағдайда, ауыстыру немесе жөндеу жүзеге асырылмайды); 
  • бұдан кейін Шина Орталығы зақымдануды бағалап, жөндеу немесе шинаны ұқсас модельге және өлшемге ауыстыру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды (даулы немесе қиын жағдайда сараптама 20 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жасалуы тиіс);  
  • жөндеу шина бұжыртабанының тесілуінің диаметрі 6 мм аспаған жағдайда ғана жүргізіледі; 
  • жөнделген немесе ауыстырылған шинаға «Кеңейтілген кепілдік» таралмайды және кепілдік талоны берілмейді; 
  • егер зақымданған шина моделі  өндірістен алынған болса, «ЮНИТАЙР» ЖШС немесе шина өндірушінің қоймасында болмаса, «Юнитайр» ЖШС Сатып алушыға өтініш білдірген күніне тозу пайызына тең болатын соманы алып тастап, Сатып алушы сатып алған кезде төлеген зақымданған шинаның қалдық құны
  • мөлшерінде ақшалай өтемақы төлейді;   
  • зақымданған шинаны ауыстырған немесе ақшалай өтемақы алған жағдайда, Сатып алушы зақымданған шинаны «Юнитайр»  ЖШС-ға пайдаға жарату үшін беруге міндетті.
 
Шинаны сату кезінде Шина Орталығының қызметкерлері:
  • Сатып алушыларға «Кеңейтілген кепілдік» ережелерін түсіндіруге; 
  • Сатып алушыларға шинаның «Кеңейтілген кепілдік» әрекеті таралатын зақымдануы кезінде олардың әрекетін түсіндіруге;   
  • Сатып алушыға тікелей сатып алу кезінде мөр басылған және Шина орталығы қызметкерінің қолы қойылған толтырылған «Кеңейтілген кепілдіктің» кепілдік талонын, сонымен қоса шинаны сату жүкқұжатын беруге; 
  • Егер шиналар бірнеше автомобильдер үшін сатып алынса, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы көрсетілген және мөр басылған, Шина Орталығы қызметкерінің қолы қойылған, сатылған шиналардың DОТ-кодтарының тізімі қоса берілген бір «Кеңейтілген кепілдік» талонын беруге; 
  • шинаны Шина Орталығында орнатқаннан кейін талонға орнатылған шиналардың DOT-кодын енгізіп, «Кепілдік талондары үшін» мөрін басуға міндетті.
 
 
«Кеңейтілген кепілдік» талаптарының әрекеті
«Кеңейтілген кепілдіктің» осы талаптары 2014 жылғы 01 сәуірден бастап күшіне енеді және осы талаптармен белгіленген шиналарға берілген «Кеңейтілген кепілдіктің» жылдық мерзімі өткенге дейін әрекет етеді. 
 
Бесплатный ремонт или замена при случайном повреждении шины



ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.