RU
Казахстан
Казах...
0

Goodyear-дің премиум-кепілдігі


Қазақша | Русский
 

Goodyear-дің премиум-кепілдігі 

Қасақана зақымдамаған кездегі тегін жөндеуге немесе ауыстыруға берілетін кепілдік

 
Goodyear шиналарына берілетін Премиум Кепілдік стандартты кепілдік талаптарына толықтыру болып табылады. 
 
Премиум Кепілдік шинаны сатып алған кезден бастап 1 (бір) жыл ішінде әрекет етеді және төмендегілерге таралады:
  • «Премио» шина-сервис орталықтарында және Goodyear Серіктестігі Бағдарламасының шина-сервис қатысушы-орталықтарында (орталықтар тізімін www.goodyear.ru және www.premio.ru сайттарынан қараңыз) сатып алынған Goodyear жолаушы шиналарының барлық модельдеріне (жеңіл коммерциялық көлікке арналған шиналардан басқа);
  • Бұжыртабанының қалдық тереңдігі 4 мм кем болмайтын шиналарға.
 
Goodyear  Премиум Кепілдігі бағдарламасы шегінде шина-сервис орталығы (бұдан әрі – Шина орталығы) әрбір сатып алынған Goodyearтобының шинасына шинаның тесілуін, кесілуін, жарылуын және бүйірінің шығуын қоса алғанда, зақымдану қасақана жасалған жағдайлардан басқа (сатып алушы немесе үшінші тұлғалар тарапынан вандализм актісі), шинаның пайдалану кезіндегі зақымдануы анықталған жағдайда бір тегін жөндеу жүргізуді (жөндеуге жататын жағдайда) немесе жаңасына бір тегін ауыстыруды (жөндеуге жатпайтын жағдайда) міндетіне алады.
 
Премиум гарантия Goodyear | Интернет-магазин Юнитайр
 
Goodyear  Премиум Кепілдігі бағдарламасына шинаның жөндеу немесе монтаждау кезінде болған зақымдануы, сонымен қатар пайдалану ерекшелігіне: шинаның бірқалыпты тозбауы, жүргізу мәнеріне, жол төсемінің ерекшелігіне байланысты тозуы, пайдалану қасиетін жоғалтуға әкеп соқпайтын бет жағындағы косметикалық зақымданулары және т.б. жататын жағдайлар кірмейді. Кепілдік бұдан бұрын жөнделген шиналарға берілмейді. Бұдырлардың түсіп қалуы және/немесе шуыл деңгейінің  көбеюі кепілдік жағдайы болып табылмайды.
 
Сатып алушы сол шина сатып алынған Шина орталығына осы Шина орталығының мөрі басылған кепілдік сертификатын, сатып алу мерзімі, шинаның моделі мен өлшемі көрсетілген тауар немесе касса чегін (заңды тұлғалар үшін - тауар жүкқұжатын) ұсына отырып, зақымданған шинаны ұсынады.  Шина орталығының қызметкерлері сараптама жасап, шинаны жөндеу мүмкіндігі немесе оны ұқсас модельге және өлшемге ауыстыру туралы қорытынды жасайды. Шина орталығы кепілдік жағдайы бойынша шинаны экономикалық жағынан негізделген, алайда 90 күннен аспайтын, мерзімде ауыстыруға міндетті.
 
Ауыстырылған шинаға Премиум Кепілдік таралмайды және кепілдік сертификаты берілмейді.
 
Жөндеуден немесе ауыстырудан кейін сатып алушыға кепілдікті қызмет көрсету Актісінің көшірмесі беріледі.
 
 

Кепілдік берілетін модельдер тізімі

 
 
 
 
«Goodyear Премиум Кепілдігі» бағдарламасының талаптары туралы толық ақпаратты www.goodyear.ru және www.premio.ru сайттарынан алуға болады.
 

Отзывы

Отзывы
Оставить отзыв о сайте ВКонтакте Facebook

ФИО *:

Город *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки *:


Списибо, Ваш отзыв был отправлен.