Корзина пуста
Қазақша | Русский
 
Хакка-гарантия. Бесплатный ремонт или замена при повреждении шины.
 

Nokian Tyres-тен (Hakka-Кепілдік) кеңейтілген кепілдік — шинаны тегін жөндеу немесе ауыстыру

Сіз Nokian шинасын Кеңейтілген кепілдікпен сатып аласыз – біз оны кездейсоқ зақымданған жағдайда тегін ауыстырамыз!

 
Кеңейтілген кепілдік Nokian Tyres шиналарының стандартты кепілдік талаптарына толықтыру болып табылады. Бұл өндіруші компанияның Nokian Tyres шиналарының жоғары сапасын растайтын бірегей бағдарламасы.
 
Nokian Tyres шиналарына берілетін кеңейтілген кепілдік стандартты кепілдік талаптарына толықтыру болып табылады. Nokian Tyres шиналарын  қасақана зақымдамаған жағдайда әрбір зақымданған шинаны тегін жөндейді, ал жөндеу мүмкін болмаса – жаңасына ауыстырады. Шинаның көптеген модельдеріне Мерзімі шектелмеген Кеңейтілген кепілдік таралады.
 
 

2016 жылға Кеңейтілген кепілдік бағдарламасының ережелері

Кеңейтілген кепілдік бағдарламасы 2016 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін сатып алынған шиналарға таралады. Шина модельдеріне қатысты Тұтынушының Кеңейтілген кепілдік бойынша құқығының көлемі төмендегідей ажыратылады:
 
Шина моделі
Кеңейтілген кепілдік бойынша Тұтынушы құқығының көлемі
Nokian WRD4
Nokian WR SUV3
Nokian WRA3

Мерзімі шектелмеген Кеңейтілген кепілдік

Тұтынушыға осы Кеңейтілген кепілдік талаптарына сәйкес сатып алған кезден бастап мерзімі шектелмеген уақыт ішінде 1 (бір) рет тегін жөндеуге (егер ол жөндеуге жарайтын болса) және  сатып алған кезден бастап мерзімі шектелмеген уақыт ішінде 1 (бір) рет тегін зақымданған шинаны жаңасына ауыстыруға (егер шина жөндеуге жатпайтын болса) мүмкіндік береді.  
 
Мерзімі шектелмеген Кеңейтілген кепілдік шегінде шинаны шешу және орнату үшін қажетті дөңгелек жөндеу жұмыстарын Тұтынушыдан төлем алмай авторландырылған сауда нүктелері орындайды.
 
Nokian Nordman RS 2

Кеңейтілген кепілдік

Тұтынушыға шина  зақымданған жағдайда сатып алған кезден бастап бір жылдың ішінде 1 (бір) рет (егер шина жөндеуге жатпайтын болса) Тұтынушы өтініш білдірген кезде Авторландырылған сауда нүктесінде көрсетілген бағадан 50% жеңілдікпен жаңа шина сатып алуға мүмкіндік береді.
 
Басқа модель шиналарын сатып алу үшін     Кеңейтілген кепілдік шегінде жеңілдік қарастырылмайды.
 
Тұтынушы өтініш білдірген кездегі Кеңейтілген кепілдік бойынша жеңілдіктің Авторландырылған сауда нүктесі жүргізетін басқа жеңілдіктер мен науқандарға қосылу-қосылмауы туралы шешімді Авторландырылған сауда нүктесі жеке қабылдайды.
 
Кеңейтілген кепілдік зақымдану қасақана жасалған (Тұтынушы немесе үшінші тұлғалар тарапынан вандализм актілері) жағдайлардан басқа тесілу, 6 мм асатын кесілу/жыртылу және бүйір жағының шығуы сияқты  тек пайдалану кезіндегі зақымдануларға таралады. Егер шинаны жөндеуге болатын болса, онда Тұтынушы шинаны Авторландырылған сауда нүктесімен қатар сервистің кез келген басқа нүктелерінде де жөндей алады.
 
Кеңейтілген кепілдік шегінде шинаны шешу және орнату үшін қажетті дөңгелек жөндеу жұмыстарын Тұтынушы өзі төлейді және Авторландырылған сауда нүктесімен қатар сервистің кез келген басқа нүктелерінде орындалады.
 
Nokian Nordman 5, Nokian Nordman 5 SUV, Nokian NordmanR S, Nokian Nordman RS2 SUV шиналарының жөндеу құнын тұтынушы өзі төлейді. 
 
 
Кеңейтілген кепілдік сонымен қатар осы модельдердің Run Flat немесе Flat Run технологиясы бойынша шығарылған шиналарына да таралады.   
 
Кеңейтілген кепілдік тесілу, кесілу/жыртылу және бүйір жағының шығуы сияқты  тек пайдалану кезіндегі зақымдануларға таралады.    
 
Кеңейтілген кепілдік жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зақымданған шиналарға таралады.  
 
Кеңейтілген кепілдік сыйлыққа алынған шиналарға таралмайды.
 

Келесі жағдайларда Кеңейтілген кепілдік берілмейді:

1) шинаны қасақана зақымдау (тұтынушы немесе үшінші тұлғалар тарапынан вандализм актісі);  
2) дұрыс сақтамау салдарынан болған шинаның зақымдануы;  
3) жөндеу кезінде немесе теңгеру жүгін орнату кезіндегі шинаның зақымдануы;  
4) шинаға сәйкес келмейтін құрсауды немесе ақаулы құрсауды пайдалану нәтижесінде шинаның зақымдануы;   
5) пайдалану ерекшелігіне байланысты және оның бітеулігін бұзбайтын шинаның зақымдануы. Мұндай зақымдануға келесілер жатады: дөңгелекті блоктау арқылы шұғыл тежеу кезіндегі шинаның бірқалыпты тозбауы, көлік құралының аспа торабының ақауы кезіндегі бірқалыпты тозбауы, дөңгелекті орнату бұрышын дұрыс реттемеген кездегі бірқалыпты тозбауы, тиісті қысыммен пайдаланбаған кездегі бірқалыпты тозбауы, жүргізу мәнеріне байланысты болған тозу, жол төсемінің ерекшелігіне байланысты болған тозу, пайдалану қасиетін жоғалтуға әкеп соқпайтын жеңіл-желпі зақымданулар;   
6) шинаны пайдалану ережелерін сақтамаудан болған шинаның зақымданулары: Қазақстан Республикасының климаттық жағдайын ескере отырып, маусымға жарамды шинаны қолданбау, өлшемін, жүктеме индексін және жылдамдық индексін, шина орнатылған автомобильдің пайдалану нұсқаулығында көрсетілген шинаның ішкі қысымын сақтамау;  
7) шинаны қысымсыз пайдаланудан болған зақымданулар, яғни шинаның бүйір жағы мен борттық бөлігінің бұжыртабанынан және шинаның басқа да қосымша элементтерінен жартылай немесе толық ажырауы сияқты бүйір жағының жыртылуы бар шиналар, жыртылуы, қысымның жоғалуы бастапқыда механикалық зақымданудан болса да қысымсыз пайдаланудан болған ішкі герметикалық қабатының үгітілуі, балқуы;   
8) жанар-жағармай материалдары, химикаттар, от әсерінен болған шинаның зақымдануы;  
9) шинаның сырғанауға қарсы бұдырының түсуі;  
10) тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың бағалауы бойынша пайдалану кезіндегі шуылының жоғары деңгейі;  
11) тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың бағалауы бойынша пайдалану кезіндегі шинаның төмен ілінісу қасиеті;  
12) шинаның дірілі, шинаның осьтік және/немесе радиалды соғуы және/немесе шинаның үйлесімсіздігі;  
13) шинаны Авторландырылған сауда нүктесінде жөндемеу;  
14) Авторландырылған сауда нүктесінде жасалмаған жөндеу кезінде болған ақаудан шинаның зақымдануы;  
15) табиғи апат (су тасқыны, жер сілкінісі, дауыл) салдарынан болған шинаның зақымдануы;  
16) экстремалды жағдайда (жарыс, дрифтинг және т.б. қатысу) пайдалану салдарынан болған шинаның зақымдануы;   
17) көлік құралын мәжбүрлі тоқтатуға бағытталған құқық қорғау немесе басқа органдар өкілдерінің әрекеті нәтижесінде болған шинаның зақымдануы;  
18) бұжыртабанының қалдық тереңдігі 4 мм кем болатын шинаның зақымдануы;  
19) Кеңейтілген кепілдік шегінде бұдан бұрын ауыстырылған немесе 50% жеңілдікпен сатып алынған шиналардың зақымдануы;  
20) тұтынушының құжаттар жиынтығын толық ұсынбауы;  
21) тұтынушының Авторландырылған сауда нүктесінің құжаттарда тапқан сәйкессіздікті түсіндіруден бас тартуы, сонымен қатар бұл жөнінде түсіндірме хат жазудан бас тартуы.  
 
 

Тұтынушыға Кеңейтілген кепілдік берудің міндетті талаптары: 

1. Тұтынушы Nokian Tyres (№5 қосымша) шинасын сатып алу кезінде Кеңейтілген кепілдікке Қатысушыдан алатын шинаға (шина жиынтығына) берілген дұрыс толтырылған Кепілдік талонының болуы.  Кепілдік талоны ұқыпты, дұрыс және толық толтырылуы. Кепілдік талонында міндетті түрде Тұтынушының аты-жөні; шина сатып алынған автомобильдің маркасы, моделі, мемлекеттік нөмірі немесе  автомобильдің VIN нөмірі; Тұтынушының ұялы телефонының нөмірі және электронды поштасының адресі; шинаның моделі, өлшемі және коды (DOT жазбасынан кейін 8 таңба), ХАККА Кепілдік Қатысушысының мөрі, Тұтынушының осы Кеңейтілген кепілдік талаптарымен сатып алғанға дейін танысқанын және жеке деректерін өңдеуге және Кеңейтілген кепілдікті беру үшін көрсетілген ақпаратты тексеруге келісімін беретінін растайтын қолының болуы; 
 
2. Тұтынушының шинаны қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз сатып алуын растайтын дұрыс ресімделген Құжаттардың болуы. Сатып алу дерегін растайтын Құжаттар ұқыпты, дұрыс және толық толтырылуы және онда шинаны сатып алу орны мен күні, шинаның моделі мен өлшемі, шинаның құны  туралы ақпарат болуы тиіс.    
 
Кеңейтілген кепілдік талонында деректердің барлық немесе бір бөлігі болмаған жағдайда, Авторландырылған сауда нүктесі Тұтынушыға кеңейтілген кепілдік шегінде тегін жөндеуден және (немесе) шинаны ауыстырудан бас тартуға және кеңейтілген кепілдік шегінде қызмет көрсетуді заңсыз деп тануға құқылы.   
 
Толық ақпарат —  +7 727 291-75-00, +7 727 293-89-38 телефондары бойынша.
 
Сонымен қатар "Юнитайр Кеңейтілген кепілдігі" таралатын модельдер тізімін қараңыз.



ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.

 
СКИДКИ — Ко Дню Первого Президента!
ВотЭтоШины