Корзина пуста

Қазақша | Русский

 

 

Сезонное хранение шин и дисков

 

 

ШИНАЛАРДЫ ЖӘНЕ ДИСКІЛЕРДІ МАУСЫМДЫҚ САҚТАУ

 

 

Шиналарды немесе дискілерді сақтайтын жер жоқ па? Шешім бар! Барлық орталықтарда «Шиналарға арналған отель» - шиналар мен дискілерді маусымдық сақтау қызметі ұсынылады.

Алынып тасталған шиналар мен дискілерді шинаны монтаждау жасалған соң бірден сақтауға қалдыра аласыз. Маусым аралығында шиналарды жеңілдікпен қолайлы бағада сатып алдыңыз ба – оларды қажет болғанша бізде сақтауға қалдыра тұруыңызға болады. Шиналарды бізде сатып алған жоқсыз ба – бәрібір әкеле беріңіз, біз оларды сақтауға қуана-қуана қабылдаймыз.
 

VIANOR-дан шина сервисі – бұл жан-жақты ыңғайлылық.  Егер сіз VIANOR клиенті болсаңыз, ештеңеге де қолыңызды тигізбеуіңізге болады, барлық жұмыстарды біздің қызметкерлер орындайды.


Автокөлік шиналарын немесе дискілерді маусымдық сақтауға қабылдағанда «Юнитайр» компаниясы клиентпен келесі талаптармен шарт жасасады:

 

 

 

 

Автошиналарды сақтау шарты

 

  • Мүлікті сақтауға қабылдағаннан кейін және Шарт бойынша 100% алдын-ала төлем жасаған соң ОрындаушыТапсырыс берушіге Шарт пен қабылдау-тапсыру Актісінің түпнұсқасын береді;

  • Орындаушының Тапсырыс берушіге осыдан кейінгі мүлікті беруі Тапсырыс берушінің осы Шартты, Қабылдау-тапсыру актісін, сондай-ақ жеке тұлғаны куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Сонымен бірге Тапсырыс беруші мүлікті қабылдауды мүлікті қабылдауға сәйкес өкілеттік көрсетілген нотариалды расталған сенімхат болған жағдайда ғана өзінің өкіліне тапсыруға құқылы.

  • Мүлікті сақтау бойынша қызметтері үшін Тапсырыс беруші Орындаушыға мүлікті сақтауға бберу кезінде орнатылған бүкіл уақыт мерзіміне бір толық және /немесе толық емес ай үшін шина үшін 375 теңге және құралған доңғалақ үшін 500 теңге (ҚҚС қоса) есебіндегі соманы төлейді;

  • Тапсырыс беруші мүлікті талап ету күнін 3 айдан астам уақытқа кешіктірген жағдайда Орындаушы мүлікті залалдың орнын толтырусыз кәдеге жарату құқығын өзіне қалдырады;

  • Тапсырыс беруші мүлікті белгіленген мерзімде талап етпеген жағдайда мүлікті сақтау үшін айлық төлем 100% ұлғаяды, яғни әрбір келесі толық және/немесе толық емес айға шина үшін 750 теңгеге және дискілі шинаға 1000 теңгеге тең болады.

  • Тапсырыс берушінің бастамасымен сақтау уақыты белгіленген мерзімнен ерте аяқталған жағдайда, Тапсырыс беруші бұл туралы Орындаушыға аз дегенде 3 тәулік ішінде хабарлауға міндеттенеді, сонымен бірге, Орындаушы Тапсырыс берушіге орындалмаған сақтау мерзімі үшін сома айырмашылығын өтемейді;

  • Тапсырыс беруші мүлкін Орындаушының қоймасынан жеткізу Тапсырыс берушінің шартта көрсетілген телефондар бойынша сәйкес хабарландыруымен 2 (екі) тәулік ішінде жүзеге асырылады;

  • Орындаушы Тапсырыс беруші мүлкінің сақталуына кепілдік береді;

 

Осы Шарт оған қол қойған күннен бастап өз күшіне енеді.

 

 


Дөңгелек жөндеу қызметті

VIANOR қызметтерінің прайс парағы




ФИО *:

Водительский стаж:

Род занятий:

E-mail *:

Отзыв *:

Введите код с картинки*:

Списибо, Ваш отзыв был отправлен.